Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру



Pdf көрінісі
бет164/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   188-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру 
жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы 
      1. Арнайы тергеп-тексерілуге жататын жағдайларды қоспағанда, еңбек қызметіне 
байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі 
туралы қорытынды алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде жұмыс берушінің актісімен 
құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
 


      1) төраға – ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, ал олар 
болмаған кезде жұмыс берушінің уәкілетті өкілі;
 
      2) мүшелері – ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы 
және жұмыскерлердің өкілі.
 
      2. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек 
қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде 
комиссия құрамына енгізілмейді.
 
      3. Арнайы тергеп-тексеруге:
 
      1) ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым 
оқиғалар;
 
      2) зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне 
қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне 
байланысты топтық жазатайым оқиғалар;
 
      3) қатты уланудың топтық оқиғалары жатады.
 
      4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек 
инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы 
қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде мынадай құрамда құрған комиссия 
жүргізеді:
 
      1) төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
 
      2) мүшелері – жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілі.
 
      Екі адам қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаларды 
тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік 
еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді. 
 
      Үштен бес адамға дейін қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым 
оқиғаларды тергеп-тексеруді – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес 
адамнан көп қайтыс болғанда Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия 
жүргізеді. 
 
      5. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік сипаттағы 
төтенше жағдайлар кезінде болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның 
аумақтық бөлімшесінің өкілі комиссия төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда 
мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болады.
 
      6. Комиссия құрамына сондай-ақ мыналар кіреді:
 
      1) қауіпті өндірістік объектілерде, сондай-ақ электр энергетикасы саласы 
ұйымдарында болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде – өнеркәсіптік 
қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор және 
мемлекеттік энергетикалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
 
      2) қатты улану жағдайында – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы 
саласындағы мемлекеттік органның өкілдері;
 
      3) басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның 
жұмыскерімен немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау 
үшін басқа ұйымға жіберілген жұмыскермен болған, еңбек қызметіне байланысты жазатайым 
оқиға кезінде – аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілі.
 
      7. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті 
шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
 
      8. Жұмыс беруші жеке тұлғада болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны 
тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілеттік берілген өкілі, жұмыскерлердің 
өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де тартылуы мүмкін еңбекті 
қорғау жөніндегі маман қатысады.
 
      9. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-
тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ғылыми-зерттеу ұйымдарының және бақылау-қадағалау 


органдарының мамандары арасынан сараптамалық кіші комиссияларды жұмыс берушінің қаражаты 
есебінен құруға құқылы.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет