22-тарау. ІШКІ БАҚЫЛАУ 201-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау 1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау еңбекті қорғауды
басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін байқауды
ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді
бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға келмейтін
анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.
2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
белгіленген талаптарды сақтау және анықталатын бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шаралар
қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды
жүзеге асырады.