уақыты мен тынығу уақытының режимi, еңбек
қауiпсiздiгiн және еңбегiн қорғауды қамтамасыз
ету жағдайлары
Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi, жұмыс берушiнiң қызметкердiң жұмыс уақыты режимiн сақтауын бақылау ерекшелiктерi, еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс iстейтiн қызметкер үшiн осы талаптардың сақталуы жөнiндегi жағдайлар еңбек шартында белгiленедi.
__ 885 ____________________
23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiн реттеудiң ерекшелiктерi
Ескерту. Кодекс 23-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 886 ____________________
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс iстеу
__ 887 ____________________
Қашықтықтан жұмыс iстеу жұмыс процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланып, еңбек процесiн жұмыс берушi орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың айрықша нысаны болып табылады.
__ 888 ____________________
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң
еңбек жағдайлары
__ 889 ____________________
1. Жұмыс берушi қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) бередi және оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды көтередi. Қызметкер меншiктi коммуникация құралдарын тұрақты негiзде пайдаланған жағдайда жұмыс берушi өтемақы төлейдi, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi қызметкермен келiсiм бойынша белгiленедi.
__ 890 ____________________ Тараптардың келiсiмi бойынша қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерге жұмыс берушi үшiн жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және т.б.) өтелуi мүмкiн.
__ 891 ____________________ 2. Қызметкердiң жұмыс берушiмен жұмыс iстеу байланыстарының тәсiлдерi мен кезеңдiлiгi еңбек шартында айқындалады.
__ 892 ____________________
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу,
еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды
қамтамасыз ету жағдайлары
__ 893 ____________________
Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлерге осы Кодексте белгiленген жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
__ 894 ____________________ Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының тiркелген есебi белгiленедi, оны бақылаудың ерекшелiктерi еңбек шартында айқындалады.
__ 895 ____________________ Жұмыс уақыты режимiнiң сақталуын бақылаудың ерекшелiктерi, еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету және қызметкер үшiн осы жағдайларды сақтау жөнiндегi шарттар еңбек шартында айқындалады.
__ 251 ____________________
Достарыңызбен бөлісу: |