№9 орта мектеп
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Ма,(ме),ба,(бе),па,(пе)шылаулары
Жаңаөзен 2014/2015 оқу жылы
Пәні: қазақтілі
Сынып: 4
Сабақтыңтақырыбы: Ма /ме/,па/пе/,ба/ шылаулары
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Ма /ме/, па/пе/, ба/бе/ шылаулары сөйлемге сұрау мәнін үстеп сұраулы сөйлем жасаудың бір жолы болып табылатынын және олардың өздері тіркескен сөзден бөлек жазылатынын түсіндіру
2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Сауатты, көркем жазуға, ізденімпаздыққа, мақсатқа жете білуге, көпшіл, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:СТО стратегиясы, сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта
Барысы
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық Слайд №1
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз,
Топқа бөлу:Жаңылтпаш.Мақал-мәтел.Жұмбақ
Слайд №2Топтық ережемен таныстыру.
Слайд №3 /Эпигров сөз/
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім.
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім / Ж.Молдағалиев/
Слайд№4 «Қайталау анасы»
ІІ.Өткенді сабақты пысықтау.16-жаттығуды оқытып тексеру.
-Біз қандай сөз табымен танысып жатырмыз?
-Шылау дегеніміз не?(Шылау.Шылауға топтастыру стратегиясын құру.)
Шылау: сұраққа жауап бермейді, өз алдына толық мағынасы жоқ,сөзден бөлек жазылады, сөзбен сөзді байланыстырады, бірыңғай сөздермен қайталанып келсе, үтір қойылады.
ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық. Слайд №5 «Ойлан да тап!»
/Көп нүктенің орнына тиісті сөз, жұрнақ қоямыз./ Сұрақ-жауап алу. Ереже қорыту
ІҮ. Жаңа сабақ. Слайд №6
Екі К күресті,
Арқаларын тіресті.
Бұл қай әріп? Әрине Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық. Жарас жарыста жеңіске жетті.
Ү. Оқулықпен жұмыс «Артық білім кітапта»
19-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Ауызша орындату.Әр топтан жұмбақ сұрап, шешуіне дыбыстық жасату.
Сергіту сәті.
20-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Шылаулардың астын сыз. Олар қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айт.
«Кім жүйрік?» ойыны.21-жаттығу Жаңылтпашты оқып, жатқа айт./Уақыт беру./
-Жаңылтпаш білесің бе? Шылауларды тап.
«Шығармашылық жұмыс» /Ребусты шешу,шешуіне мақал-мәтел айт./
І топ тапсырмасы:Дос дегенді қалай түсінесің.
ІІ топ тапсырмасы: Достық туралы өлең жаз.
ІІІ топ тапсырма Достық туралы мақал-мәтел/Әр топты тыңдау/
ҮІ.Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақ бойынша бір-бірімізге сұрақ қоямыз.
-Шылау дегеніміз не?
-Мен, бен, пен, және сөйлемде қандай қызмет атқарады?
- Да, де, та, те шылаулары қандай мағана береді?
Ма,ме па,пе,ба,бе шылаулары туралы не түсіндік?
-Басқа қандай сөз табын білеміз?
-Тікелей етістіке байланысты сөз табы?
ҮІІ.Үйге тапсырма /22-жаттығу/Ма(ме), ба(бе),па (пе) шылауларын қатыстырып 3-4 сөйлем құрап жаз.
ҮІІІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |