Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары



Pdf көрінісі
бет47/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      58-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары
 
      1. Ұлттық палатаның қызметі:
 
       1) дербестік; 
 
      2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқықтылығы;
 
      3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін 
шешімдерді қабылдау;
 
       4) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп беру, жауапкершілік; 
 
       5) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және 
жеделдік; 
 
      6) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;
 
      7) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі;
 
      8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін 
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығы және 
қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;
 
      9) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына 
негізделеді.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2-тармақ өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін 
қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 Кодексімен.
 
      2. Ұлттық палата, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының 
заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген 
кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, оған 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) 
кәсіпкерлік субъектілерінің мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады.
 
      Міндетті мүше болуға негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттеу 
ұйымдарының мүшелері (қатысушылары) болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне 
кәсіпкерлік субъектілерінің Ұлттық палатаға міндетті түрде мүше болу қағидаты 
қолданылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет