Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері



Pdf көрінісі
бет170/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   194-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері 


      Мемлекеттік еңбек инспекторлары:
 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
 
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және 
сапалы жүргізуге;
 
      3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою 
жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді 
(олардың өкілдерін) хабардар етуге;
 
      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша 
жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
 
      5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен 
мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру 
жөнінде ұсынымдар беруге;
 
      6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға;
 
      7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге 
асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі 
жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
 
      8) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, 
қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді 
жария етпеуге;
 
      9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру 
жұмысын жүргізуге міндетті.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет