Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары



Pdf көрінісі
бет169/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   193-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:
 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді жүргізу 
мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарға кедергісіз баруға;
 
      2) бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын 
жүзеге асыруға;
 
      3) жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) өздеріне жүктелген 
функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және 
алуға;
 
      4) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ 
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар 
қолдануға;
 
      5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
 
      6) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының 
қызметі және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған 
кезде, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде 
сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
 
      7) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнайы киімнің және 
басқа да жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым 
салуға;
 
      8) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасай отырып, 
арнайы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау 
жасау үшін алып қоюға;
 
      9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-
тексеруге;
 
      10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау 
алудан, білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі 
адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
 
      11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек 
инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша ақпаратты, 
талап қоюларды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға 
жіберуге;
 
      12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
 
      13) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту 
туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны 
туралы заңнамасында белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын 
сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізуге;
 
      14) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау 
жүргізуінің толықтығы мен анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;
 
      15) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды 
жүзеге асыру кезінде азаматтармен және жұмыскерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл 
жасасуға;
 
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге 
асыруға құқығы бар.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет