қорытындымен расталуға тиіс.
6. Осы Кодекстің 52-бабы 1-
тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу осы Кодекстің 65-бабында көзделген
тәртіптік жаза қолдану тәртібі және осы Кодекстің 66-бабының талаптары сақтала отырып
жүргізіледі.
7. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көзделген
негіздер бойынша еңбек шартын бұзу медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
Жұмыскерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс беруші уәкілеттік
берген адам қабылдайды. Жұмыскер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда
тиісті акт жасалады.
8. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсынғаннан кейін жол
беріледі.
9. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде
айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып, жұмыскер "Қазақстан
Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-
тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, еңбек шартын бұзу күніне
дейін кемінде бір ай қалғанда жұмыскерді хабардар ете отырып жол беріледі.
10. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 25) тармақшасында көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға жұмыс беруші жұмыскерге болмағаны туралы актіні хабарламасы бар
хатпен жіберген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыскер болмау себептері туралы
ақпаратты ұсынбаған кезде жол беріледі.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016
№ 483-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: