Қазақстан 1993 жылы ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы қызметі саяси-құқықтық жағынан жүйеленді, сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатының ерекшелігі - көпвекторлық пен теңгермелілікті, әріптестердің сыртқы саясаттағы ұстанымдарында тәуелділіктің болмауын, кез келген аймақтың даму жағдайын, әлемдік нарықтағы конъюктуралық өзгерістерді ескеріп отыруды көздейді.
Көпвекторлық - тәжірибе жүзінде біздің көршілерімізбен (ТМД мемлекеттері), сондай-ақ Батыстың, Азия мен Таяу Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерімен өзара ынтымақтастықты білдіреді.
Ресей, Қазақстан және Белорусия арасындағы КО
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.
Қазіргі Кедендік Одақтар
Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
[өңдеу]Қарамақайшылықтар
Кедендік одаққа қатысудан Ресей, Қазақстан және Белоруссия қандай дивидендтер алатындығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды. Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдайды, болашақ еуропалық қауіпсіздік сәулетіне қатысты үнқатысуды ұйымдастыруды нығайтуға және оны дамытуға тырысатын болады
АСТАНА, 1 қаңтар 2010 жыл – Бүгін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды.
«Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел және бұрынғы кеңес одағы республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады., - деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
«ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ.
Сөзін жалғасытра келе ол: «Қазақстан «Корфу процесін» жалғастырады және ұзақ қақтығыстар өңіріндегі ахуалды тұрақтандыру мен оларды шешудегі, халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы, толеранттылық пен өзаратүсіністікті нығайтудағы ЕҚЫҰ жұмыстарына жаңа серпін беруге тырысатын болады. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл, Хельсинки қорытынды актісіне 35 жыл және жаңа Еуропалық Париж хартиясына 20 жыл толуы қарсаңына келетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық пен оны ұйымдастыруға қатысты барлық ЕҚЫҰ серіктестерімен белсенді жұмыс жүргізетін болады.»- деді.
Қ. Саудабаев төрағалықты 2009 жылы ЕҚЫҰ-да төраға болған Грекия Премьер-министрі-Сыртқы істер министрі Георгиос Папандреудан қабылдап алды.
«Мен Премьер-министр Георгиос Папандреға ЕҚЫҰ-дағы төрағалық кезіндегі жемісті еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді – деді Қ.Саудабаев. – Сонымен қатар мен Литваны және оның оның Сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкасты Үштікке қатысуымен құттықтағым келеді».
Жаңа төраға Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы кезіндегі басым бағыттары туралы 14 қаңтарда Венада ЕҚЫҰ-ның басты органы болып табылатын Тұрақты кеңес отырысындағы баяндамасында мәлім ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |