Ќазаќстан республикасыныњ


Аялары Құқық бұзушылық түрлері



бет50/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

Аялары

Құқық бұзушылық түрлері

1

2

кәсіпкерлік қызмет аясында

1) сәйкесінше тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілігі туралы аттестатсыз (куәліксіз) кәсіпкерлік немесе басқа да қызметпен айналысу;

2) кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу;

3) бөтен тауарлық белгіні, қызмет көрсету белгісін, кәсіпорынның атауын немесе тауардың шығу орнын заңсыз пайдалану;

3) кәсіпкерлік қызмет туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау;

4) монополияға қарсы заңнаманы бұзу;

5) жалған кәсіпкерлік;

6) заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті сәйкесінше қайта тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу.


сауда мен қаржылар аясында

1) тауарлардың және басқа да заттардың заңсыз саудасын жүргізу;

2) құжатсыз тауарларды сату;

3) салықтық емес төлемдерді бюджетке толық мөлшерде немесе уақытысында төлемеу;

4) лауазымды тұлғамен бухгалтерлік есеп туралы заңды бұзуы;

5) заңды тұлғамен бухгалтерлік есеп туралы заңды бұзуы;

6) міндетті аудитті өткізуден бас тарту (шетелдік қатысуы бар барлық кәсіпорындарда міндетті жыл сайынғы аудит өткізілуі қажет);

7) төлемдерді өткізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген шектеулерді бұзу (басқа тұлғаның пайдасына 4000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша қолма-қол тәртіпте заңды тұлғалармен төлемдерді жүзеге асыру)


салық салу аясында

1) салық органында салық есебіне тұру мерзімін бұзу;

2) салық есептілігін ұсынбау, сонымен қатар салық төлеушінің мониторингін өткізу үшін құжаттарды ұсынбау;

3) салық салу, объектілерін көрсетпеу;

4) салық салу объектілерін, табыстары мен шығыстарын есепке алу ережелерін бұзу;

5) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да сомаларды төмендету;

6) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді ұстап қалу және (немесе) аудару бойынша салық агентімен және басқа да құзіретті орган алдындағы (ұйыммен) өз міндеттемелерін орындамауы;

7) Жалган шот-фактураны жазып беру;

8) акцизді тауарларды кіргізу, тасымалдау, өндіру, сақтау мен өткізу ережелерін бұзу;

9) акцизді алым маркаларымен акцизді тауарларды маркілеу тәртібі мен ережелерін бұзу;

10) фискалды жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзу;

11) салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын орындамау.


Кодекстің басқа тарауларында кәсіпкерлік қызметпен байланысты құқық бұзушылықтарды және олар үшін жауапкершілікті қарастыратын тараулар бар. Олардың ішінен жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:

1) белгілі бір тәртіпте бекітілген жобалық құжатсыз, сараптаманы өткізусіз немесе құрылыс жұмыстары құқығына рұқсат алмай объектілерді тұрғызу және қайта құру жағдайлары бойынша құрылыс, құрылыс-монтажды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, тұрғын үйлерді қайта жабдықтау мен қайта жобалау;

2) белгілі бір тәртіпте іске қосылмаған объектілер мен кешендерді іске қосу;

3) қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық талаптарды бұзу және жерді дұрыс пайдаланбау;

4) Қазақстан Республикасының шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзу.

Әкімшілік Кодекспен заңды тұлғалардың жауапкершілігі, ал Кодекстің жеке тарауларында – ұйымның лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі қарастырылған. Бұл жағдайда, кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында баскару фунциясын атқаратын, ұйымдастырушылық – реттеуші немесе ұйымдастырушылық – шаруашылық қызметтегі міндеттемелерді орындау барысында, әкімшілік құқықты бұзған басшылар мен басқа да қызметкерлер жауапты болады.



Дара кәсіпкерлер лауазымды тұлғалар ретінде әкімшілік жауапкершілікте болады. Кодекс тарауларында заңды тұлғаның жауапкершілігі қарастырылған жағдайда – дара кәсіпкерлер заңды тұлға ретінде жауапкершілікте болады.

Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік бестен екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш есебіндегі айыппұл түрінде, ал кейбір жағдайларда тіпті одан да жоғары көлемде қарастырылған. Кейбір құқық бұзушылықтар үшін айыппұл белгілі бір сомадан пайыздық мөлшерде есептелінеді. Мысалы, салық төлеуші – салық салу объектісінің заңды тұлғасы ретінде салық салу объектілерін көрсетпеген жағдайда, салық салу объектілерінің көрсетілмеген құнының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

  Айыппұлдардан басқа, Кодексте қосымша немесе өз бетінше жұмыс істейтін әкімшілік – құқықтық әсер етудің келесідей шаралары қарастырылған:

1) азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдіктерді Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару;

2) 15 тәулікке дейінгі әкімшілік тұтқындау;

3) құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу;

4) лицензия, арнайы рұқсат немесе білікті аттестат (куәлік) іс- әрекетін тоқтату.

Әкімшілік жауапкершіліктің қағидалары болып мыналар табылады:



  • заңдылығы;

  • жазаның даралығы;

  • материалды қарастыру мен ол бойынша шешім қабылдаудың жариялылығы;

  • жауапкершіліктің (жазаның) болмауының мүмкін еместігі;

  • тек құқық бұзу мен кінә болған жағдайдағы жауапкершілік.




    1. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘСІЛДЕРІ

Міндеттеме деп азаматтық заңнамада бір тұлға (борышкер) екінші тұлғаның (кредитор) пайдасына қатысты белгілі бір іс-әрекет жасауға деген құқық қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, бір тұлғаның (борышкердің): мүлікті беру, жұмысты орындап, қарызды төлеу және т.б. , немесе белгілі бір іс-әрекетті жасамау қабілеті, ал кредитордың борышкерден өз міндеттемелерін орындауды талап етуге құқығының бар болуы.

Міндеттемелер заң талаптары мен оның шарттарына, басқа да құқықтық актілерге сәйкес орындалуы қажет. Ал олар болмаған жағдайда – іскерлік айналым дәстүрлеріне және басқа да қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы керек. Іскерлік айналым дәстүрлер қандай да бір құжатта тіркелмеген, заңмен қарастырылмаған кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір аясындағы қалыптасқан және кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережесі болып танылады. Заңнамаға немесе келесімшарт ережелеріне қарама – қайшы қатысушылардың міндеттемелері сәйкесінше іскерлік айналым дәстүрлерге жатпайды.

Міндеттемелердің пайда болу негіздері :


  • Заңмен қарастырылған келісімшарт пен басқа да мәмілелерден, сонымен қатар қарастырылмаған, бірақта заңға қайшы келмейтін мәмілелерден.

  • Заңнама күшіне қатысты азаматтық-құқықтық салдарды туғызатын әкімшілік актілерден.

  • Заңнамалық актілермен тыйым салынбаған, негіздер бойынша мүлікті жасау мен сатып алу нәтижесінде.

  • Азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатқан сот шешімінен.

  • Өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді, ғылым, әдебиет және өнер туындылары салдарынан туындайтын және интеллектуалды қызметтің басқа да нәтижелерінен.

  • Басқа тұлғаға залал тигізу салдарынан.

  • Басқа тұлға есебінен мүлікті негізсіз сақтау немесе сатып алу (негізсіз баюы).

  • Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа да іс-әрекеттерінің салдарынан.

  • Азаматтық-құқықтық салдардың пайда болуына байланысты заңнамалық жағдайлар салдарынан.

Міндеттемені тоқтату негіздері:

    • дұрыс орындау;

    • борышты кешіру;

    • бас тарту;

    • орындау мүмкіндігінің болмауы;

    • есепке алу;

    • мемлекеттік орган актісі;

    • кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда;

    • азаматтың қайтыс болуы;

    • міндеттемені жаңарту;

    • заңды тұлғаның жойылуы;

    • заңнамамен және келісімшартпен міндеттемелерді тоқтатудың басқа да негіздері болуы мүмкін.

ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес міндеттемелерді орындау тәсілдері болып табылады:

      • айыппұл,

      • кепіл,

      • борышкер мүлкін ұстап қалу,

      • кепілгер болу,

      • банктік кепілдеме,

      • кепілпұл және заңмен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да тәсілдер (12-кесте).

12-кесте – Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет