білдіретін жұмыскерлердің санына пропорционалды түрде болатын
біртұтас өкілді орган
құрады.
3. Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен
бастап бес жұмыс күнінен асырмай талқылайды. Жұмыскерлердің өкілдері шешімді осы
Кодексте белгіленген
мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, жұмыс беруші актіні пікірді
ескерместен қабылдауға құқылы.
4. Жұмыскерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда жұмыскерлер
өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні)
көрсетіледі,
олардың ұсыныстары болса олар жазылады.
5. Егер жұмыскерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім
болмаған не оны өзгерту жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
1) келіскен жағдайда жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып өзгертілген
акт
шығарады;
2) келіспеген кезде жұмыскерлердің өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге
құқылы.
6. Жұмыс беруші актілерін шығару үшін келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес
жұмыскерлер өкілдерінің пікірін есепке алу қажет болатын олардың жобалары бойынша
келісімге
қол жеткізілмеген кезде, туындаған келіспеушіліктер, жұмыс берушінің және
жұмыскерлердің бір өкілі қол қоятын хаттамамен ресімделеді,
одан кейін жұмыс беруші
актіні қабылдауға құқылы.
7. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде жұмыскерлердің осы Кодексте, еңбек,
ұжымдық шарттарда, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не
нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы
жөніндегі жергілікті
органға не сотқа шағым жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: