Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер



Pdf көрінісі
бет45/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
56-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер
 
              палатасы, оның мақсаты мен міндеттері 
 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық 
палата) Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары 
арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін 
қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ 
дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы 
бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау 
мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым 
болып табылады.
 
      2. Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі 
мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру болып табылады.
 
      3. Ұлттық палатаның міндеттері:
 
      1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
 
      2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз 
ету және қорғау;
 
      3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) 
мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
 
      4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы 
құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
 
      5) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын заңнамасын жетілдіру 
процесіне қатысу;
 
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттер болып 
табылады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет