Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi



Pdf көрінісі
бет36/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      46-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi
 
      1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше 
белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.
 
      Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған 
фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.
 
      Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік 
құқығымен тиесілі болады.
 
      2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер 


учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) 
жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа 
арналған және өзге де құрылыстар, мелиоративтік және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн 
және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен 
жабдық, көлiк құралдары, құрал-сайман және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері 
берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа 
да мүлiк болуы мүмкін.
 
      3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм және 
кірістер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк 
мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.
 
      4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан 
Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.
 
      5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет