Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi



бет151/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi 
                мiндеттерi

      1. Тараптардың ешқайсысы бiтiмгерлiк рәсiмдерге қатысудан жалтаруға құқылы емес. 


      2. Бiтiмгерлiк комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек дауындағы келiспеушiлiктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткiзiлуге тиiс. 
      3. Егер жұмыс берушiнiң өкiлi өкiлеттiктерiнiң жеткiлiксiз болуына байланысты ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiспеушiлiктерiн реттеу мүмкiн болмаса, қызметкерлердiң талаптары ұйымдардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкiнiң меншiк иелерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдiк қатысуы бар ұйымдардың мүлiк меншiк иелерiне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлерiне табыс етiледi. 
      4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетiлген рәсiмдердiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, қызметкерлер өз мүдделерiн қорғаудың заңда көзделген, ереуiл өткiзуге дейiнгi өзге де барлық тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.

__ 337 ____________________

      298-бап. Ереуiл өткiзу құқығы

      1. Егер бiтiмгерлiк рәсiмдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi бiтiмгерлiк рәсiмдерден жалтарған не ұжымдық еңбек дауын шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi орындамаған жағдайларда қызметкерлер ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады. 


      2. Ереуiл өткiзу жөнiндегi шешiм қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) жиналысында (конференциясында) қабылданады.

__ 899 ____________________       Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады.

__ 900 ____________________       Конференция, егер оған хаттамалық шешiмдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп танылады.

__ 901 ____________________       Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешiмi дауыс берушiлердiң көпшiлiк дауысымен қабылданды деп есептеледi. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткiзуге мүмкiндiк болмаған кезде қызметкерлердiң өкiлдi органы ереуiлдi өткiзудi қолдайтын қызметкерлердiң жартысынан астамының қолын жинап, өз шешiмiн бекiтуге құқығы бар.


      3. Ереуiлдi қызметкерлер (олардың өкiлдерi) уәкiлеттiк берген орган (ереуiл комитетi) басқарады. Бiрнеше жұмыс берушiлердiң қызметкерлерi (олардың өкiлдерi) бiрдей талаптар қойып, ереуiл жариялаған жағдайда, оны осы қызметкерлер өкiлдерiнiң бiрдей санынан құрылатын бiрлескен орган басқаруы мүмкiн. 
      4. Ереуiлге қатысу ерiктi болып табылады. Ешкiмдi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды. 
      5. Қызметкерлердi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлейтiн тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
      Ескерту. 298-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 338 ____________________

      299-бап. Ереуiлдiң басталуы туралы жариялау

      1. Осы Кодекстiң 298-бабының 3-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi орган ереуiлдiң басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушiге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгiне (олардың өкiлдерiне) оны жариялағанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс. 


      2. Ереуiл жариялау туралы шешiмде: 
      1) тараптардың ереуiл өткiзуге негiз болған келiспеушiлiктерiнiң тiзбесi; 
      2) ереуiл өткiзiлетiн күн, орын мен уақыт қатысушылардың болжамды саны; 
      3) ереуiлдi басқаратын органның атауы, бiтiмгерлiк рәсiмдерге қатысуға уәкiлеттiк берiлген қызметкерлер өкiлдерiнiң құрамы; 
      4) ереуiл өткiзу кезеңiнде орындалатын қажеттi жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) ең төменгi көлемi жөнiндегi ұсыныстар көрсетiледi.
      Ескерту. 299-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 339 ____________________

      300-бап. Ереуiлдi басқаратын органның өкiлеттiктерi

      1. Ереуiлдi басқаратын орган өзiне осы Кодекспен берiлген құқықтар шегiнде және қызметкерлер (олардың өкiлдерi) берген өкiлеттiктер негiзiнде әрекет етедi. 


      2. Ереуiлдi басқаратын органның: 
      1) қойылған талаптарды шешу мәселелерi бойынша жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк, кәсiподақ, өзге де заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлер мүдделерiн бiлдiруге; 
      2) жұмыс берушiден, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнен (олардың өкiлдерiнен) қызметкерлердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға; 
      3) қызметкерлердiң талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыруға; 
      4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшiн мамандарды тартуға; 
      5) қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) келiсiмiмен ереуiлдi тоқтата тұруға құқығы бар. 
      3. Бұрын тоқтата тұрған ереуiлдi қайта бастау үшiн бiтiмгерлiк комиссиясының, делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап етiлмейдi. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) және еңбек дауларын реттеу жөнiндегi орган ереуiлдiң қайта басталуы туралы үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ескертiлуге тиiс. 
      4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөнiндегi келiсiмге қол қойған, сондай-ақ ереуiл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуiлдi басқаратын органның өкiлеттiктерi тоқтатылады. 
      5. Ереуiлдi басқаратын органның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде жұмыс берушiнiң, мемлекеттiк органдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң құзыретiне жататын шешiмдердi қабылдауға құқығы жоқ.

__ 340 ____________________

      301-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуiл 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет