15) авариялық ахуалдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер
етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
16) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды еңбек
жөнiндегi уәкiлеттi орган бекіткен тәртіппен әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды
жүзеге асыруға;
17) келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты не кәсіптік аурудың
белгілері пайда болғанда басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскерлерді міндетті,
мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексеруден және ауысым алдындағы,
ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан меншікті қаражаты есебінен өткізуге
міндетті.
Ескерту. 182-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016
№ 483-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: