Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет35/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

1.4. ОПЕРАЦИЯДАН СОҢҒЫ ЖАРЫҚТАР (Hernia postoperativa) Операциядан соңғы тыртықтың жарығы көбінесе аппендэктомиядан соң байқалады. Әсіресе деструктивті аппендиксті алып тастағаннан кейін және тығын, дренаж қолданылғаннан соң пайда болады. Операцияны орындауға себеп болған аурудың түрі онша маңызды емес. Ең маңызды себеп қабыну үрдісі және ішті жара арқылы дренаждау, тығындау.
Жарықтың бұл түрінде жарық қақпасы операциядан соңғы тыртықта. Кейде қақпа кішкене жіңішке (аппендэктомия операциясынан кейінгі), кейде дөңгелек және үлкен аумақты, кейде белгілі формасыз. Қақпа шеттері қатты, тыртықтанған тіндерден тұрады. Кейде жарық қақпасын іштің тік бұлшық еттері құрайды. Операциядан соңғы жарықтың бетін жарық қапшығымен жабысқан тыртық тіндері жабады. Кейде бұл тыртық тіндер ішкі мүшелерге де жабысады. Кейбір аурулардың тыртықтанған терісінде жаралар байқалады. Кейде жарық қапшығы жоқ - іш мүшелері тікелей тыртықтанып өзгерген терімен жабылады. Ал қейде жарық қапшығы бірнеше бөлек камералардан құралады. Жарық операциядан соңғы алғашқы 5-6 айда басталады. Бұл жараның ұзақ уақыт толық жазылмағандығын дәлелдейді. Егер жара екіншілік бітіспен жазылса - жаңа тіндер созылып жарықтың пайда болуына қажетті жағдай туады. Жарық пайда болуына жараны тігудің, әсіресе фасциямен апоневрозды жақсылап жібек жібімен тігудің маңызы зор. Тігін жіптеріне қоса жарық басталуына әр түрлі жалпы асқынуларда (қолқа, өкпе қабынулары, жөтел, іш кебуі ) әсер етеді.
Операциялық жараның бағыты да өте маңызды. Мысалы холецистэктомияда қолданылатын Кохер-Федоровтың қиғаш тілігінде іш бетінің бұлшық еттері, шандыры жарақаттанатындығынан операциядан соңғы жарық жиі байқалады.
Жарықтың аумағы кейде кішкене, кейде өте үлкен. Ауру адамның іші ауырады, толады, сыздайды. Кейбір ауруларда диспепсиялық көріністер - лоқсу, ішінің өтуі байқалады. Аурулардың көпшілігінде ішкі мүшелердің ауыр жабысқақтануы орын алады. Бұл қан тамырлары және жүйенің қысып ауыру сезімін күшейтеді. Жабысқақтардың созылуы, жабысқан мүшелердің тартылуы, бұралуы, қысылуы, аталған шағымдармен сезімдерді күшейте түседі. Мұндай аурулар наркотиктер қабылдауға мәжбүр болады.
Диагнозды анықтау киын емес. Көзбен іштің деформациясы және іш бетінің тыртығы көрінуінің өзі диагнозды анықтайды. Бірақта бұл "ісікте" қандай іш мүшесі барлығын, оның жағдайын, іштегі бұзылыстарды, оларға байланысты жедел немесе жоспарлы операция қажеттілігін, операция үстінде қандай қиындықтар кездесетінін шешу қажет. Бұл сұрақтарды шешу үшін ішек-қарынның рентгенографиясы жасалады.
Операциядан соңғы жарық тек операциямен емделеді. Консервативті ем еш нәтиже бермейді.
Өте үлкен жарығы бар науқасты операцияға дайындағанда күніне бірнеше сағат оларды шалқасынан жатқызып, жарықты орнына түсіріп, үстін құмды жастықпен бастырып қояды. Бұның қажеттігі келесі жағдаймен байланысты. Операциядан кейін орнына салынған жарық ішіндегі мүшелер іш қысымын көтереді. Ал бұл жүрек және тыныс мүшелерінің жағдайына әсер етеді. Аталған және басқаша даярлықтардан өткен науқаста операциядан соңғы кезеңдегі асқынулар сирек кездеседі. Науқасты төсекте жатып зәр және дәрет шығаруға үйрету керек. Жалпы даярлық барлық лапаротомияға дайындаудағыдай (ванна, тазарту клизмасы, операция жасалатын аймақтың шашын, түгін қыру) орындалады. Жарықтың орналасқан орнына, аумағына байланысты операция техникасы бір бірінен өзгеше болады. Кейбір жарықтарда (мысалы, аппендэктомиядан соңғы) іштің бетінің әр бір қабаттары қайта құралады. Ал жарық қапшығы алынып тасталады.
Егер жарықпен қоса іштің тік бұлшық еттерінің ажырауы байқалса, оларды бір біріне тігу қажеттігі туады. Кейде бұған қоса Сапежко тәсілімен іш қабырғасының шандырын екі қабаттап дубликатуралап тігу немесе Мейо тәсілімен іш шандырларын көлденеңінен екі қабаттап тігу қолданылады. Кейінгі уақытта өте аумақты жарықтардың кемістігін жою үшін синтетикалық материалдар, аутотері пайдаланылады. Трансплантат іштің әлсізденген орнын қалыңдатады, күшейтеді, сонымен жарық қайталануын азайтады.
Операциямен емделмей ұзақ уақыт операциядан соңғы жарықпен жүрген адамдарда келесі қатерлер кездесуі мүмкін: жарыктың қабынуы, қысылуы, іш мүшелерінің жарық қақпасы арқылы тері астына шығуы (эвентрация).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет