Лұқпанова Клара
Алматы қаласы
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы
химия пәнінің мұғалімі.
Оқу үдерісін жетілдіру- заман талабы.
« Мен өз шәкірттеріме ешқашан да үйретпеймін, тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын»
А.Эйнштейн.
Әлемде болып жатқан өзгерістер қазіргі мектептің алдына болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатын қойып отыр.Оқытудың сапалы және табысты болуы мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да байланысты.(МАН,11-бет)
Қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп,жаңа технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса оқытудың сапалы болары сөзсіз.Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемде ұтымды пайдалануға тырысамын.
Менің Назарбаев зияткерлік мектебіндегі педагогикалық шеберлік орталығында курстан өтуім, алға қойған мақсаттарыма жетудегі маңызды бір қадам болды.Бағдарламаның жеті модулін сабақта қолдану арқылы, оның білім беруде тиімді екеніне көзім жетті.Нәтижесінде оқушылар өз бетімен жұпта,топта бірлесе жұмыс істей алады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалай біледі,оқушылардың белсенділігі артып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.Жаңа тәсіл негізінде өткізген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға натрий және калий металдарының физикалық, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алыну жолдары,қолданылуы туралы ұғымды түсіндіру.Тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау
Тәрбиелік: шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, өзіндік ой қорытуға баулу, байқампаздыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, тиянақты жауап беру қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту, өзбетінше ойлап, ой өрісін,зейінін дамыту.
Сабақтың міндеті:
- Металдардың физикалық қасиетін ажырата білу
- Металдардың табиғатта таралуын есте сақтау
- Металдардың химиялық қасиеттерін анықтайбілу
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа ұғым қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар, демонстрация, тест тапсырмалары,резюме жазу
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, тәжірибе, лабораториялық құралдар
Технология түрі: ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Пән аралық байланыс: биология, медицина, физика, география
Күтілетін нәтиже:
- Натрий, калий қасиеттерінсипаттай білу
- Теориялық білімдерін жүйелей білу
- Есептер мен жаттығуларды өзбетімен шығара білу
- Элементтердің биологиялық маңызын білу
- Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерінжаза білу
Сабақтың жоспары:
1-кезең Ұйымдастыру:
2- кезең «Қызығушылықты ояту»
(өтілген тақырып бойынша танымдық қызығушылығын ояту)
- Танымдық сұрақтар
- Тест тапсырмалары
3- кезең «Мағынаны ашу» (жаңа ақпаратпен таныстыру)
4- кезең «Ой толғау» (сабақты бекіту, қорытындылау,ойларын толықтыру)
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру : а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды топқа бөлу;
б) психологиялық дайындық «Жүректен-жүрекке»
ІІ кезең «Қызығушылықты ояту»
Танымдық сұрақтар:
Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?(сол жақ жоғарғы бөлікте,диоганаль бағытта негізгі және қосымша топшада орналасқан)
Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?( S, p, d, f )
S – элементтерге жалпы сипаттама?( S-эелементтер периодтық жүйеде І, ІІ топтық негізгі топшасында орналасқан элементтер )
Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны? ( Ітопта, негізгі топшада)
Сілтілік металдарды ата? ( Литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций)
Сілтілік металдардың топ бойынша қасиеттері қалай өзгереді?(жоғарыдан төмен қарай атом радиусы артады, электртерістілік кемиді, балқу, қайнау температурасы төмендейді.)
Сілтілік металдардың табиғатта кездесуі?( тек қосылыс түрінде кездеседі, көбінесе сульфаттар, хлоридтер, силикаттар түрінде)
Сілтілік металдардың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштық қасиеті? ( ең күшті тотықсыздандырғыштар, басқа металдарға қарағанда белсенділіктері жоғары аяқталған қабат болу үшінөздерініңбірэлектрондарыноңайберіпжіберіптотығады)
Сілтілік металдардың физикалық қасиеті? ( күмістей ақ түсті, жұмсақ, жеңіл балқиды )
Сілтілік металдардың реакциялық қабілеті? ( белсенді металл болғандықтан қабілеттері өте жоғары, сондықтан сілтілік металдарды керосин н\е парафин май қабатының астында сақтайды.
Тест тапсырмалары:
S- элементтер қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
а) Оң ә) Теріс б) Екіжақты
Сілтілік металдар валенттілігі?
а) ІІІ ә) ІІ б) І
Ең жеңіл металл?
а) К ә) Li б) Rb
Еңауыр металл?
а) Темір ә) Хром б) Осмий
Ең қатты металл?
а) Темір ә) Хром б) Осмий
Еңжұмсақ металдар?
а) Галогендер ә) Сілтілік металдар б) Сілтілікжер металдар
ІІІ кезең «Мағынаны тану»
Теңіз суы арқылы құтыда хат келді.Хатта жұмбақ жазылған.
«Біз ағайынды 5 жігітпіз,бесеуміз де өткір,кез-келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз.Латиф деген ағам мінезі тастай,онша маңызды жұмыс істемейді.Ал,ағам Нартайдың істемеген жұмысы жоқ:аспаз да болды,шыны да жасады,қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор.Менің өзім,ауыл шаруашылығында жұмыс істеймін.Екі інім: Рәнтай мен Сартай қызбалы,тұтана кетеді.Мен және 5 ағайындыларым кім?
Жауабы: литий,натрий,калий,рубидий,цезий,франций.
1
Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Натрий және калий»
Жоспары:1.Атом құрылысы
2.Табиғатта таралуы
3.Алынуы
4.Физикалық қасиеттері
5.Химиялық қасиеттері
6.Қосылыстары.
Сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді:
1-топ: Физиктер
2-топ:Географтар
3-топ:Химиктер
4-топ: Биологтар
5-топ.Металлургтер.Жоспар бойынша топта талдайды,постерге түсіріп қорғайды.Қалған топтар «Екі жұлдыз,бір тілек арқылы» бағалайды.
Сергіту сәті: «Сағат бойынша достар»
ІV-кезең. «Ой толғаныс»
1.Резюме жазу(элементке сипаттама): аты; мекен-жайы; салмағы; мамандығы; біліктілік санаты; мінезі; туыстары.
2.Жұмыс дәптерден:№6,138-бет
3.Топ басшыларына: №9,138-бет
4.Тәжірибе жасау
№1.Натрий қосылысын пайдаланып,газдың бөлінуін бақылаңыз
№2.Калий қосылысын пайдаланып, тұнба алыңыз
1
V.Рефлексия
VІ.Бағалау
Бағалау парағы.
Топтың аты:--------------------------------------
Топ басшысы:------------------------------------------------
№
|
Аты-жөні
|
Кім жылдам?
|
Тест тапсырмасы
|
Мағынаны тану
|
Топтағы белсенділігі
|
Ой толғаныс
|
Жалпы балы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VІІ.Үйге тапсырма:§6.3 №3,5,6
Әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.(Бірінші деңгей) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,2014
2.Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная. Химия.Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық.Алматы «Мектеп»,2013
3.М.Н.Құрманәлиев. «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары» Алматы.2009 ж.
4. «Химия мектепте» журналдары.
Достарыңызбен бөлісу: |