Сабақ мақсаты : Білімділік : Аңыз әңгіменің мазмұны мен идеясын игерте отырып, кейіпкер әрекеттеріне баға бере білуге үйрету



Дата25.12.2016
өлшемі26,94 Kb.
#5159
түріСабақ
2 Сабақтың тақырыбы: Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік:Аңыз әңгіменің мазмұны мен идеясын игерте отырып, кейіпкер әрекеттеріне баға бере білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Топпен жұмыс негізінде Жиренше бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

3.Тәрбиелік:көркем жазу мен көркем оқу шығармашылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа баулу.

Сабақ түрі: талдау

Сабақ әдісі:Сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиясы.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа,нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақ барысы

I.Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау » стратегиясы

Өзің білмес ісіңді,

Білгендерден сұрап біл.

Өліп жатсаң наданнан,

Қабырыңды жырақ қыл!-деп Жиренше шешен айтқандай елін қорғап, әділ билік айта білген Жиренше шешен туралы білімімізді толықтырамыз.

Сабақ мақсаты айтылады.

Үнтаспадан әңгіме толық тыңдалады.

Мағынасын ашу мақсатында сұрақтар қойылады:

1.Әңгіме кімдер туралы?

2.Кейіпкерлер әрекетін айтыңыз.

3.Қандай тапқырлық сөздер кездесіп тұр?

4.Әңгімеге жоспар құр және тәрбиелік мәнін ашу.



«Топтастыру» стратегиясы

ЖИРЕНШЕ ХАН



II.Мағынаны тану

Үш қатарға жекелей тапсырмалар беріледі.

1-қатар «Ғылыми талдау»стратегиясы

Жиренше бойындағы адами қасиеттерді ашу.

2-қатар: «Тумалы бейне» стратегиясы

Өткен тақырыптар бойынша Жиреншеге ұқсас бейнелерді табу.

3-қатар: «Түйінді сөздер» стратегиясы

Әңгіме желісімен Жиреншенің тапқырлық, ұшқыр ойларын теріп жазу.



III.Ой толғаныс

Концептуалдық кесте

Аңыз

кейіпкері


Адамгершілік қасиеті


Іс-әрекеті


Өз бағаң

Себебі















IV.Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

1.Аңыз әңгімелер дегеніміз не?

2.Жиреншедегі бірбеткейлік мінездер кімге тән қылық? (қазаққа)

3.Тауып сөйлеуге байланысты мақал-мәтелдер жаз.

Бақырып сөйлегеннің сөзі,

Естілер де қалар.

Ақылды сөйлегеннің сөзі,

Көкейге кеп қонар.

Тапқыр сөз топас құлақта ұйықтайды.

Оңды сөз қашанда оңтайлы.

Тапқыр сөз тауды да төңкерер.



V.Үйге тапсырма

Жиреншенің тапқырлық сөздерінен үзінділер жаттау.



VI.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет