66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі 1. Осы Кодекстің 65-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының басқа да
заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза жұмыскерге тәртіптік теріс
қылық анықталған кезде тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан
кешіктірілмей қолданылады.
Осы Кодекстің 176-бабында көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар ереуілді заңсыз
деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей
қолданылады.
2. Тәртіптік жазаны – тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай
өткеннен кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия
немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік
теріс қылық анықталған жағдайларда жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап
бір жыл өткеннен кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша
іс жүргізу уақыты кірмейді.
3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық
міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда немесе вахтааралық
демалыста болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану
мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады.
4. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда,
тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды.
5. Жұмыскерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші тәртіптік жазаны мерзімінен
бұрын жұмыс берушінің актісін шығару арқылы алып тастауға құқылы.