Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем



Дата11.01.2017
өлшемі144,99 Kb.
#7377
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сабақтас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем мен салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білу және сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:: Адамгершілікке, ана тілін қадір тұтуға, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: кеспе қағаздары, слайд

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру;

Оқу құралдарын тексеру;

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;


ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Зымыран сұрақтар:

(Адай күйі)

1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата

3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4. Салалас құрмалас сөйлемнің байланысу тәсілі қандай?

5. Жалғаулық шылаулар түрін ата

6. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?

7. Қарсылықты салалас дегеніміз не?

8. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?

9. Себеп - салдар салалас дегеніміз не?

10. Талғаулы салалас дегеніміз не?

11. Кезектес салалас дегеніміз не?


ІІІ Үй тапсырмасын бекіту

Семантикалық карта



Р/С

Мысалдар

Ыңғайлас салалас

Себеп – салдар салалас

Қарсылықты салалас

Түсіндірмелі салалас

Талғаулы салалас

Кезектес салалас

1

Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.







+










2

Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.

+
















3

Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді.




+













4

Кейде қар жауады, кейде боран тұрады
















+

5

Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді













+




6

Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айғайлады.










+







7

Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады.

+
















8

Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын.




+













9

Мені жұмсаған жоқ, өзім келдім.










+







10

Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.













+



10 сұрақ – «5»

8 - 9 сұрақ – «4»

7 - 5 сұрақ – «3»

4 - 1 сұрақ - 2
ІҮ Жаңа сабақтың мақсатын қою

1. Тақтаға бүгінгі күнді жазамын.

2. Міне, білімге құштар оқушылар, біз құрмаластың тағы бір түрімен танысқалы отырмыз. Күнделікті қолданып жүрген сөйлемдердің құрылымына зерделей қарап, құрамындағы жай сөйлемдердің байланысына мән беру, құпиясын ашу өздеріңе де ашу қызық болар. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қызықты әлеміне қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемнен ажыра білу және сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгеру болып табылады.


Ү Жаңа сабақ

Жаңа сабағымызды әдебиеттің көрнекті өкілдерінің ауылдарына саяхат жасау арқылы жалғастырамыз.

Олай болса «Абай» ауылына қош келдіңіздер!
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз
Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянаақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.

Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.

Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз.

Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай – күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.

Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып,....

Машина жолда бөгелмесе,....

Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан,....

Кең даланы сұлу сағым басты.

Тура үш сағатта барып қаламыз.

Жаңағы жай – күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.

Бағыныңқы сөйлем - құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі тиянақсыз, сондықтан өз алдына бөлек айтуға келмейді.

Басыңқы сөйлем - құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемі тиянақты, өздігінен дербес айтыла береді.

Сабақтас құрмаластың сызбасын былай көрсетуге болады.


Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарының сызбасы


Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сызбасы

1. Шартты рай

- са, - се

Мен келсем, оқушылар жиналып отыр екен.

2. Көсемше

- а, - е, - й, - ып, - іп – п, - қалы, - келі,- ғалы, - гелі

Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.

Осы хабарды жеткізіп, Есен жөніне кетті.



3. Есімше

Ша/ше, дай/дей жұрнақтары немесе жатыс, көмектес септік жалғаулары, болмаса – дықтан/діктен қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары немесе кезде, шақта, уақытта көмекші сөздерінің келуі арқылы жасалады

Хамит пен Кенжебектің қарасы үзілгенше, Қалиша мен Ермек үйге кірмеді.

Осы хабардың өзі жанға арқау болғандай, келушілер көңілденіп тарасты.

Ауыл шетіне іліге бергенде, жолаушылардың алдынан екі – үш бала жүгіріп шықты.

Ай әлі тумағанмен, самсаған жұлдыздың жарығы жақын тұрған қара – қараны анық аңғартады.

Әбден тозығы жеткен ескі үй болғандықтан, оған ешкім кірген жоқ.

Осы үйге келген сайын, өткен күндер елесі азалайды.

Енді Ұлжан мен Зейнептің екеуі бірдей қостаған соң, Раушанның әңгімесін тез доғарғысы келмеді

Елдің бәрі үйді – үйіне ағылған кезде, ол орнында қозғалмастан тұрып қалды.



4. Етістік негізді

- ысымен (ісімен)

Бәрі жиылысымен, Айбек ойын ортаға салды. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтанып қар да түсе бастады.

Сабақтас құрмаластың жасалу жолы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышына қарай белгіленеді.


Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері:

 Шартты бағыныңқылы,

Қарсылықты бағыныңқылы,

 Себеп – салдар бағыныңқылы,

 Қимыл - сын бағыныңқылы,

 Мезгіл бағыныңқылы,

 Мақсат бағыныңқылы
Сабақтас құрмалас сөйлемдер ара-жігін үтір арқылы ажыратылады.
ҮІ Түсінігін тексеру

Жаңа сабақ түсінікті болса Абай атамыздың ауылынан шығып Шәкәрім атамыздың ауылына барайық.


Жаттығумен жұмыс

Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырат.

Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты. Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ. Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын жона алмайды. Халық тарықса, үкімет жұтайды. Сырекеңді ала кетейік, өйткені жер мөлшерін со кісі ғана жақсы біледі. Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім. Кітапты тауып алмағанда, құпия сырын ұғынбас едік.


Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.

Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты

Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ.

Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын жона алмайды.

Сырекеңді ала кетейік, өйткені жер мөлшерін со кісі ғана жақсы біледі.

Халық тарықса, үкімет жұтайды.

Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім..

Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.




Кітапты тауып алмағанда, құпия сырын ұғынбас едік.

Тақтамен жұмыс.

Шәкәрім атамыздың ауылынан дәм татып, тапсырманы дұрыс орындадыңыздар, келесі кезекте Жамыл атамыздың ауылына ат басын тірейік.

Сөйлемді аяқта

1) Орталыққы елден бұрын жеткісі келсе де,...

Жолда не көлік, не атты кездеспегендіктен,...

Осы хабарды естігелі бері,...

Егер таң сәріде шығып кетсе,...

1. 2

Бағыныңқы сыңар

Бағыныңқының баяндауышы

Басыңқы сыңар

Орталыққы елден бұрын жеткісі келсе де,...







Жолда не көлік, не атты кездеспегендіктен







Осы хабарды естігелі бері,...







Егер таң сәріде шығып кетсе,...






Келесі кезекте ұлы жазушы Мұхтар атамыздың ауылына барайық.



Сергіту сәті


с

а

л

а

л

а

с







қ

ұ

р

м

а

л

а

с




б

а

р

ы

с













а

р

а

л

а

с










т

ұ

й

ы

қ













з

а

т

е

с

і

м







а

н

ы

қ

т

а

у

ы

ш

с

а

л

т















1. Тең дәрежеде байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі қалай аталады?

2. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемнің түрі.

3. - ға, - ге, - қк, - ке қай септіктің жалғауы?

4. Бірнеше жай сөйлемнен құралып салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас сөйлем қалай аталады?

5. Дауысты дыбыстан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын түрі қалай аталады?

6. Заттың атын білдіретін сөз табы.

7. Кімнің? Ненің сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі қалай аталады?

8. Табыс септігін қажет етпейтін етістік түрі.

Мұхтар атамыздың ауылынан дәм татып берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар, олай болса Шортанбай атамыздың ауылына қош келдіңіздер!

Салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмала сөйлемге айналдыр.

Олардың бәрін үйге апарды да, торға қамап қойды. (Олардың бәрін үйге апарып, торға қамап қойды.)

Айғай ұзаққа созылды және еш нәрсені түсінерліктей болмады. (Айғай ұзаққа созылса да, еш нәрсені түсінерліктей болмады.)

Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді. (Мезгіл кешкіріп кеткендіктен, қонуға тура келді.)

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. (Қына тасқа бітсе, білім басқа бітеді.)

Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады. (Білген адам тауып айтса, білмеген адам қауып айтады)


Келесі кезекте Мағжан атамыздың ауылына ат басын тірейік.

Сызбаны сөйлет.

/.................../ келе, /.................../.

/.................../ ойлап, /.................../

/................../ естігелі, /..................../.

/..................../ көргенше, /- - - - - - - - /.

/...................../ оқығандай, /- - - - - - - - /.

/....................../ жазғанда, /- - - - - - - - -/.

/...................../ білгенмен, /- - - - - - - - - /.

/......../ танығандықтан, /- - - - - /.

/........./ оқыған сайын, / - - - - - /.

/........../ естіген кезде, / - - - - /.

/........../ барған соң, / - - - - - - /.

/................/ келгенге шейін, /- - - - /

/.............../ айтқаннан бері, / - - - - - /

/......................... келісімен / - - - - - - - /.


ҮІІ Қорытындылау

Махамбт атамыздың ауылына қош келдіңіздер!

Баламалы тест (ия - жоқ) Сұрақтарды мұғалім оқиды дұрыс болса ия, дұрыс емес болса жоқ деп жауап береді.

1. Сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір - біріне тәуелді болмайды. (жоқ)

2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер қосымшалар арқылы байланысады. (ия)

3. Құрмалас сөйлемдер күрделі ойды білдіреді. (ия)

4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің 4 түрі бар (жоқ)

Майлықожа атамыздың ауылына ат басын тірейік.

Сабақтас
Бағалау

Балалар, көп ауылды аралап, өзімізге керекті мәліметтерді қоржынымызға жинадық, өзіміздің ауылымызға қайтатаын сәт те келіп жетті. Олай юлса Ілияс атамыздың ауылына үй тапсырмасын алып аттанайық.

ҮІІІ Үй тапсырмасы.

І деңгей: Сабақтас құрмалас сөйлемге 5 мысал жазу



ІІ деңгей: 121 – жаттығу:

ІІІ деңгей: «Сабақтастыра сөйлесем...» тақырыбында сабақтас құрмаластардың маңызы мен мәні туралы шағын пікір жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 12bd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12bd -> Сабақтың тақырыбы: «§56.Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы.Қазақстанның «Қызыл кітабы»
12bd -> Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
12bd -> Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет