Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды, бақылауды және оған
мониторингті;
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді және
қабылдауды;
3) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсарту, қауіпсіз
техникалар мен технологияларды әзірлеу
және ендіру, жұмыскерлерді жеке
және ұжымдық
қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін
құруды және іске асыруды;
4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі бақылаудың тиімділігін
арттыруды;
5) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша озық отандық және
шетелдік тәжірибені ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау проблемалары
бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді;
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан
зардап
шеккен жұмыскерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін
қорғауды;
7) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық
деңгейінде жойылмайтын зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін
кепілдіктер
мен өтемақылар белгілеуді;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауды және
олардың біліктілігін арттыруды;
9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке
алудың
бірыңғай тәртібін белгілеуді;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйенің
жұмыс
істеуін қамтамасыз етуді;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: