Нәжістің, газдың шықпауы - перитонит басталғаннан соң байқалады. Сондықтан бұл өте кешігіп пайда болатын перфорацияның асқыныс көрінісі.
Шөлдеу - аурудың сусын ішкісі келеді, бірақ ішуге болмайды.
Обьективті көріністер - аурудың жалпы сыртқы көрінісіне қоса оның ішін көріп тексеру көптеген маңызды көріністер береді.
Ішті көру оның қозғалыссыздығын, қатаюын, тегістенгендігін және кейін тартылғандығын көрсетеді. Егер іш кеуіп, үлкейгендігі анықтаса - бұл перитониттің басталғандығының көрінісі болады, перфорациядан соң ұзақ уақыт өткендігін дәлелдейді.
Пальпациямен іштің қатайғандығы және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. VІ-ІХ сегменттер тұсында гипералгезиялық (ауырғыш) аймақ табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |