Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен



Pdf көрінісі
бет33/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      43-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен
 
              мүшелерінің құқықтары және міндеттері
 
      1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
 
      1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының 
мүдделерін білдіруге;
 
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық 
мәмілелерді жүзеге асыруға;
 
      3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын 
орындауға уәкілеттік беруге;
 
      4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;
 
      5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер 
қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;
 
      6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне 
қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына 
шығаруға;
 
      7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де 
құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
 
      2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
 
      1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;
 
      2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан 
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;
 
      3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайларын жасауға;
 
      4) жалдамалы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының 
еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс беруші актілерін шығаруға;
 
      5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де 
міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
 
      3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
 
      1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында айқындалатын 
тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға;
 
      2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде осы 


қожалықтың бухгалтерлік есебінің, қаржылық есептілігінің деректерімен және басқа да 
құжаттамасымен танысуға;
 
      3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) 
мемлекеттік органдарға басшының және басқа да мүшелердің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне 
(әрекетсіздігіне) шағыммен жүгінуге;
 
      4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, шаруа немесе фермер 
қожалығы басшысының және мүшелері жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағым 
жасауға;
 
      5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де 
құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
 
      4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
 
      1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
 
      2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
 
      3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, қожалықты тіркеген 
органдарға бұл туралы ортақ өтінішпен хабарлауға;
 
      4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де 
міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет