Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері



Pdf көрінісі
бет171/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   195-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері 
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай 
мемлекеттік еңбек инспекторы төмендегідей актілер шығарады (жасайды):
 
      1) мыналар:
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
 
      жарақаттану қаупі бар және авариялық ахуалдардың туындауын болғызбау үшін 
өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы;
 
      жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың 
пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы 
нұсқама.
 
      Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі 
шығарылғанға дейін қолданылады.
 
      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
 
      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
 
      4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы;
 
      5) мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы.
 
      2. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды 
адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал 
етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі данада жасалады, оның біреуі қол 
қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.
 
      3. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері лауазымды адамдардың, жеке және заңды 
тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган бекітеді.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет