1-сұрақ:
«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты,
деректік көздері мен
тарихнамасы
«Тарих» араб тілінен алынган сөз, мағынасы өткен күндер туралы әнгіме дегендi
бiлдiредi. Өткенді айкындап, баяндап беру деген мағынаны бiлдiредi. Тарих дегенiмiз -
жекелеген тұлғалардын, халыктардын, түрлі топтар- дын,
барлык адамзаттың нақтылы
және көп кырлы iс-әрекеттерiнiн, үдерiстер мен окиғалардын жиынтығы. Тарих
ғылымы. өзге де ғылымдар сиякты, даму өлшеміне сай көптеген адамзат ұрпактарынын
тәжiрибелерiн жинактады. Әлем тарихы материалдык және рухани өмірдін барлык
саласында адамзаттын мынжылдык тәжiрибесiн сактап келдi.
Тарих накты ғылым ретінде әлеуметтік-гуманитарлык,қоғамдык гылымдар шенберiне
кiредi.
Сондай-ак, адамзат коғамын түрлi қырынан зерттейдi: (философия, саясаттану,
әлеуметтану, экономика, құқыктану, филология, мәдениеттану,
лингвистика,
математика, физика және т.б). Алайда бұл ғылымдардың ешқайсысы адамзат
коғамынын дамуын толык қамти алмайды. Тарих ғылымы ғана адамзат қоғамын
тұтастыкта қарас- тыра алады. Тарих ғылым мен пән ретiнде аса манызды бiлiм
саласына жатады. Бүгiнгi жас ұрпақ өз елінін, жерiнiн, ата-бабаларынын тарихын бiлiп,
оның жақсысынан үйренiп, жаманынан жиренiп қорытынды жасауы тиiс.
Дуниежүзiнiң атакты ойшылдары мен ғалымдары тарихтың коғамдагғы алатын орнына
жоғары баға берді. Мәселен, екінші устаз аталган Әбу Насыр әл-Фараби: «Тарихты
бiлмей, өткенді, казiргi жағдайды бiлу, келешекті болжау киын». десе, орыстың атақты
зерттеушiсi Н.М. Карамзин: «Тарих - әрбiр ұлттың ен басты кiтабы», дейдi. Ал Н.Г.
Чернышевский: <<Тарихты акыл-есi толык дамымаған адам ғана сүймеуі мүмкін», -
десе, бул ойды XX гасырдын бас кезiндегi қазақ ғылымы мен бiлiмiнің Хантәнірісі А.
Байтұрсынов былай деп жалғастырады: «Сөздiң ен ұлысы, ен сипаттысы - тарих».
Тәуелсiз Казакстан жағдайында онын мемлекеттiк мүддесiне сай халыктың тарихи
санасын қайта қалыптастыру - елдiн айқын келешегі мен ұрпактар сабақтастығы үшiн
аса маңызды екенi белгiлi. Бұл тұрғыда тарих ғылымынын атқарар рөлi де,
көтерер
жүгi де, елдiң ұлттык нышанын, тарихи дәстүрi мен мәдениетiн сақтап, келер ұрпакка
жеткiзу жауапкершiлiгi де зор.
Тарих дегеніміз - халыктын зердесі. Ол болып өткен окига- лардан куралады, оны
түзете алмайсын және жанадан жаза ал- майсын. Біз оны бүкiл кайшылыктарымен
және кайгылы бетте- рiмен коса, ол кандай болса, нак сондай куйiнде кабылдауға
тиіспіз.
Өткенiмiз бен бүгiнiмiздiн, тапканымыз бен жоғалтқанымыздың тағылымын
туйiндеуге Елбасымыз Н. Назарбаевтың өзі мән берiп, 1999 жылы «Тарих
толқынында» деген еңбегiн жариялады, онда Елбасы: «Казакстанның сана-сезiмi,
өткендегі қазiргi және болашактағы тарихтын толкынында өзінің ұлттық «Мен>>
дегізерлік қасиетiн түсiнуге тұнғыш рет ендi ғана мүмкiндiк алып отыр...
Бiрак бұл
мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек қазақтардын ғана емес, барлык қазақстандыктардың
жаппай санасына орныққан фактіге айналуы кажет», деп тұжырымдайды.
Сонғы жылдары коғамдагы өзгерiстермен бiрге тарих ғылымында да манызды
бетбұрыстар болып жатыр. Казакстан тарихынын ең елеулi ақтандактары жойылып
келедi. Казакстан Республикасының Президент жанындағы Мемлекеттiк саясат
жөніндегі ұлттык кеңес «Қазақстан Республикасының тарихи санасын қалыптастыру
тұжырымдамасын» кабылдап, онда өткенді және казiргiнi ой елегінен өткізу
кажеттiгiн, Казакстан және онын халкының тарихи тағдырына талдау жасауды
жандандырып, тереңдете түсуді мейлінше талап етеді.
Тарихсыз болашактың
бұлынғыр екенiн негiзге алып, Елбасынын ұйғаруымен мемлекет денгейiнде «Мадени
мұра», «Халык тарих толкынында» бағдарламалары қабылданып, «Қазақ хандығының
550 жылдык» мерейтойы атап етiлдi.
Коғамның обьективті тарихи білім алу кажеттiгiн, Қазақстан тарихы үрдерісінің
үздiксiздiгiн, қазақ халкы тарихы мен мәдениетiнiн ежелден бастап қазiргi күнге
дейiнгi сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету - бүгiнгi жас
ұрпакты отансүйгіштікке, патриоттыкка тәрбиелеудегі алдымызда тұрған аса маңызды
мiндеттердiн бiрi. Сондыктан да Қазақстан тарихынын курсы жеке пән есебiнде
жоғаргы оқу орын- дарындағы барлык мамандыктардын оку жоспарларына енгiзiлген.
Казакстан тарихы пәнiнiң максаты - ежелгi заманнан бүгiнгі күнге дейінгі Қазақстан
аумағындағы тарихи үдерiстiн негiзгi кезендерi мен ерекшелiктерi
туралы толык
мағлұмат беру. Бұл жерде қазақ халкынын және мемлекеттілігінін, дәстүрлі
шаруашылық, өзiндiк көшпелi материалдык және рухани мәдениеттiң калыптасуы
мәселелерiне ерекше назар аудару кажет. Студенттердi тарихтын өзектi және басты
мәселелерiмен танысты- py;танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттердi
үйрету және оларда ғылыми көзкарас қалыптастыру болып табылады. Қазакстан
тарихы пәнiнiн мiндеттерi:
• аукымды және накты тарихи материалдарды окып уйрену
• проблемалык дәрістер әдiсiн колдану жолымен студенттерде шығармашылык
ойлауды калыптастыру;
• Қазакстан тарихынын гуманитарлык пәндер жуйесiндегi орнын, онын обьектісі мен
пәнінің ерекшеліктерін, ен өзекті проблемаларын аныктау;
• тарих және тарих ғылымынын рөлі,
онын салалары мен бағыттары, тарихтын белгiлi
кезендерiндегi әлеуметтік және саяси проблемалары туралы түсiнiк калыптастыру.
Студенттер Казакстан тарихын казак мәдениетiнiн ажырамас белiгi ретiнде игерiп,
ұлтымыздын сан ғасырлык тарихынан сабак алып, жүйелеп, негiзгi кезендерiн толык
менгеруi кажет.