Іш перкуссиясында перфорацияның өте маңызды көріністерінің бірі - бауырды саусақпен перкуссиялағанда шығатын жуан дыбыстың жоғалуы анықталады. Бауыр тұсындағы жуан дыбыстың орнына жіңішке дыбыс естіледі. Бұл өзгерістің негізі келесі механизммен байланысты - қарынның тесігінен шығатын газ көк ет астына, бауырмен іштің алдынғы беті арасына жиналып бауырды айналдыра қоршайды. Бұл симптом перфорацияның алғашқы перитонитке дейінгі кезеңінде анық. Перитонитте іштің жалпы кебуі басталады.
Ішке сұйықтың жиналуы тек қарын тесігінен аққан затпен байланысты емес, ол іште қабыну экссудаты пайда болуымен байланысты. Клиникалык тексерістермен ішке жиналған бос сұйықтың мөлшері 500 мл.-ден асқанда ғана анықталатындығын хирург ұмытпағаны дұрыс.
Перкуссиямен іштен шығатын дыбыстың өзгергенін анықтағаннан соң ауруды бір қырына аударып қайталап перкуссия жасағанда алғашқы анықталған жуан дыбыс тимпонитпен алмасады. Бұның себебі - іш бүиірініде жиналған экссудат төмен ағып ауысып кетеді. Ауруды арқасына жатқызып қайта перкуссия жасағанда іш бүйірініде және жамбас ойшығында қайтадан жуан дыбыс естіледі.