Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарына



бет157/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарына 
                берiлетiн кепiлдiктер

      1. Жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайлары ұлттық стандарттарға, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер талаптарына сәйкес болуға тиiс. 


      2. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. 
      3. Өзiнiң немесе айналасындағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туындаған жағдайда, қызметкердiң жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртiптiк және (немесе) материалдық жауапкершiлiкке тартуға әкеп соқпайды. 
      4. Жұмыс берушi қызметкердi жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек мiндеттерiн орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс берушi осы себеп бойынша туындаған iркiлiс кезiнде қызметкердiң орташа жалақысы мөлшерiнде еңбекақы төлеуге мiндеттi. 
      5. Еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, келтiрiлген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзiледi.
      Ескерту. 311-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 354 ____________________

      312-бап. Қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру

      1. Жұмыс берушi ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдiк медициналық тексеруден және тексерiлуден өткiзудi өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi. 


      2. Ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етiлетiн кәсiптердiң тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.

__ 355 ____________________

      313-бап. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет