Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина


Миокард зақымдануынан болған өлім



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
index
planir zemlep kurs lekcij na kaz yaz 2, Орман кейс

Миокард зақымдануынан болған өлім.  Миокард инфаркты жиі 
адамдарда  байқалады,  ал  жануарларда  сирек  дербес  ауру  ретінде  емес, 
көбіне  басқа  аурулармен  асқынған  түрінде  кездеседі,  мысалы 
жылқыларда жұқпалы анемиясында болады.     
 
 
Кенеттен  болатын  өлім  негізінен  миокард  инфарктіне  қарағанда, 
көбіне жиі миокардтың дистрофиялық өзгерісі болып табылады.  
 
Ауылшаруашылық  жануарлардың  барлық  түрлерінің  төлдерінде 
ақ  бұлшық  етті  ауруы  (миодистрофия)  кең  таралған.  Қаңқалық  және 
жүрек бұлшық етінің некрозы  ақ бұлшық ет ауруы кезінде байқалады. 
Өлген  бұлшық  еттер  жиі  әктенеді,  ал  жазылғанда  дәнекер  ұлпамен 
алмастырылады.  Өлім  жиі  жүрек  салдануынан  болады.  Суық,  аз  ғана 
болсада  ауыр  жұмыс  жасау    өлімге  әкелу  мүмкін.  Мысалға,  енесінің 
артынан  жүгіріп    өту  қозы  үшін  жиі  өлімге  әкелуі  мүмкін.  Миокардта 
және  қаңқалы  бұлшық  етте  ақ  дақтар  мен  жолақтар  өлікті  жарып-
сойғанда    анықталады.  Гистологиялық  зерттеу  кезінде  миокард  пен 
қаңқалы  бұлшық  ет  зақымдануларында  некроз  ошақтарын  және  әктас 
қыртыстарын,  бұлшық  еттер  талшықтарының  үйіндіге  дейін  ыдырауын 
анықтауға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиі 
жануарларда 
кенеттен 
болатын 
өлім 
миокардтың 
дистрофиялық  және  қабыну  кезіндегі  өзгерістерінде  байқалып,  қатерлі 
формадағы  аусылда  басталады.  Жарып-сою  барысында  миокардтың 
біркелкі  емес  боялуы  байқалады.  Миокард  кейде  некроз  нәтижесінде  
және  бұлшық  ет  талшықтарының  жеке  түйіндерінің  дистрофиясында 
(тарлан жүрек) шұбар болып келеді.  
Миокардтың 
дистрофиялық 
өзгерісі кезінде және кенеттен болатын өлім салдары болып жиі басқа да 
жұқпалы  (лептоспироз,  жылқы  энцефаломиелиті  және  т.б.)  және 
жұқпалы  емес  (жылқылардағы  паралитикалық  гемоглобинурия, 
сиырдың  туу  кезіндегі  шала  салдануы,  кейбір  уланулармен  және  с.с.) 
ауруларында байқалады. 
 
 
 
 
 
 
 
Жүрек өлімі. Жүрек өлімі осы күнге дейін аз зерттелген, көбінесе 
бордақыланатын шошқаларда және торайларда, сирек енесінен айырған 
және  емізулі  төлдерде  көрінеді.  Кейде  жаппай  сипатта  кездеседі. 
Энзоотия түрінде жүрек өлімі қозыларда және кей жағдайда бұзауларда 
да кездеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жүрек  өлімі  кезінде  әдетте  шошқаларда  тәбетінің  төмендеуімен, 

 
119 
ентігу,  сирек  құсу,    іш  өту,  бұлшық  ет  және  жүрек  әлсіздігі,  діріл, 
жамбастың  артқы  бөлігінің  салдануы,  ит  сияқты  отыру,  коматозды 
жағдай болады.   
 
 
 
 
 
 
 
Жануарлардың  тасымалдануы,  біраз  арақашықтыққа  айдау,  екпе 
егу дерттің пайда болуымен қатар және өлімге әкелуге жағдай жасайды. 
Кейде  өлім  жем  беру  кезіндегі  мазасыздық  жағдайында  туындауы 
мүмкін.     
 
 
 
 
 
 
 
 
Өлексені 
жарып-сою 
барысында 
тоқырау 
құбылыстары 
байқалады.  Бауырда  олар  ағзаға  жұпар  (мускатный)  түр  береді.  Дене 
қуыстарында  транссудаттардың  жиналуы  байқалады,  анық  байқалатын 
жүрек  бұлшық  еттіндегі  өзгерістер  мен  барлық  жүрек  қуыстарының 
ұлғаюы;  жүрек  бұлшық  еті  пісірілген  ет  түсіне  немесе  шұбар  бола 
бастайды, жолбарысты, онда сұр ұяшықтар мен жолақтар шығады. 
 
Жиі  дистрофиялық  өзгерістер  гистологиялық  зерттеулер  кезінде 
бұлшық ет талшықтарының гиалинді-үйінді ыдырауларында кейде әктас 
қабаттары  пайда  болуы  байқалады.  Сонымен  қатар  миокардта 
капиллярлардың ұяшықтарының қанмен кеңеюі кездеседі.  
 
 
Миокардтың  зақымдануымен  қатар  қаңқалы  бұлшық  етте  дәл 
солай  болып,  әсіресе  сегізкөз  аумағы,  сауыр  және  жамбас  артқы 
бөліктері зақымдалады. Сол кезде оларда да сұр түске боялған бөліктер 
(балық  еті  деп  аталады)  табылады.  Кей  мәліметтерде,  дерт 
гастроэнтеритпен қатар жүреді. Шошқалардың жүрек өлімінде миокард 
жойылуының түпкілікті себебі анықталмаған, кейбір авторлар пікірінше, 
ол көп жағдайда полиэтиологиялық болып табылады. 
 
 
Транспорттық  ауру.  Бұл  ауру  көбінесе  ірі  қара  малдарды 
тасымалдау кезінде немесе тасымалдаудан кейінгі бірнеше күннен кейін 
кездеседі.  Аурудың  себебі  стресс-фактордың  микроорганизмдер  - 
пастерелла,  вирус  параинфлуэнца-3  немесе  ринотрахеит  әрекетімен 
байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ауырған  малдарда  тәбет  жоғалуы,  тыныс  алу  жиіленуі,  ылғалды 
жөтел,  дене  қызуы  жоғарылайды,  іш  өту  байқалады.  Жарып-сойған 
кезде  гиперемия  және  өкпе  домбығуы,  кейде  геморрагиялық 
инфарцирлену,  ошақты  серозды  -  фибринозды  пневмония  байқалады. 
Алвеолаларда  фибринозды  экссудат  жиналады.  Жиі  фибринозды 
пневмония гангрена және абсцеспен асқынады. 
 
4.4    Жануарларды дұрыс пайдаланбаудан болған ауруды және 
өлімді сараптау 
 
Дұрыс  пайдаланбаудан  болған  жануарлар  ауруы  жиі,  бірақ  соттық 
істердің  себебі  ретінде  сирек  кездеседі.  Бұларға  дұрыс  сауылмаудан 
болатын  сиыр  желінсаулары,  жылқыларды  дұрыс  келтірілмеген  ат 
әбзелінен  болатын  механикалық  зақымдалулар;  ақсаулар,  жануарларды 
айдау кезінде  және т.б.  
 
 
 
 
 
 

 
120 
 
Бұл  ауруларды балау  көп  қиындық  келтірмейді,  бірақ жануардың 
дұрыс  пайдаланбауына  жауапты  тұлғаның  кінәлі  немесе  кінәсіз  екенін 
анықтау  үшін  аурудың  пайда  болуының  барлық  себептерін  анықтау 
керек.  Мысал  үшін,  желінсауда  сауын  аппараттарының  жағдайын 
анықтау;  жылқылардың  ат  әбзелдерінен  зақымдалғанда,  дұрыс 
қиылыстырмау  себептерін  және  пайдалану  шарттарын,  ауа  райын  және 
т.б. ескереді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарлардың  өлімі  жиі  дұрыс  пайдаланбаудан,    шамадан  тыс 
жұмысқа  жегу  кезінде    болады.  Жұмысқа  жегу  кезінде  жануарлардың 
өлуі  негізінен  жылқыларда,  иттерде,  өгіздерде  кездеседі.  Осындай 
жағдайларды  сараптау  кезінде  анамнездік  мәліметтерге,  жануарды 
пайдаланған  шарттарға  олардың  дайындығына  назар  аудару  қажет.
 
Қоршаған  ортаның  жоғары  температурасы  кезінде  шынықпаған 
жануар шыныққан жануарға қарағанда  аз жұмыс істегеннің өзінде өліп 
кетеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Зорығудың,  өлудің  негізгі  себебі  гипоксия  немесе  жүрек 
жетіспеушілігі  болуы  мүмкін.  Гипоксия  оттегі  қажетті  мөлшерде 
жетіспегенде  болады.  Гипоксияның  пайда  болуы  тар  қамыт,  тартпаны 
қатты  қысып,  тартып  тастау  т.б.  Гипоксия  демікпе  туғызады;    дем 
алатын  бұлшық  етке  қарағанда,  дем  шығаратын  бұлшық  ет  әлсіз  болу 
себебінен    ауаның  көп  бөлігі  өкпеде  қалып,  альвеола  қабырғаларын 
созылуына, яғни эмфиземаға  әкеп соқтырады. 
Эмфиземаның  екі  түрі  қарастырылады:  альвеолды  және 
интерстициалды. Альвеолды эмфизема кезінде анемия, өкпенің үлкейуі, 
кескен кезде сықырлайтын дыбыс естіледі. Интерстициалды эмфиземада 
ауа  өкпеге  түскен  кезде  дәнекер  ұлпа  бөліктернің  арасын  бір-бірінен 
бөліп тұрады.        
 
 
 
 
 
 
 
 
Жүрек жұмысының бұзылуы ең алдымен оның мүгедектігі кезінде   
болады.  Жүректің  мүгедектігі  деп  инфекциалық,  инвазиялық, 
интоксикация  әсерінен  болған  жүрек  жұмысының  бұзылуын  айтады. 
Жүректің  тыныштық  кезінде  де  үлкен  жұмыс  атқарады.  Мысалы, 
жылқыда  тәулігіне  25200  л  қан  жүректен  өтеді.  Күшті    жұмыс  атқару 
барысында  6-7 есе көп салмақ түсіп, осы кезде артық күш іске қосылып  
зорығуға  әкеледі.  Шынығу    өте  маңызды  мәнге  ие.    Мысалы,  таулы 
аймақтарда  шынықпаған    жануар,  шыныққан      жануарларға  қарағанда 
кәдімгі жұмыстан өліп кетеді.  
Зорығудың  клиникалық  белгілеріне: 
пульстің баяу соғуы, демігу, тез терлеуі, көрінетін кілегейлі қабаттардың 
цианозы  және  жалпы  шаршау  жатады.    Жануардың  өлуі  кезінде  сіңір 
тартылуы  мүмкін.  Жұмыс  барысында  немесе  12-24  сағат  ішінде  өлімге 
ұшырайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жарып  сойғанда    жоғарғы  тыныс  жолдарында  көпіршіктер, 
эмфиземаны, жиі веналық қан іркілісін және өкпе ісінуін, жүрек кенейуі, 
жүрек б.е босауы байқалады.  
 
 
 
 
 
 
Зорығудан  кейін  болатын өзгерістерге тек  жүрек  пен өкпеде  ғана 

 
121 
емес, басқада мүшелерде байқалады. Ішкі секреция бездерінде болатын 
өзгеріске  қалқанша  және  бүйрек  үсті  безі  үлкен  маңызға  ие.  Өкінішке 
орай бұл өзгерістер әлі зерттелмеген.  
 
 
 
 
 
Соттық  істе  жануарларды  дұрыс  пайдаланбаудан  болған  өлім  
кезінде сарапшыға келесідей сұрақтар қойылуы мүмкін:    
 
 
1.  Жануардың  физикалық  жағдайы  жұмыс  барысына  сәйкес 
болдыма?    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.  Ауырған  немесе  өлген  жануардың  жұмысы  және  демалыс 
уақыты кезінде жіберілген бұзылушылықтар бар ма?   
 
 
 
3. Жануардын денсаулығына бұл бұзушылықтар қалай әсер етті?
 
4.  Тағайындалған  қызметкер  жануардың  ауруының  асқынуын, 
өлімін алдын алу үшін  қандай да бір әрекет жасауға міндетті болды ма?   
 
4.5  Жануарларды  бағып-күтудегі  зоогигиеналық  талаптары-
ның бұзылуын сараптау 
 
Жануарларды 
бағып-күтудегі 
зоогигиеналық 
талаптарының 
бұзылуы  орасан  зор  зиян келтіреді.  Қолайсыз  шарттарда   жауарлардың 
инфекциялық  ауруларға    табиғи  төзімділігі  төмендейді.  Бұл  кезде  әлсіз 
ағзадағы  шартты  патогенді  микрофлора,  патологиялық  өзгерістерді 
туғызуға  қабілетті  болады.  Әсіресе  бұзау  мен  торайларды  ауа 
ылғалдылығы  (80-100%)  жоғары  және  төменгі      температуралы  (8  °С-
тан) қора-жайларда ұстау кезінде, өкпе аурулары жиі кездеседі. Аталған 
жағдайда  төзімділіктің  төмендеуі  ағзаға  салқын  тиюі  салдарынан 
туындады. 
Сонымен 
қатар 
жоғары 
ылғалдылықта 
жоғары  
температурада (22°С-тан) жақсы әсер етпейді.   
 
 
 
Жануар  ағзасының  төзімділігінің  төмендеуіне  және  олардың 
арасында аурулардың пайда болуына, тығыз орналастырып бағып-күту, 
желдетілудің  болмауы  немесе  керісінше  өтпек  желде  тұру,  сонымен 
қатар 
еденнің 
өзгешелігіне 
(торайлардың 
цементті 
ауруы),  
төсеніштердің  түріне  және  көлеміне,  қоралардың  жарықтандыру 
дәрежесі және басқа да факторлар әсер етеді.   
 
 
 
Қойларда  бағып-күту  шарттарының  нашарлығынан  немесе 
толыққұнды  азықтандырмау  нәтижесінен  резистенттілігі  төмендеп, 
негізінен    пневмония  ауруына    шалдығады.  Аталмыш  жағдайда,  өлген 
жануарлардан  бөлінетін  микроорганизмдер  екіншілік  дәрежелі  роль 
атқарады.  Мысалы,  А.Н.Аликаева    мәліметі  бойынша  пневмониядан 
өлген  жануардан  «патогенді»  микроорганизмдердің  27  түрі  бөлініп 
алынған,  бірақ  тәжірибе  жүзінде  күтімі  жақсы    қойларға    жұқтырғанда 
пневмонияға шалдықпады.    
 
Жануарларды  бағып-күтудегі 
қолайсыз зоогигиеналық шарттар жануарлардың ауруға төзімділігін ғана 
төмендетіп  қоймай,  онымен  қоса  өнім  беруі  де  төмендейді.  Мысалы, 
А.П.  Онегова  мәліметі  бойынша  шошқа  қораларының  1-8 
0
С 
температурада  және  80-100%  ылғалдылықта  шошқалардың  тәуліктік 

 
122 
салмақ  қосуы  9-28℅  -ға  кем  болған,  ал  1  кг  салмақ  алу  үшін 
қораларының температурасы 8-12 
0
С және ылғалдылығы 80 %-дан төмен 
болған  басқа  шаруашылықтармен  салыстырғанда  азықтандыру  екі  есе 
көп кеткен.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 И.М.Голосов 
және 
қызметкерлерінің 
мәліметі  бойынша, 
шошқаларды  азықтандыру  бірдей  болғанымен,  бірақ  зоогигиеналық 
бағып-күту  жағдайлары  әр  түрлі  болғанда,  торайлардың    салмақ  қосуы  
және шығыны бойынша әртүрлі нәтижелер алынған.  
 
Бағып-
күтілу  шарттары  қолайлы  топтың  торайлары  тәулігіне  504г,  ал  күтімі 
қолайсыз  топтағы  торайларда  тәулігіне  -397г  салмақ  қосуы  байқалған. 
Екінші  топтағы  торайларда  бірінші  топтағы  торайларға  қарағанда 
шығын  (өлген  және  лажсыздан  сойылған  торайлар)  3  есе  жоғары 
болғаны анықталды.   
 
 
 
 
 
Зоогигиеналық  шарттардың  бұзылуы  жағдайларынан,  жануарлар 
ауруы  мен  шығыны  (лажсыздан  сою,  өлім)  көп  мөлшерге  жеткенде, 
соттық  істер  қозғалады.  Әдетте  ең  алдымен  мамандардан  құралған 
сараптама  жүргізу  тағайындалады  ,  оларға  жануарлардың  өлімі  мен 
ауруының  себептерін  анықтау  жүктеледі.  Анықталған  себептер 
бойынша  аурудың  пайда  болуына  жағдай  туғызған  жайттар  және 
жануарлардың бағып-күтілуі үшін қолайлы шарттарды жасауға жауапты 
тұлғалардың  кінәсі  айқындалады.  Алдын-ала  алынған  мәліметтер 
нәтижесіне  сүйене  отырып,  әкімшілік  және  тергеуші  органдарымен 
жауапты  тұлғаларды  әкімшілік  немесе  соттық  жауапкершілікке 
тартылуы 
туралы 
сұрақтар 
шешіледі. 
Мысалы, 
«Путь» 
шаруашылығында  жаңа  салынған  шошқа  қорасында  ұсталған  924 
торайдан шамамен бір ай ішінде 392 бас торай өлген. Өлген торайларды 
жарып-сою кезінде терілерінде ойық жаралар және жабысқан гудронды 
(әртүрлі  техникалық  іске  қолданылатын,  мұнай  қалдықтарынан 
жасалатын  қара  май),  асқазан-ішек  жолдарының  клегейлі  қабығының 
катаральді-геморрагиялық  қабынуы,  асқазанда  және  ішекте  түрі 
гудронға ұқсас күңгірт-қоңыр түсті қатты тілімдердің болуы анықталды. 
Ветеринариялық  дәрігерлер  аталған  шаруашылықтың  торайларының 
өлімі, шошқа қорасының еденінің құрылысына қолданылған гудроннан, 
яғни  терілерінің  және  асқазан-ішек  жолдарының  гудронмен  күюі 
салдарынан болды деген күдіктерін мәлімдеді.  
 
 
 
 
Еденнің  құрылысына  пайдаланылған  гудроннан  алынған  сынама 
мен эталон ретінде алынған гудрон үлгілері сәйкес екендігі анықталды. 
Осыған  байланысты  шаруашылық  директоры,  шошқа  қорасының 
еденінің  құрылысына  гудронды  қолданылған  құрылыс  ұйымына  өлген 
торайлардың шығынын өтеу үшін істі сотқа берді.  Аталған 
іс 
бойынша  тергеу  ісі  және  сараптама  тағайындалды,  олар  «Путь» 
малшаруашылығы  шошқа  қорасының  құрылысына  жылжымалы 
механикаландырылған  жасақ  жобаны  орындау  барысында  кемшіліктер 
жібергендігін  анықтады.  Шошқа  қорасының  еденінің  керамикалық 

 
123 
асфальтті плиткасы, жобада көрсетілген цементті-құмды еретіндіге емес, 
ыстық  тасты-көмірлі  битумды  мастикаға    (жапсыру,  бекіту  үшін 
жасалған  қою  сылайтын  зат)  (гудрон)  төселген.  Плиткалар  арасындағы 
жігінің  ені  жіберілетін  2  мм-дің  орнына  10-15  мм-ге  дейін  жеткен.
 
Шошқа  қорасының  жоғары  температурасы  әсерінен,  битумды  мастика 
балқыған  және  плиткалар  арасынан  шығып  торайлардың  терілеріне 
жабысқаны байқалған. Бұл терінің күюіне және ойық жаралардың пайда 
болуына,  жиі  сүйекке  дейін  өтетін  терең  күйіктерді  тудырған.  Бұдан 
басқа,  плиткалар  арасынан  шығып  жатқан  гудронды  торайлар  жеген. 
Торайлардың өлексесін жарып-сою кезінде, асқазан және ішектің ішінде 
анықталған 
гудронның 
қалдықтары 
асқазан-ішек 
жолдарының 
қабынуына  себеп  болғаны  анық.  Тергеуші  іс  материалдарын  қосымша 
сараптама  жүргізу  мақсатында  Ветеринариялық  институтқа  жіберді. 
Сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылды: 
1. «Путь» шаруашылығының торайларының өлуінің себебі? 
2.Торайлардың  ауыруына  және  жаппай  өлім-жітімге  ұшырауына 
денелерінің  әртүрлі  бөлігіне,  сонымен  қатар  олар  жеген  битумды 
мастика-гудронның әсерінен болды ма?   
 
 
Ветеринариялық  институттың  сарапшылары  іс  материалдарымен 
және  химиялық  талдау  нәтижелерімен  танысқан  соң,  аталған 
шаруашылық  торайларының  жаппай  өлім-жітімі  туралы  алғашқы 
сараптаманың қорытындысын растады.
  
 
4.6  Шеткі  температураның  ауытқуынан  туатын  ауруларды 
сараптау 
 
4.6.1 Күн өту және ыстық өту  
 
Ыстық өту– көп мөлшерде жылу өндірілуі кезінде жылу берілуінің 
тежелуін  тудыратын  жедел  ағымдағы  ауыр  өтетін  ауру.
 
Жануарларда 
ыстық  өту  күшті  физикалық  жүк  түсіргенде,  сыртқы  температура 
жоғары  болып,  ауыр  түрде  шаршатып  айдағанда,  қапырық,  желдетілуі 
нашар  вагондармен  тасымалдаған  кезде  байқалады.  Ыстық  өтуге, 
әсіресе,  бордақыланған  шошқалар,  ауыр  салмақты  өгіздер  мен 
жылқылар  сезімтал.  Жануар  организміне  аурудың  тууына  тікілей  күн 
сәулесі әсер етпейді. Ықпал ететін жағдайлар: жүрек ауруы, семіздік, ауа 
ылғалдылығының  жоғары  болуы,  тердің  кеуіп  кетуінің  кідірісі,  әсіресе, 
жануарларды  теміржол  вагондарымен  тасымалдау  кезінде  уақытымен 
және  жеткіліксіз  суару  болып  табылады.  Организмде  судың  жетіспеуі 
салдарынан  ақуыздардың  күшті  ыдырауы  және  тамақтанудың 
минералды бұзылуы байқалады, ол ысып кетумен сипатталады.   
 
Ыстық 
өтудің 
кенеттен 
соққы, 
асфиксиялық 
және 
гиперпиретикалық  түрлері  ажыратылады.  Кенеттен  соққы  түрінде 
әбсәтте  демікпе,  жүрісінің  тәлтіректеуі,  мұрнынан  көпіршіктің  ағуы, 

 
124 
құсу  байқалады;  жануар  дірілдеп,  ауруы  байқалғаннан  кейін  бірнеше 
минут 
ішінде 
өледі. 
Асфиксиялық 
түрінде 
жануардың 
тез 
шаршағыштығы,  қатты  тер  шығуы,  әлсіздік,  көзге  көрінетін  кілегейлі 
қабықтардың  көгеруі,  тынысының  және  қан  айналымының  кенеттен 
бұзылуы; асфиксияның байқалуы өлімге әкеледі. Гиперпиретикалық түрі 
температураның  кенеттен  көтерілуімен  (42-44  °С  дейін  және  жоғары), 
дем  алысының  және  қан  айналымының  бұзылуымен,  жануардың 
қозуымен,  тер  бөлінудің  тоқтауымен,  терінің  құрғақтануымен,  оның 
температурасының  көтерілуімен,  қарашықтар  басында  ұлғайып, 
кейіннен тарылумен, жүрісінің тәлтіректеуімен, дірілдеумен, коматозды 
жағдаймен  сипатталады; жануар кенеттен құрысудан өледі. 
 
 
Өлексені жарып сойған кезде кейінгілердің баяу салқындауын, ал 
кейде  тіпті,  жануар  өлгеннен  кейін,  біраз  уақыт  өткеннен  кейін 
температураның көтерілуін, қанның нашар ұюын, өлексенің сіресуі мен 
шіруін,  жалпы  венозды  іркілісін,  эпикард  және  плевра  астында  қан 
құйылуларын,  мида  және  оның  қабығында  гиперемия  және 
экстравазаттарды, бұлшық еттің құрғақтығын анықтайды. Кейде өкпенің 
ісінуі  болады.  Ыстық  өтуді  диагностикалау  кезінде  жіті  инфекциялық 
ауруларды жою керек.   
 
 
 
 
 
 
 
Күн  өту  –  жылдың  жылы  мезгілінде  байқалатын,  жануардың 
басына  тікелей  күн  сәулесінің  әсерінен  туындайтын  орталық  жүйке 
жүйесінің  зақымдануы. Күн өту жұмысшы жылқыларда, шошқа, қой, ірі 
қара  малда  кездеседі.  Көбінесе  үлкен  қалалар  мен  ыстық  далалы 
аймақтарда кездеседі.    
 
 
 
 
 
Азықтандырғаннан  кейін  тез  арада  жұмысқа  салу,  семірту, 
шыжыған  күн  сәулесінің  астында  жануарларды  айдау  ауруға 
шалдықтырады.  Ыстық  күн  сәулесінің  әсерінен  шектен  тыс  бас  миы 
қызады,  одан  кейін  нәтижесінде  жылу  реттегіш  бұзылып,  қан  тамыры 
мен  тыныс  алу  орталықтарының  салдануы  болады.  Ауру  кенеттен 
туындайды  және  мазасызданумен  байқалады,  кейін  ол  қатты  қозуға 
ауысады;  ауру  жануардың  көзі  үңірееді,  көз  қарасы  қорыққандағыдай, 
көзге көрінетін  кілегейлі қабықтарда кенеттен  венозды іркілу  жағдайы, 
дірілдеу, құсу, құрысу байқалады, және бірнеше сағаттар ішінде жануар 
өледі.  Кенеттен  жануар  өлімі  байқалуы  мүмкін,  бұдан  басқа,  күн 
сәулесінің  әсерінен  1-3  күн  өткеннен  кейінгі  өлім  жағдайлары 
сипатталған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарды жарып-сою кезінде ондағы нүктелі қан құйылуларымен 
бірге  бас  ми  қабығының  гиперемиясын,  бас  мидың  ісігі  мен 
гиперемиясын  анықтайды.  Кейде  ми  қабығының  жіті  сірі  қабынуы 
байқалады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Күн  өтуге диагноз қою барысында осы ауруға ұқсас клиникалық 
көріністері бар инфекциялық аурулардан ажырату керек.    
 
 
Ыстықтың 
және 
күннің 
өтуі 
жиі 
айдаудың 
дұрыс 
ұйымдастырылмауымен,  ыстық  күннің    астында      жұмысшы 

 
125 
жануарларға шамадан тыс жүк тиеумен байланысты, сондықтан соттық 
іс қаралуына әкелуі мүмкін. 
  
4.6.2 Күйік және пісіп қалу 
 
Күйік  –  жануар  организмінде    жалын,  жанғыш  газ  немесе  қызған 
қатты  заттардың  тікелей  әсерінен  пайда  болған  өзгерістер. 
 
Жануарларда  күйік  өрт,  әртүрлі  жанатын  заттардың  тұтануы 
кезінде,  зауыт  айналасында  қыздырылған  қоқыстарды  басқанда 
тұяқтарында пайда болады. Табанына қыздырылған тағаны ұзақ басу да, 
абайсыз  таңбалау  да  күйік  тудыруы  мүмкін.  Күйіктің  4  дәрежесі 
ажыратады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бірінші  дәрежесі  түктердің  күйіп  кетуімен,  тері  және  тері  асты 
шелінің біркелкі ісінуімен  және ауырсынуымен сипатталады. 
 
Екінші  дәрежеде  қатты  ісініп  кеткен  теріде  әртүрлі  көлемдегі 
көпіршіктер  пайда  болуымен  сипатталады.  Көбінесе    олар  терінің 
емізікше және мүйізді қабаттарының арасында пайда болады. Көпіршік 
құрамы  мөлдір  немесе  бұлыңғыр,  бірақ  қанды  емес.  Көпіршіктердің 
айналасы  бойынша  пигменттелмеген  теріде  демаркациялық  қабынуды 
анықтауға  болады.  Көпіршіктер,    әсіресе  үлкендері,  оңай  жарылады, 
ішіндегісі  ағып  кетеді,  осыдан  терінің  өзі  жалаңаштанады;  соңғысы 
өзінің  оңай  жаралануымен  және  жұмсақтығының  нәтижесінде 
микрофлораның ену қақпағына айналады. 
 
 
 
 
 
Үшінші дәрежелі күйік  қарқынды түрде термиялық факторлардың 
әсерінің  нәтижесінде  туады.  Бұл  кезең  терінің  құрғақ  некрозымен,  ал 
кейде  тері  асты  шелінде  күңгірт-қоңыр    түсті  қабыршақтардың 
болуымен сипатталады. Зақымдалған жерлері алып тасталынады, соның 
нәтижесінде терең ойық жаралар пайда болады. 
Төртінші  дәрежелі  күйік  терінің,  бұлшық  еттің  және  тіпті 
сүйектердің күйдірілуімен сипатталады.   
 
 
 
Күйіктер  жүйке  ұштарының  тітіркену  салдарынан,  қатты 
ауырсыну  сезімдерімен    және  кенеттен  организмнің  төзімділігінің  
төмендеуімен    білінеді.  Күйіктің  бастапқы  кезеңдерінен  бастап  табиғи 
иммунитеттің  гуморальды  факторларының  төмендеуі  болады,  ол  күйік 
болған  жерде    микрофлораның    дамуына,  бактериемия  және 
интоксикация тудыруына  себеп болады. Күйік  кезінде    тек  дәрежесін 
ғана ескеру маңызды емес, оның ауданын да ескеру қажет. Екінші және 
үшінші дәрежелі  күйік мал денесінің 1/3 және одан да көп бөлігін алып 
жатса, өлімге әкеледі деп саналады. 
 
 
 
 
 
 
Күйген  жануардың  өлімі  алғашқы  2  күн  ішінде  жүйке  жүйесінің 
ауырып, қайта тітіркену салдарынан, шоктан болады. Кейінгі 3-5 күндері 
өлім  себебі  өлген  ұлпаларының  өнімдерінің  ыдырауының  сіңірілу 
нәтижесінде 
интоксикация 
болып 
табылады, 
бұған 
бүйрек 
жеткіліксіздігінің дамуы себеп болады.   
 
 
 

 
126 
 
Ұзақ уақыт  өте келе күйік болған жерде микробтар саны артады, 
көбі қанға түсіп, организмге таралады да, өлім себебі болатын сепсисті 
тудырады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Күйіктен  өлген  жануар  өлексесінің  паталогоанатомиялық 
өзгерістрі  әрқалай және көптеген факторлардан, бірінші кезекте күйген 
уақытынан бастап дәрежесі және мерзімінен тұрады. Күйік  дәрежесінің 
сипаты  бойынша,  жергілікті  үрдістерден  басқа,  мидың  және  оның 
қабатының  ісінуін,  ми  затында    қан  құйылымдар  мен  қабынған 
инфильтрациясын,  кейде  эпидуральді    гематомдарды,  онымен  қоса  
тіршілік  кезінде  ұршық  тәрізді  қанқұйылымдарды  және  қатты    ми 
қабығына  жабысып  тұруын  анықтайды.  Оң  жүрек  қанға  толып  кеткен. 
Лимфа  түйіндері  ұлғайған  және  ісінген.  Көкбауыр  тығыз,  бұлыңғыр-
қызыл  түсті.  Бұдан  басқа  бауыр  мен  бүйректің  қанға  толғанын  және 
дегенерациясын,  асқазан  –  ішек  торабында    қабыну  үрдістерін, 
бүйрекүсті  бездерінде  терең  өзгерістерін,  липоидтардың    азаюы  мен 
ондағы гемморагиялық инфаркттың дамуын байқайды. 
 
Гистологиялық  зерттеулер    барысында  күйген  ұлпалардың 
тамырларында  лейкоцитарлық  іркілісті,  сондай-ақ  лейкоциттердің  сол 
аймақта  тұрып  қалуы  мен  қоныс  аударуын  анықтайды.  Соңғысы 
жарақаттану  уақытынан  бастап  өлгенге  дейін  жарты  сағаттан  кем  емес 
уақыт  өткенін  куәләндырады.  Күйген  тері  үшін  білінген  базофилия, 
дермадан  алынған  эпидермистің  коагуляциялық  некрозы    қалыпты 
көрініс болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
Өрт  кезінде  жануар  өлімі  күйгеннен  ғана  емес,  түтіннен  немесе 
тұншықтырғыш газдан тұншығып, өлексе күйіп кетуі мүмкін. Түтінмен 
тұншыққанда кеңірдек пен  бронхтардың ұсақ талшықтарына дейін күйе 
шөгінділерін табады. Көміртегі тотығымен уланудың нәтижесінде өлсе, 
егер  өлексе  жаңа  өлген  болса,  онда  түсі  ашық  алқызыл  болады. 
Өлгеннен кейінгі күйіктерде теріде көпіршіктер өте сирек кездеседі. 
 
Пісіп  қалу  –  ыстық  сұйықтықтардың  немесе  будың  әсерінен 
жануар 
организміндегі 
туындайтын 
өзгерістер. 
Қайнаған 
сұйықтықтармен  пісіп  қалу  жиі  ұсақ  жануарларда  кездеседі.  Кейде 
шошқаларда ыстық азықты, ұнтақталмаған ыстық картопты жеген кезде, 
ауыз  қуысының,  өңештің  және  асқазанның  кілегей  қабықтарының  күю 
байқалады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пісіп  қалу,  күйік  тәрізді,  қатты  ауырсыну  сезімдерімен, 
көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Дене беткейінің 
  1
/
3   
пісіп 
қалуын  өлімге  әкеледі  деп  есептейді.  Пісіп  қалудан  болған  өлім  себебі 
дәл күйіктігіндей. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет