Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі



Pdf көрінісі
бет52/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі 
      1. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады.
 
      2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме 
талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме 
бермесе, онда тиісті акт жасалады.
 
      Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.
 
      3. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы 
мүмкін.
 
      4. Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:
 


      1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;
 
      2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан 
босатылған;
 
      3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;
 
      4) жұмыскер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
 
      5. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 
тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс 
берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза 
қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады.
 
      Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке 
таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап 
үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар хатпен тәртіптік жаза 
қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет