Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі шаралар мен құралдар ауруханаға дейінгі кезеңде



Дата25.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#105239
Байланысты:
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Аса қауіпті жұқпалы аурулар

Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі шаралар мен құралдар ауруханаға  дейінгі кезеңде

Орындаған: Жексенбай Еңлік

Тобы: ЖМ16-22-01

Тексерген: Калкожаева Ж. А


Ерекше қауіпті инфекциялар - бұл басқаларға төтенше эпидемиялық қауіп төндіретін инфекциялық сипаттағы аурулар.

  • Ерекше қауіпті инфекциялар - бұл басқаларға төтенше эпидемиялық қауіп төндіретін инфекциялық сипаттағы аурулар.
  • Мұндай инфекциялар айқын клиникалық көріністе пайда болады, ереже бойынша, ауыр ағым және өлім қаупі жоғары. Біздің елімізде бұларға тырысқақ, өкпенің обасы, сары безгек, геморрагиялық қызба күйдіргі жатады.

Ауруханаға дейінгі сатыда аса қауіпті инфекция анықталған кезде жүргізілетін іс-шаралар

  • АҚИ сырқатына күдіктенген жедел көмек дәрігері АОДБ (ақпаратты–оперативті диспетчерлік бөлім) аға дәрігеріне анықталған науқас туралы хабар беріп, (хабар беру схемасына сәйкес) ЖМК арнайы көлігін шақырады.
  • Дәрігер ЖМК көлігі келгенге дейін науқастың жанында қалуға тиісті және қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
  • Обаға, геморрагиялық қызбаға күдіктенген жағдайларда мұрынды және ауызды сүлгімен немесе маскамен жабады.

Ауруханаға дейінгі сатыда аса қауіпті инфекция анықталған кезде жүргізілетін іс-шара

  • Науқас уақытша тұрғылықты жерінде шектеледі
  • Есік –терезелер жабылады, желдеткіштер немесе кондиционерлер сөндіріледі. Желдеткіш тесіктері лейкопластырмен жабыстырылады (тырысқақтан басқа жағдайда). Науқасқа канализацияны қолдануға рұқсат берілмейді. Науқастың бөлінділері арнайы ыдысқа жиналып, кейіннен зарарсыздандырылып, канализацияға төгіледі.
  • Науқастан контактқа түскен адамдар сұрастырылып, тізімі құрастырылады

Қонақ үйлерде,тұрғын үйлерде,жатақханаларда,мектеп-интернаттарда т.С.С орындарда жүргізілетін біріншілік іс-шаралар

  • -Әкімшіліктін шешімімен бөлмеде бірге тұратын адамдарды аурумен бірге басқа оқшауланған бөлмеге ауыстырады
  • -қонақ үйдің сыртқы есіктерін жабу,қонақ үйге сырттан адамдарды кіргізбеу және сыртқа адамдарды шығармау
  • -қонақ үй бөлмелеріне пост қою
  • -қонақ үйде әрі-бері жүрмеу
  • -ауру анықталған қабатқа кірмейді
  • -аурумен қарым қатынаста болған адамдарды оқшаулау қажет
  • -қорытынды дезинфекциялық іс-шаралар жүргізгенге дейін,аурудың киімдерін шығаруға болмайды

Темір жолда аса қатерлі жұқпалы аурулар анықталғанда жүргізілетін іс-шаралар

  • -жедел жәрдем дәрігері вокзалда аса қатерлі ауруларды,яғни оба,тырысқақ және геморрагиялық ауруларды анықтағанда,АОДБ бас дәрігеріне,вокзал бастығына,және басқа да қызметкерлерге хабарлайды.
  • -ауруға сол жерде медициналық қызмет көрсетеді және ауруды тез арада оқшаулау керек
  • -біріншілік іс-шаралар жоғары айтылғандай,кейінгі іс-шаралар эпидемиолог-дәрігер кеңесімен,яғни эпидемияға қарсы жоспар бойынша жүргізіледі.

Аса қауіпті жұқпалы инфекцияға күдіктенгенде жедел жәрдем бригадасының ауруды тасымалдауы үшін жүргізілетін іс-шаралары

  • Аса қауіпті жұқпалы инфекция туралы ақпарат алғанда емдік-профилактикалық мекемелерден және санитарлы-эпидемиялық станциядан ауруды оқшаулау үшін жедел жәрдембригадасын жібереді
  • -бір ауруды оқшаулау үшін бір дәрігер және екі көмекші*фельдшер,санитар*керек
  • -Көліктің жабдықталуы:ауруды тасымалдау кезінде дезинфекциялық заттар жақсы жабылатын ыдыста болуы керек
  • -ауруға барған дәрігер мен көлік жүргізушісі қорғаныс киімін киіп,тасымалдау кезінде арнайы санитарлық көмек береді
  • -көліктің есік,терезелері жабық болуы керек
  • -аурудың туған туыстарына бірге жүруге болмайды

-ауруды ауруханаға жеткізгенде бригада толық санитарлық дезинфекциялық ағарту жұмыстарын жүргізу керек

  • -ауруды ауруханаға жеткізгенде бригада толық санитарлық дезинфекциялық ағарту жұмыстарын жүргізу керек
  • -көлікті ауруханадан сыртқа шығару туралы шешімді аурухананың бас дәрігері береді
  • -бригада қызметкерлеріне белгілі мерзімге,инкубациялық кезеңге дейін бақылау қойылады

Жеке профилактиканың әдістері және құралдар

  • Аса қауіпті инфекциямен науқасты анықтаған медициналық қызметкер өзіне берілген қорғаныс киімін (обаға қарсы костюм) өзінің киіп жүрген киімінің үстіне киеді (егер киімі науқас бөліндісімен ластанбаған жағдайда).
  • Обаға қарсы киімді киер алдында дененің барлық ашық жерлері дезинфекциялық ерітіндімен (0,5-1% хлорамин ерітіндісі) немесе 70º спиртпен өңделеді.
  • Көздің, ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттары аталған ауруларда қолданылатын антибиотик ерітінділерімен өңделеді: оба кезінде – стрептомицин ерітіндісі (250.000 – 500.000 мкг/мл), тырысқақ кезінде – тетрациклин (200.000 мкг/мл).

Геморрагиялық қызбамен немесе маймылдардың желшешегімен ауыратын науқастармен жанасқан кезде ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттарын калийдің әлсіз марган ерітіндісімен өңдейді, көзді бор қышқылымен немесе ағынды сумен жуады немесе көзге 1% күмістің азотты қышқылын, мұрынға 1 % проторгол ерітіндісін тамызады.

  • Геморрагиялық қызбамен немесе маймылдардың желшешегімен ауыратын науқастармен жанасқан кезде ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттарын калийдің әлсіз марган ерітіндісімен өңдейді, көзді бор қышқылымен немесе ағынды сумен жуады немесе көзге 1% күмістің азотты қышқылын, мұрынға 1 % проторгол ерітіндісін тамызады.
  • Ауызды және тамақты қосымша70º спиртпен немесе 0,05 % калий марганец ерітіндісімен, 1 % бор қышқылымен өңдейді.
  • Иммуноспецификалық препараттар болған жағдайда (гамма-глобулин, реконвалесценттер сарысуы) - оларды бұлшықетке енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет