берiлетiн кепiлдiктер
1. Ереуiлдi ұйымдастыру немесе оған қатысу (осы Кодекстiң 303-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердiң еңбек тәртiбiн бұзуы деп қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртiптiк ықпал ету шараларының қолданылуына әкеп соқпайды.
2. Ереуiл кезiнде қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтiк сақтандыру бойынша жәрдемақы төлемiне құқығы, еңбек өтiлi сақталады, сондай-ақ еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепiлдiк берiледi.
Ереуiлдi жалақының төленбеуiне немесе уақтылы төленбеуiне байланысты өткiзуден басқа жағдайларда, ереуiлге қатысушы қызметкерлердiң ереуiл кезiндегi жалақысы сақталмайды.
__ 342 ____________________
303-бап. Заңсыз ереуiлдер
1. Ереуiлдер:
1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамағасәйкес айрықша шаралар енгiзiлген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң органдары мен ұйымдарында, елдiң қорғанысын, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, авариялық-құтқару, iздестiру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерiмен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарында; қауiптi өндiрiстiк объектiлер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шарттар сақталмаған жағдайда, темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауiптi зардаптарға әкеп соғуы мүмкiн үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде;
3) осы Кодексте көзделген мерзiмдер, рәсiмдер және талаптар ескерiлмей жарияланған жағдайда;
4) адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қатер төндiретiн жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып танылады.
Осы тармақта көрсетiлген негiздердiң бiреуi болғанда, сот тиiстi шешiм шығарғанға дейiн прокурор ереуiлдi тоқтата тұруға құқылы.
2. Темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуiл жергiлiктi атқарушы органмен алдын ала келiсу
негiзiнде айқындалатын халыққа қажеттi тиiстi қызмет көрсетулердiң тiзбесi мен көлемi сақталған жағдайда өткiзiледi.
Үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде ереуiл негiзгi жабдықтардың, тетiктердiң iркiлiссiз жұмысы қамтамасыз етiлген жағдайда ғана өткiзiлуi мүмкiн.
3. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды.
4. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот жұмыс берушiнiң немесе прокурордың өтiнiшi бойынша қабылдайды.
__ 902 ____________________ Сот шешiмi қызметкерлерге ереуiлдi басқаратын орган арқылы жеткiзiледi, ол ереуiлге қатысушыларды сот шешiмi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал ереуiлдi басқаратын орган болмаған кезде – тiкелей жұмыс берушi жеткiзедi.
__ 903 ____________________ Жұмыс берушi сот шешiмiнiң мәтiнiн көпшiлiкке көрiнетiндей қолжетiмдi жерлерде орналастыруды қамтамасыз етедi.
__ 904 ____________________ Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы сот шешiмi дереу орындалуға, ал ереуiл тоқтатылуға тиiс.
__ 905 ____________________ Адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе сот тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн ереуiлдi тоқтата тұруға құқылы.
5. Ереуiлдi басқарушы органның сот шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар.
Ескерту. 303-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
__ 343 ____________________
304-бап. Ереуiлдердi заңсыз деп танудың салдары
Сот ереуiлдi заңсыз деп танығанда, жұмыс берушi ереуiлдi ұйымдастыруға немесе өткiзуге қатысқан қызметкерлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуы мүмкiн.
__ 344 ____________________
305-бап. Локаутқа тыйым салу
Ереуiл өткiзудi қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында локаутқа, яғни қызметкерлердiң ұжымдық еңбек дауына немесе ереуiлге қатысуына байланысты, осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға тыйым салынады.
Ескерту. 305-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 345 ____________________
Достарыңызбен бөлісу: |