11 - дәріс. Тақырыбы: Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас.
Дәрістің мақсаты: Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің табиғаты, оның құрамындағы бағыныңқы сөйлемдердің басыңқымен байланысу сипатына қарай түрлерімен таныстыру.
Дәрістің мазмұны: Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге сипаттама.
Компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай түрлері.
Сабақтас құрмалас сөйлем тек екі предикативтік бөліктен ғана, демек, бір ғана бағыныңқы компонент пен бір басыңқы компоненттен бола бермейді. Кей жағдайда сабақтастың құрамындағы компоненттердің саны үш, төрт, одан да көп болуы мүмкін. Бағыныңқы компонент қанша көп болса да, басыңқы компонент біреу ғана болады.
Міне, осылайша бір басыңқыға қатынасты бірнеше бағыныңқыдан тұратын сабақтас құрмалас сөйлем көп бағыныңқылы делінеді.
Көп бағыныңқылы сабақтас мазмұны жағынан да, құрылымдық жағынан да әр түрлі болып келеді. Құрылымына қарай көп бағыныңқылы сабақтас
жарыспалы бағыныңқылы