Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет32/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

1.3. КІНДІК ЖАРЫҚТАРЫ - Hernia umbilicalis
Жарықтың түрлері. Кіндік бауының жарығы. Балалардың, ересектердің кіндік жарығы


Кіндік жарықтары кіндік (сақинасынан) шеңберінен шығады. Кіндік шеңбері қатты, қозғалыссыз тіндерден құралады. Кіндік жарықтары барлық жарықтардың 5% құрайды.
Жарықтың келесі түрлерін бөледі: кіндік бауының іштен пайда болатын жарығы, балалардың жүре пайда болатын кіндік жарығы, ересектердің кіндік жарығы.
1) Кіндік бауының іштей пайда болатын жарығы іштің алдыңғы бетінің кемістігі 3000-5000 нәрестенің біреуінде кездеседі. Бұның жарық қапшығы жоқ. Сондықтан оны айқын жарық деп атауға да болмайды. Іш қабырғасының кемістігі (жыртығы, саңылауы) арқылы кіндіктен жоғарыда амнионды қабыршақпен жабылған іш мүшелері көрініп тұрады.
Мұндай кемістікпен туған нәрестелердің көпшілігі перитониттен қайтыс болады. Инфекция сырттан кемістік арқылы енеді. Кішкене кемістіктер тыртықтанып жазылады.
Аумақты кемістіктер жедел операциямен жойылса, мұндай кемістіктермен нәрестелер сауығып жақсы өседі. Операция екі тәсілмен орындалады: кемістіктің қатты тіндерін және кемістіктің бетін жабатын қабыршақ кесіліп алынып жараның шеттері бір бірімен тігіледі.
Екінші (Ольгаузен) тәсілінде ішперде кесіліп алынбайды, оны ішке батырып кемістіктің шеттері бір біріне тігіледі.
2) Балалардың кіндік жарығы - кіндік жарасының нашар жазылуында ерте байқалады. Бұл жарықтардың аумағы кішкене, олар оңай ішке енгізіледі, жарық қапшығы жұқа, жұмсақ, жарық, сирек қысылады.
3) Ересектердің кіндік жарығы - көп бала тапқан және семіз әйелдерде - кішкене түйіншектен өте үлкен "ісікке" дейін өседі. Жарық қапшығы бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін, көбінесе жарық орнына түспейтін жөне қысылған болады. Жиі копростаз береді және іштің тік бұлшық еттерінің айырылуымен бірге кездеседі.
Кіндік жарықтарының диагнозын анықтау қиын емес. Тек өте семіз ауруларда қиындық байқалады. Кіндік жарықтары жиі қысылады. Егер шарбы майы қысылса аз уақытта оның шіруі жарық флегмонасына әкеледі. Шарбының қысылуы жедел емес, ұзақ уақыт бойы дамиды. Сондықтан оған ауруда, дәрігерде көңіл бөлмеуі мүмкін. Бұл диагноздың кешігіп анықталуына, оған байланысты операцияның кешігуіне соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет