Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



бет16/51
Дата17.06.2018
өлшемі4,3 Mb.
#43153
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51


8. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды бермеу –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
244-бап. Валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы

куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу

куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзуы –

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп

пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу

фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы




Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы –

«аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның

анық емес аудиторлық есепті жасауы
1. Осы Кодекстің 249-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы –

аудиторларға – сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы –

біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға – бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –

біліктілік куәлігінен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


247-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық

қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу –

лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Аудит жүргізілуі міндетті аудиттелетін қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарламау және осы аудиттелетін ұйымдарды хабардар етпеу –



заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тиісті уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі, сол сияқты анық емес мәліметтерді беруі –

бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалар атынан аудиттелетін субъектілердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған, бюджет қаражаттарын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы –

бірінші басшыларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Аудиторлық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органға есептілікті және (немесе) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі –

заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аудиторлық есептi ұсынбауы –



заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
248-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға

және сақтауға байланысты бұзушылықтар
1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға

уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі
Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару




Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi
келтiру


шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
251-бап. Ұлттық валюта мен шетел валютасын

репатриациялау талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына ұлттық валюта мен шетел валютасын:

1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық валюта мен шетел валютасындағы түсiмдердi;

2) резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валюта мен шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған, ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



Ескертпе.

Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып түскен және егер осы әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайларда басталады.

Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.
252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының

валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу
1. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізбеу, резиденттер арасында тыйым салынған валюталық операциялар жүргізу, ақша төлемдері мен аударымдарын уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүргізбеу, егер мұндай талап Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында белгіленсе,

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер

жеке тұлғаларға, белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы

орта кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз, ipi кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу
Арнаулы валюталық режимді:

1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау;

2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;

3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;

4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;

5) Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу –

жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану




1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының эмитенттерге қатысты инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге ақпарат беруі жөніндегі талаптарын орындамауы, егер осы әрекеттер ірі залал келтірмесе, –

жеке тұлғаға – екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы –

заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы

қызметтi жосықсыз жарнамалау
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің жарнаманы жариялау кезiнде анық емес мәлiметтер ұсыну және тарату арқылы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау –

жеке және заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
256-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де

тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді

беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі –

жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –

жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң бағалы қағаздармен жасалатын операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәліметтер ұсынуы –



заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп берілуі эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметі туралы және облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау туралы хабарлау, акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну; тәуекелдерді басқару және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар мен есептілік түсініледі.
257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың

құқықтарын бұзуы
1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, кіріс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу

заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу



заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы, сондай-ақ өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы



заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
258-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы

құралдарымен мәмiлелер жасау тәртібін,

сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу -

жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
259-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы

жасау мақсатында мәмiлелер жасау
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасауы –

жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
260-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша

құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,

үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар нарығына басқа кәсiби қатысушыға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы

заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
261-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды

шығарудың және (немесе) орналастырудың

шарттары мен тәртiбiн бұзуы
1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, оның ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы

лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы

заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
262-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және

бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының

өздерінің қызметiне Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы

Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы



үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты

ашу жөніндегі міндетті бұзу
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында айқындалатын тәртіппен және шарттарында ақпаратты ашу жөніндегі міндетті орындамауы, сондай-ақ өз қызметі туралы толық емес немесе анық емес ақпаратты беруі –

жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет