Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет59/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
07.02.2023 жыл Қазақ тілі 11-сынып №1БЖБ ІІІ тоқсан
Диагностикалық жұмыс 
1) Пән бойынша өткен оқу жылдарыныңоқу бағдарламасындағы 
тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша диагностикалық бақылау 
жұмысыжүргізіледі. Ол үшін алдымен күрделі деген оқу мақсаттарын іріктеп 
алып, сол бойынша тапсырмалар әзірленеді.
2) Жүргізілген диагностикалық бақылау нәтижесі бойынша өткен оқу 
жылдарында оқытылған тақырыптар мен оқу мақсаттарынан білімінде 
олқылықтары барбілім алушылардың саны арқылы күрделі тақырыптар мен оқу 
мақсаттары анықталады. Егер тапсырманы өз деңгейінде орындай алмаған білім 
алушылардың саны көп болса, онда сол оқу мақсаттары күрделі болып 
есептеледі. 
Жоспарлау кезеңі 


135 
Жаңа оқу жылында іске асырылатын оқу мақсаттарына өткен оқу 
жылдарының сәйкес келетін оқу мақсаттарын кіріктіре отырып, қысқа мерзімді 
сабақ жоспарларын құрастыруға болады.
Ал сәйкес келмеген оқыту мақсаттары бойынша білімдегі олқылықтардың 
орнын толықтыру үшін жеке немесе топтық жұмыс жоспарларын әзірлеу 
ұсынылады. 
Жүзеге асыру кезеңі 
Жаңа сабақты жоспарлаудың алдында өткен оқу жылдарындағы оқу 
мақсаттары бойынша білімінде олқылығы бар білім алушыларға алдын-ала 
тапсырмалар әзірленеді. Оқу мақсаттарын жаңа сабаққа кіріктіру мүмкін 
болмаған жағдайда ата-аналары немесе заңды өкілдерінің келісімімен білім 
алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жаңа 
сабақтың алдында, каникул күндері (күзгі, қысқы, көктемгі), жазғы мектеп 
кезінде 
консультациялар/жеке 
консультациялар, 
қосымша 
сабақтар 
ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады.
Мониторинг жүргізу кезеңі 
Бұл кезеңде пән бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың 
орнын толықтыру мақсатында жүргізілген жұмыстарға әр тоқсанның соңында 
талдау жасалады. Сондай-ақ білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша 
қарастырылған оқу мақсаттарын формативті бағалауда, БЖБ және ТЖБ 
тапсырмаларын құрастыруда ескерген жөн. 
Әдістемелік ұсынымдамада үлгі ретінде 5-сыныптың үлгерімі төмен білім 
алушыларымен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың қадамдары мен 
тапсырмалардың үлгілері ұсынылды. 
1. 5-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнінен диагностикалық жұмыс жүргізу 
үшін 4-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінен оқу бағдарламасындағы 
оқыту мақсаттары зерделенеді. Ол үшін бастауыш білім беру деңгейінің
1-4-сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасын қарастырамыз [6].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет