Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Вульгарлы көпіршік



Pdf көрінісі
бет262/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

101-сурет. Вульгарлы көпіршік 
102-сурет.
Жапырақ тәрізді көпіршік 

Ашық-қызыл эрозиялар өзгермеген кілегей қабаттарда 


орналасады. 
Эрозияның 
шетінде 
көпіршік 
қабығының 
қалдықтарын көруге болады, оларды ұстап жайлап тартқанда 
Никольский белгісі жеңіл анықталады 
(101-сурет)
. Көпіршіктің 
қабығының қалдықтары эрозияны жауып, эрозияның сұртүсті-
ақшыл жабындымен жабылып тұрған тәрізді болады. Бұл 
«жабынды» шпательмен жеңіл алынады. Егер уақытында 
диагнозы анықталмай, мерзімінде ем басталмаса, ұрт, таңдай 
кілегей қабаттарында, тілдің астыңғы бетінде орналасатын бірең-
сараң эрозиялармен бірге, сол жерлерде жаңалары пайда болып, 
бір-бірімен қосылып, үлкен, жазылуға бейімділігі байқалмайтын, 
эрозиялық аймақтар пайда болады. Тағам ішу және сөйлеу өте 
қатты ауырсынуға байланысты мүмкін болмай қалады. Әдетте, 
ауыздан арнайы қатты шірік иісі шығады. Теріде көпіршіктер 
орнында ылғалды полициклдік сипатты ошақтар пайда болады.
Тері қабатының регенерациясында қоңыр түсті қабықша, соңынан 


ошақ орналасқан жерде сұр түсті пигментация қалыптасады 
(102-
сурет)
. Өзінен-өзі (спонтанды) жазылуға бейімділік байқалғанда 
немесе стероидты терапия демеуімен көпіршіктер бұзылмайды, 
бірте-бірте шөгіп, жұқа қабықшаға айналады. Егер ағымы қатерсіз 
болса, науқастың жағдайы өзгермейді. Қатерлі ағымында жалпы 
жағдайы әлсірейді, септикалық қызба, әсіресе екіншілік инфекция 
қосылғанда, 
эозинофилия, 
тіндерде 
натрий, 
хлоридтер 
жиналғанда, белок мөлшері азайғанда айқынырақ, пайда болады. 
Қандағы белок фракцияларының, A, G, M иммуноглобулиндердің 
мөлшерлері өзгеруі анқыталуы мүмкін.
Көпіршікте әдетте, қышыну болмайды. Кей кезде көптеген 
эрозиялар қатты ауырсынуды туғызуы мүмкін, көбіне төсектегі 
қалпын өзгерткен кезде, жарасын қайта таңғанда пайда болады. 
Әсіресе, зақымдалулар ауыз қуысында, еріннің, жыныс 
мүшелерінің қызыл жиегінде орналасқанда науқастар қатты 
қиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет