АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
|
ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҮРЛЕРІ
|
МАЗМҰНЫ
|
Бірлескен
|
Зиянды тигізген топтың бірлесе отырып зиян орнын толтыру
|
Үлестік
|
Өзінің тигізген зиянының үлесіне байланысты әрқайсысының зиян орнын толтыруы
|
Қосымша
(субсидиарлы)
|
Басқа тұлғаның жауапкершілігіне қосымша жауапкершілік
|
Қайта талап ету (регрессивті)
|
Бір тұлғаның екінші тұлғаның ісі үшін жауапты болуы
|
Аралас
|
Кінә дәрежесіне сәйкес тараптардың өзара жауапкершілігі
|
ШАРТТАРЫ
|
Мінез-құлықтың қарама-қайшы болуы
|
Зияндардың немесе залалдардың болуы
|
Мінез-құлық пен салдардың себептік байланысы
|
Кінә болуы мен презумпциясы
|
САНКЦИЯЛАРЫ
|
Тәркілеу
– мемлекет пайдасына мүлікті қайтарымсыз алу
|
Ынталандырушы – зиянға байланыссыз айыппұл, пеня алу
|
Өтемақылық
– зияндардың орнын толтыру
|
Құқығын асыра пайдаланған жағдайда қорғаудан бас тарту
|
СҰРАУ МЕРЗІМІ: жалпы мерзімі – 3 жыл
|
Азаматтық жауапкершілік мүліктік болып табылады және өтемақылық сипатқа ие. Өйткені оны қолданудың басты мақсаты зиян шеккен тараптың (кредитордың) құқықтарын қалпына келтіру болып табылады. Кәсіпкерлердің азаматтық жауапкершілігі келісімшарттан тыс қатынастардан пайда болады. Ол өз кезегінде құқықтың сәйкес нормаларымен белгіленеді. Сонымен қатар, жасалған келісімшарттардың орындалмауы немесе дұрыс орындалмауы нәтижесінен шығады. Кінәлі тараптың жауапкершілік деңгейіне (рөліне) байланысты азаматтық жауапкершілік үлестік, бірлескен, қосымша және аралас болып бөлінеді (10-кесте).
Бірлескен жауапкершілік немесе бірлескен талап ету егер міндеттемелік зат бөлінбейтін жағдайда, бірлескен міндет пен талап ету келісімшартпен немесе заңмен қарастырылған жағдайда пайда болады. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты, бірнеше борышкерлердің міндеттемелері, осындай міндеттемедегі бірнеше кредиторлардың талаптары секілді бірлескен болып табылады, егер заңмен, басқа да құқықтық актілермен немесе міндеттеме шарттарымен, басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Борышкерлердің бірлескен міндеттемесі кезінде кредитордың барлық борышкерлерден немесе әрқайсысынан жеке түрде қарызды толығымен немесе белгілі бір бөлігін қайтаруды талап етуге құқығы бар. Бірлескен борышкерлердің бірінен борышын толық алып қанағаттанбаған кредитор міндеттеме толығымен орындалмайынша міндетті болып қала беретін басқа бірлескен борышкерлерден, сол борышкердің өтей алмағанын қарызын талап етуге құқығы бар. Борышкерлердің бірімен бірлескен міндеттеменің толығымен орындалуы, қалған борышкерлерді міндеттемелерін орындаудан босатады. Осылайша, өз үлестерін толық салмаған жауапкершілігі шектеулі қоғам қатысушылары, әр қатысушының міндеттемелері бойынша белгіленген салым мөлшерінде бірлескен жаупкершілікте болады.
Қосымша (субсидиарлы) жауапкершілік деп заңмен немесе келісімшартпен қарастырылған жағдайларда кредиторлар алдында міндеттемелерді дұрыс орындамағаны үшін, борышкермен қатар жауап беретін тұлғалардың (азаматтардың) қосымша жауапкершілігі танылады.
Қайта талап ету (регрессивті) жауапкершілік, заңдық тұрғыдан бір тұлғаның жауапкершілігін екінші тұлға өтейды. Мысалы, жұмыс беруші, өз жұмыскерінің әрекетінен болған зардапты, оны шегушіге өтегеннен кейін, зардап мөлшерін жұмысшыдан өндіріп алуға құқығы бар, яғни қайта талап ету әдісімен.
Аралас жауапкершілік деп екі тараптың да кінәсі бойынша міндеттемелерді дұрыс орындамау немесе толық орындамау нәтижесінде пайда болатын жауапкершілік танылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде кәсіпкерлік қызмет аясындағы қылмысты істерге арналған – «Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар» атты арнайы тарау бар.
«Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар» тарауы бойынша жиі кездесетін қылмыстық істерге келесілер жатады:
1) заңды кәсіпкерлік қызметке қарсы тұру;
2) заңсыз кәсіпкерлік;
3) жалған кәсіпкерлік;
4) заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражаттарды немесе басқа да мүлікті заңдастыру;
5) монополиялық іс-әрекеттер мен бәсекені шектеу;
6) тауарлық белгіні заңсыз пайдалану;
7) акцизделуге жататын тауарларды маркілеу ережелері мен тәртібін бұзу, акциздік алым маркаларын қолдан жасау мен пайдалану;
8) экономикалық контрабанда;
9) кедендік алымдар мен төлемдерді төлеуден бас тарту;
10) бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу;
11) кредиторлық борышты төлеуден бас тарту;
12) азаматтың салықты төлеуден бас тартуы;
13) ұйымдардың салықты төлеуден бас тартуы;
14) тұтынушыларды алдап-арбау;
15) мәмілені жасауға күштеу немесе одан бас тартуға күштеу.
Қылмыстық жауапкершілік келесідей түрлерде қарастырылған:
1) 25-25000 дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 2 аптадан 1 жылға дейінгі кезеңге сотталғанның жалақысының немесе басқа да табысының мөлшері ретінде айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысуға немесе белгілі бір лауазымынан айыру құқығы, негізгі жаза ретінде 1-5 жылға дейінгі аралықта және қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі аралықта;
3) 60 сағаттан 240 сағатқа дейінгі аралыққа қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) 2 айдан 2 жылға дейінгі тәртіп жұмыстарына жіберу;
5) 1-6 айға дейінгі аралыққа тұтқындау;
6) мүлікті тәркілеу арқылы немесе 6 айдан 15 жылға дейінгі аралыққа бас бостандығынан айыру.
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӘКІМІШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (ары қарай Кодекс) кәсіпкерлік қызмет, сауда мен қаржылар аясындағы, сонымен қатар салық салу аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға арналған арнайы тараулары бар (11-кесте).
11-кесте – Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |