Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет133/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137
13 - 14-дәріс.
Тақырыбы: Бөгде сөз, оның түрлері.
Дәрістің мақсаты: Бөгде сөз, оның зерттелуі, түрлері, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін таныта отырып, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарымен таныстыру.
Дәрістің мазмұны:

  1. Бөгде сөз және оның түрлері;өзіндік ерекшеліктері.

  2. Төлеу сөз.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары.

С. Аманжолов өзінің «Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсында» төл сөз, автор сөзі туралы: - Бұл төл сөз автор сөзі деген синтаксистін ең бір күрделі бөлімі болып саналынады.Сондықтан да бұл мәселе өз алдына жеке айтуды да қажет етеді.Мектеп грамматикасында бұл ең соңында айтылады.Ал тіпіті ғылыми грамматикада, орыс тілінің өзінде де бұған ерекше тоқталады.Бізде төл, төлеу және бөгде сөз туралы айта кету керек, мектепте арнайы кітаптардан басқа айрықша бірде- бір зерттеу жұмысы жүрген жоқ, - деген екен сонау 40 жылдардан бастаған еңбегінде.
Адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесінде әрдайым өз сөзін айтумен ғана шектеліп қалмайды.Белгілі бір мақсатқа, ситуацияға байланысты басқа біреудің сөзін жеткізу жағдайы жиі кездесіп отырады.Ондай бөгде сөздің түрлері қазақ тілінің синтаксисінде төл сөз және оның түрлері, сондай-ақ төлеу сөз, жартылай төл сөз, ортақ төл сөз деген атауларға ие болып жүр ( М. Серғалиев) .
Автор баяндауын басқа біреудің айтқаны ретінде енген сөз бөгде сөз деп аталынады.Осы сипат бөгде сөзді танудың басты көрінісі.
Бөгде сөз – сөйлеушінің жақтық көрінісіне бағынышты емес, ол өзіндік сипатқа ие синтаксистік категория.Ол сипаты текст ішінде бөлекше айтылу процесі ретінде көрінуі ( М. Балақаев, Т. Қордабаев).
Ал Р. Әміров бұндай құрамдағы сөйлемді бөгде сөз қатысқан конструкция деп атайды.Бұл конструкцияда екі негізгі қараушы компонент бар.Олар – автор сөзі және бөгде сөз.Автор сөзі бір синтаксистік тұлға ретінде қарастырылады да бөгде сөз соған қыстырылған компонент ретінде қатысады.Бөгде сөз жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрінде қатысумен қатар ол бірнеше дара сөйлем түрінде де қатыса алады.
Бөгде сөз тіл білімінде мына түрге топтастырылады:

  1. Төл сөз

  2. Цитата ( Дәйексөз)

  3. Төлеу сөз

Ал М. Серғалиев төл сөзді өз ішінде бірнеше түрге бөледі.Олар: диалог, дәйексөз, төлеу сөз , жартылай төл сөз, ортақ төл сөз.
Сұрақтар:

  1. Сөйлеу тілінде төл сөзді қандай мақсатпен неге қолданамыз?

  2. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың қандай жолдары бар?

Әдебиеттер:
1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971.
2.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1984
3.Серғалиев М. Күрделі синтаксистік тұтастық. Алматы,1989.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет