199-бап. Ведомстволық есепке алу Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция тексерілетін субъектілерді (объектілерді)
тексерулер санын және бару арқылы жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де
нысандарын, тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қатысты
қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және
үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.
Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері ай сайын орталық және жергілікті
атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.