Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Дара кәсiпкердің қызметiн тоқтату



Pdf көрінісі
бет29/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      38-бап. Дара кәсiпкердің қызметiн тоқтату
 
      1. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi түрде не мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы 
Кодексте көзделген мән-жайлар басталған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
 
      Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде – дара кәсiпкер дербес, 
бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде – барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде 
кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады. Бұл жағдайда дара кәсіпкер мемлекеттік 
кіріс органына кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы өтініш береді.
 
      Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін мемлекеттік кіріс органына 
кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы өтініш береді. 
 
      Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер бұл үшiн қатысушыларының 


кемінде жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе
қабылданды деп есептеледі.
 
       2. Жеке кәсiпкердiң қызметi: 
 
      1) ол банкрот деп танылған;
 
      2) тiркеу кезiнде жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын 
бұзушылықтар жiберiлуіне байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;
 
      3) қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасын күнтiзбелiк жыл iшiнде бiрнеше 
рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
 
      4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      5) тармақша 06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 
Кодексімен.
 
      5) ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді 
қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген;
 
      6) ол хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу 
тәртібімен тоқтатылады.
 
      3. Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай:
 
      1) өзiндiк кәсiпкерлiк – дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабілеті 
шектеулі деп танылған немесе ол қайтыс болған;
 
      2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк – егер осы тармақтың 1) 
тармақшасында тізбеленген мән-жайлардың болу салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк 
қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi 
бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезiнде;
 
      3) қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін, Қазақстан 
Республикасының салық заңнамасында белгіленген жағдайларда да тоқтатылады.
 
      4. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші не соттың заңды күшіне енген шешімі 
негізінде мемлекеттік кіріс органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған 
кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп 
есептеледі.
 
      Дара кәсіпкер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 
түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның 
интернет-ресурсында осы ақпарат орналастырылған күннен бастап тіркеуші органда дара 
кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
 
      5. Дара кәсiпкерлiк белгiленген жағдайларда тiркеусіз жүзеге асырылған кезде, 
ерiктi тәртіппен – нақты тоқтатылған күннен бастап не мәжбүрлеу тәртібімен – тиiсiнше 
соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.
 
      6. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар тәуекел дәрежелері 
болмашы және орташа субъектілер санатына жатқызған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 
Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың 
оңайлатылған тәртібі белгіленеді.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет