Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi



бет148/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                мәлiмдеу тәртiбi

      1. Қызметкерлердiң еңбек жағдайлары мен еңбегiне ақы төлеудi белгiлеу және өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнiң арасындағы ұжымдық шарттар мен келiсiмдердi жасасу, өзгерту және орындау мәселелерi жөнiндегi талаптары қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады және бекiтiледi.

__ 896 ____________________       Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысса заңды деп танылады.

__ 897 ____________________       Конференция, егер оған хаттамалық шешiмдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп танылады.

__ 898 ____________________       Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешiмi дауыс берушiлердiң көпшiлiк дауысымен қабылданды деп есептеледi. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткiзуге мүмкiндiк болмаған кезде, қызметкерлердiң өкiлдi органы өздерi ұсынған талаптарын қолдайтын қызметкерлердiң жартысынан астамының қолын жинап, өз шешiмiн бекiтуге құқығы бар.
      2. Қызметкерлердiң талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс берушiлерге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерiне күнтiзбелiк үш күн мерзiмде жiберiледi. 
      3. Аталған талаптарды әртүрлi жұмыс берушiлердiң қызметкерлерi қойған жағдайда, бұл талаптарды кәсiптiк одақтардың салалық немесе өңiрлiк бiрлестiктерi не қызметкерлер уәкiлеттiк берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы мүмкiн. 
      4. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi қызметкерлердiң талаптар қою жөнiнде жиналыс (конференция) өткiзуiне кедергi келтiруге әсер ететiн қандай да болмасын араласудан қалыс қалуға мiндеттi.
      Ескерту. 289-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 329 ____________________

      290-бап. Қызметкерлердiң талаптарын қарау

      Жұмыс берушi қызметкерлердiң қойған талаптарын оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей қарауға және оларды шешу үшiн шаралар қолдануға, ал көрсетiлген мерзiмде шешуге мүмкiндiк болмаған кезде туындаған келiспеушiлiктердi одан әрi қарау үшiн өз өкiлдерiн көрсете отырып, өздерiнiң шешiмдерi мен ұсыныстарын қызметкерлерге жазбаша түрде жеткiзуге мiндеттi.


      Ескерту. 290-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 330 ____________________

      291-бап. Бiтiмгерлiк рәсiмдер

      1. Қызметкерлердiң талаптарын осы Кодекстiң 290-бабында көзделген тәртiппен шешу мүмкiн болмаған кезде олар бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен қаралады. 


      Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) қабылдамаған немесе олардың iшiнара қанағаттандырған талаптары алдымен бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткiзiлмесе - еңбек арбитражында қаралады. 
      2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгiне алады. Делдалдық рәсiм бiтiмгерлiк комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы бiтiмгерлiк рәсiмдерге қарағанда дербес рәсiм болып табылады және солармен қатар жүргiзiлуi мүмкiн.

__ 331 ____________________

      292-бап. Бiтiмгерлiк комиссиясы

      1. Бiтiмгерлiк комиссиясын тараптар жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) өз шешiмiн қызметкерлерге (олардың өкiлдерiне) хабарлаған не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келiссөздер барысында келiспеушiлiктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде құрады. 


      2. Бiтiмгерлiк комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен тепе-тең негiзде құрылады. Бiтiмгерлiк комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс берушiнiң актiсiмен және қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмiмен ресiмделедi. 
      3. Бiтiмгерлiк комиссиясы құрылған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын қарайды. Бiтiмгерлiк комиссиясының талаптарды қарау, көрсетiлген мерзiмдi ұзарту тәртiбi тараптардың келiсiмiмен жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi. 
      4. Бiтiмгерлiк комиссиясы бiтiмгерлiк рәсiм барысында, қызметкерлермен (олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi тұлғалармен консультациялар жүргiзедi. 
      5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және оның тараптар үшiн мiндеттi күшi болады. 
      6. Бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмегенде, оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшiн еңбек арбитражы құрылады.
      Ескерту. 292-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 332 ____________________

      293-бап. Еңбек арбитражы

      1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бiтiмгерлiк комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе өңiрлiк комиссия мүшелерiнiң 


қатысуымен құрады. 
      2. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Еңбек арбитражы кемiнде бес адамнан құрылуға тиiс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгiзiледi. 
      3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелерi қатарынан сайлайды. 
      4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды. 
      5. Дауды қарау рәсiмiн еңбек арбитражы белгiлейдi және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткiзедi. 
      6. Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмей арбитраж мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс. 
      7. Бiтiмгерлiк комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiне қол жеткiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы мiндеттi түрде құрылуға тиiс. 
      8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешiмiн орындауға мiндеттi болады.

__ 333 ____________________

      294-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау

      1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртiбi ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмi бойынша айқындалады. 


      2. Тараптар өздерiне қатысты тәуелсiз ұйымдар мен тұлғаларды делдал ретiнде белгiлейдi. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiмен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi жұмысқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң басшылары мен қызметкерлерiн, жұмыс берушiлердi, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тарта алады. 
      Делдалды таңдау жағдайларының бәрiнде олардан делдалдық етуге жазбаша келiсiм алынуға тиiс.

__ 334 ____________________

      295-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет