Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
index
planir zemlep kurs lekcij na kaz yaz 2, Орман кейс

Зерттеу бөлімі 
Сыртқы қарау 
Анықтау  белгілері:  тұқымы  шотландық  овчаркасы  итінің  өлексесі, 
қара-ақ  түсті,  мұрнында  сарғыш  түсті  дақтары  бар  ұрғашы,  5айлық, 
қоңдылығы орташы, салмағы 12,2кг. 
 
 
 
 
 
 
II.  Өлекседегі  өзгерістер:  өлексе  суық,  өлексе  сіресуі  айқын 
білінген.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Арнайы бөлім   
 
 
 
 
 
 
 
 
1.  Ауыз  қуысының  кілегей  қабықтары  тегіс,  жылтыр,  ақшыл  – 
қызыл  түсті,  мұрынның  оң  жақ  саңылауынан  қан  аралас  сұйықтық 
бөлінді; конъюнктивасы тегіс, жылтыр, ақшыл – қызыл түсті; анус және 
қынаптың жұмсақ ұлпалары қанға толы және жарақаттанған. 
 
 
2. Бастың төменгі және жоғарғы бөліктерінде, кеуде асты, сол жақ 

 
104 
алдыңғы  аяғы,  сол  жағындағы  кеуде  және  құрсақ  қабырғасы,  сонымен 
қатар сол жақ артқы аяғы, жамбас, сол жақ артқы тізе буынының терісі, 
бұлшық ет және жанама ұлпаларының беткейіне қан сіңген, құм, батпақ 
және  ұсақ  тастар  жабысқан.  Жарақатталмаған  жеріндегі  жүні  мықты 
ұсталып  тұр,  әр  жері  қанмен  және  батпақпен  ластанған.  Аяқтары 
қалыпты тек батпақпен ластанған.   
 
 
 
 
 
 
3.  Басының  бет  бөлігі  сәл  сыңған,  ұсақ  сынулар  және  қан 
құйылымдар байқалады. Үстіңгі жақ толығымен қисық сынған 1 - 2 азу 
тіс және мұрын саңылаулары аумағында.  
 
 
 
 
 
4. Төртінші және бесінші мойын омыртқалары қисық сынған және 
аралығында  жұлыны  үзілген,  жұмсақ  ұлпаларында  қанталаулар 
байқалады, оң жағынан атлант аумағында кеңірдек пен өңеш толығымен 
үзілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.  Алдыңғы  сол  жақ  аяқтын  иық  жері  сыңған,  сынған  жердің 
шеттері және жұмсақ ұлпалары қанға сіңген.   
 
 
 
 
6. Сол жақ жауырынның қырлы өсіндісінің ортаңғы және төменгі 
бөлігінде  толық емес сынықтар және жұмсақ ұлпалары қанталаған.  
 
7.  Алдыңғы  алты  қабырғасы  ортасынан  қиғаш  сынған;  2-8 
қабырғалардың  омыртқаға  қосылған  жері  сыңған,    сол  жерлердегі 
жұмсақ ұлпалары қанға сіңген. 
 
 
 
 
 
 
 
8. Сол жақтағы жамбас сүйегі толығымен сынған, жан–жағындағы 
ұлпаларына қан сіңген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
9. Ортан жіліктің жоғары үштен бір бөлігі толығымен сыңған және 
маңайындағы ұлпалары қанталаған. 
 
 
 
 
 
 
10.  Құйрық  омыртқаларының  бүтіндігі,  4-6  омыртқалар 
аумағының  омыртқа  аралық  байламдарының  үзілуімен  бұзылған, 
көптеген күрделі сынықтар және сүйек ұлпасының уатылуы байқалады.
 
Ішкі қарау   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.  Құрсақ  қуысының  мүшелері  анатомиялық  дұрыс  орналасқан, 
құрсақ қуысында (шамамен 50 мл) ұйыған қан табылды, сол жақ  бүйрек 
үсті безінің аумағында дақты қанталаулар анықталды.  
 
 
 
2. Кеуде қуысының екі жағында да болбыр ұйыған қан (шамамен 
250 мл) табылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.  Перикард  тегіс,  жылтыр,  ақшыл  –  қызыл  түсті,  басқа  бөгде 
заттар  жоқ;  жүрегі  жарты  шарлы  пішінді,  оң  жағы  кеңейген, 
қуыстарында ұйыған қан бар, оң қарыншасында аздау қан бар. Миокард 
болбыр,  қызыл  -    сұр  түсті,  бұлшық  ет  талшықтары  тегістелген.  Сол 
және оң жақ қарыншалардығ қалыңдығы бойынша 4:1 қатынаста. 
 
4. Сол жақ өкпесі күңгірт – қызыл түсті, домбыққан, өкпе ұлпасы 
үзілген  және  қатты  зақымдалған,  барлық  бөліктері  қанталаған;  оң  жақ 
өкпесінде  өкпе  астында  дақты  және  жолақты  қанталау  кездеседі.  Сол 
жақ  бронхыда,  кеңірдекте  қан  қойыртпақтары  және  ашық-қызыл  түсті 
көпіршік масса кездеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
5. Бауыры сұр  – қоңыр түсті, көптеген жерлерінде паренхиманың 

 
105 
үзілуі және қанталаулар бар.   
 
 
 
 
 
 
 
6. Көк бауыры ұлғаймаған,  қызыл – қоңыр түсті; май жиналған. 
 
7.  Бүйректері  ұлғаймаған,  ашық-қоңыр  түсті.  Қуықтың  кілегей 
қабатында көптеген қанталаулар бар. 
 
 
 
 
 
 
8.  Көбею  мүшелері  (аналық  жыныс  бездері,  жатыр  және  қынап) 
зақымдалмаған.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
9.  Жауырын,  бел  және  сегізкөз  каналдарының  аумағы 
зақымдалуларсыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
10.  Бас  миы  қанға  толы,  көкшіл  түсті,  жұмсақ  және  қатты  ми 
қатпарларының астында бірталай қанталаулар байқалған.   
 
 
11.Асқорту мүшелерінде (асқазан, ішек) шамалы азық қоспалары; 
ішектің  сірі  қабығында  және  тоқ  ішектің  шырышты  қабатында  нүктелі 
және дақты қанталаулар байқалған. 
 
 
 
 
 
Патологоанатомиялық диагноз 
 
 
 
 
 
 
1. Қаңқа бұлшық еттері мен жұмсақ ұлпалардың және жамбастың  
төменгі  сол  жағынан  тері  жамылғысының  жаппай  тұтастығының 
бұзылуы, 
сүйектердің 
сынуы 
(жоғары 
жақ 
сүйегі, 
мойын 
омыртқаларының  жұлынның  үзілуімен,  қабырғалар,  жамбастың  мықын 
және  құйымшақ  сүйектері,  жауырынның  қырлы  өсіндісі,  құйрық 
омыртқасы  және  иық,  ортан  жілік)  өкпе,  плевраның  және  зақымдалған 
жұмсақ ұлпалар қанмен сіңірілген.   
 
 
 
 
 
 
2.  Мойын  тұсында  кеңірдек  пен  өңештің  шеттері  мен  жұмсақ 
ұлпалар қанға толып, толығымен үзілген. 
 
 
 
 
 
3. Құрсақ қуысына қан құйылулар, паренхима қанмен сіңірілуімен 
сипатталатын бауыр жыртылуы.    
 
 
 
 
 
 
4.  Асқазан-ішек  жолдарының  сірі  қабаттарында  көптеген  қан 
құйылулар,  тік ішектің шырышты қабатында кездеседі.    
 
 
5. Жіті іркілген гиперемия және өкпе домбығуы. 
 
 
 
6.Жүректің оң жақ бөлігінің жіті ұлғаюы. 
 
 
 
 
7.Бас  ми  қабығының  көптеген  қанталаулары  мен  жіті 
гиперемиясы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Иттің  өлексесін  соттық  -  ветеринариялық  сараптау  және 
патологоанатомиялық  зерттеуге негізделе отырып, қойылған сұрақтарға 
жауап береміз:   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Иттің өлуінің себебі неде?  
 
 
 
 
 
 
Жауап: жануардың өлуіне бастың, дене, ішкі мүшелердің және сол 
жақ аяқтарының кең жарақат алуы нәтижесі себеп болған,  жарақаттану 
салдарынан  есеңгіреу  және  орталық  жүйке    жүйесінің    салдануына 
әкелді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.  Өлекседе  жарақаттар  бар  ма,  болса  олардың  сипаты  және 
орналасуы, олар тірі немесе өлгеннен соң пайда болды ма?  
 
Жауап: жарып сою барысында бас миының, мойнының, денесінің 
және  жануардың  сол  жақ  артқы  аяғының  және  құйрығының 

 
106 
анатомиялық  тұтастығы  бұзылғаны  анықталды,  бұл  ауқымды 
механикалық зақымдалулар итке тірі кезінде жасалған. 
 
 
 
3.Жануар  денесіндегі  жарақаттар  қандай  қару  әсерінен  болған?
 
Жауап: иттің денесінде аумақты жарақаттық зақымданулар айқын 
көрінеді, бұл механикалық жарақаттар үлкен күшпен, доғал заттан зиян 
шеккені анық. Иттің денесіндегі  мұндай зақымды, бәлкім қозғалып келе 
жатқан автокөлікпен соқтығысудан болған. 
 
 
 
 
 
4. Алған жарақаттар нәтижесінен ит өлді ме?   
 
 
 
Жауап: иә (жауапты бірінші сұрақтан қараңыз). 
 
 
 
5.  Зақым  алғаннан  соң  жануар  қанша  уақыттан  кейін  өлімге 
ұшырады?  Жауап:  хаттамада  баяндалған  патологоанатомиялық  жарып-
сою ақпараттарына сүйенсек, иттің өлімі жарақаттық есеңгіреу әсерінен 
сол мезетте болды. 
Қол:______________ 
 
 
4.2 Жануардың  асфиксиядан  өлімін және жарақаттарды 
сараптау 
Асфиксия  деп  (тұншығу)  оттегінің  келуінің  бәсеңдеуі  немесе 
мүлдем  келмей  тоқтауының  нәтижесінде,  ағзада  газ  алмасу  үрдісі 
бұзылады  және  көмірқышқыл  бөлінуінің  кідіруін  айтады.  Осы  кезде 
жасушалы  тыныс  алу  бәсендейді  немесе  мүлдем  тоқтайды  Оттегі 
түсуінің  бәсеңдеуі  жасуша  қызметінің  бұзылуына  және  әлсізденуіне, 
кейіннен салдануына алып келеді. Оттегінің болмауы жасушаның өлуіне 
алып келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өкпеге  оттегінің  түсу  жолында,  оның  өкпе  арқылы  қанға  түсуіне 
немесе өкпе тынысына кедергі келтіретін кез келген тосқауыл, оттегінің 
қанмен сіңірілуін немесе оның қаннан жасушаға берілуінің бұзылуы, қан 
тамырлары  арқылы  қан  ағысын  бәсеңдеуі  және  гемоглобин  мөлшері 
азаюы, сәйкесінше қанның оттекті сыйымдылығы төмендеуі асфиксияны 
тудыруы мүмкін. Осыған байланысты асфиксия әр түрлі болып келеді. 
 
Асфиксия  әртүрлі  аурулар  нәтижесінде,  мысалы  жүрек  ақауы, 
өкпенің  зақымдалуы,  ми  анемиясы,  метеоризм,  тимпания,  сепсис,  
токсикалық әсерлер және т.б.  зорлықтан және зорлықсыз болуы мүмкін. 
Соттық  –  ветеринариялық  сарапшы  жануарларда  зорлықтан  болған 
асфиксияны  жиі  кездестірмейді,  дегенмен  кездейсоқ  асфиксия  да 
зорлықтан  болған  деп  саналады.  Асфиксия  өлімге  міндетті  түрде 
апармайтынын  да  ескерген  жөн.  Егер  тыныс  алу  30-50  с  кідірілсе, 
асфиксияның жеңіл түрін туғызады.  
 
 
 
 
 
Асфиксияның  негізгі  клиникалық  белгілері:  тыныс  алудың 
тоқталуы және бұзылуы, жүрек - қантамыр жүйесінің бұзылуы, бұлшық 
ет  жұмысының  әлсіреуі,  жүйке  жүйесінің  бұзылуы  болып  табылады. 
Тыныс алу тоқтауының алғашқы сәттерінде асфиксия байқалмайды және 
ағзада  тек  көмірқышқылдың  жиналуы  –  асфиксия  алдыңдағы  кезең  

 
107 
байқалады.  Тыныстың  аз  уақытта  тоқталу  процесі  30-50с  созылады. 
Жиналған  көмірқышқыл  сопақша  ми  мен  жұлынды  тітіркендіреді. 
Көмірқыщқылдың  жиналуы  мен  жұлынның  қозуынан  тыныс  алу 
жиілейді, терең әрі қарқынды дем алады, оның дем тартуы дем шығаруға 
қарағанда күшейеді, бұл инспираторлық демікпеге тән. 
 
 
 
Бір  минуттан  кейін  дем  алуға  қарағанда  дем  шығару  жиілеп, 
экспираторлы демікпе  пайда болады.  Бұл  фаза бірнеше секундта  ретсіз 
тыныс 
алудың 
нәтижесінде 
сіңірлердің 
тартылуына 
әкеледі. 
Терминалды (ақырғы) тыныс алу кезеңі қысқа терең тыныс алумен және 
үзілістермен  сипатталады;  қан  қысымы  барынша  төмендейді. 
Терминальді  тыныс  алу  кезеңі  1  минуттан  5-7  минутқа  дейін  созылуы 
мүмкін.  Бұдан  әрі  асфиксия  кезеңі  басталады.  Тыныс  алу  тоқтайды, 
бірақ жүрек бірнеше минутқа дейін әлсіз жиырылады. Алайда тыныс алу 
жүйесі қайтадан қалпына келмесе, онда жүрек қызметі толықтай тоқтап, 
клиникалық  кезең  басталып  5-6  минуттан  кейін  орталық  жүйке 
жүйесінің салдануымен биологиялық өлім туындайды.  
 
 
 
Асфиксияның  жүрекке  және  тамырларға  ықпалы  афиксияның 
бастапқы  кезінен  –  ақ  белгілі.  Өкпе  арқылы  таралатын  қалыпты  қан 
ағысы  өкпенің  оң  жақ  қарыншасын  ғана  емес  сондай  –ақ  тыныс  алу 
жүйесіне де ықпал етеді. Әр тыныс алу кезінде тыныс алу жолдары мен 
қуысы,  қан  тамырлары  кеңейіп,  соның  нәтижесінде  қан  жүректен 
сорылады. Тыныс шығаруда капиллярлар жиырылып, сол жақ жүрекше 
мен қарыншаға қанның түсуіне әкеледі. Тыныс алу бәсеңдегенде немесе 
тоқтағанда  өкпе  арқылы  өтетін  қан  айналу  жүйесі  бұзылады:  оң  жақ 
қарынша барлық қанды өкпеге өткізе алмайды. Инспираторлық демікпе 
өкпенің  қанға  толуына  жағдай  жасайды,  сондықтан  ол  одан  қиын 
босайды. Осыған байланысты, жүректің оң жақ бөлігі қанға толады, ол 
қанға  толы  өкпеге  қанды  ары  қарай  өткізе  алмайды.  Жүрекке  әкелетін 
веналық  қантамырлары  да  қанға  толы  болады.  Бұл  жағдай  күре 
тамырдан  айқын  байқалады.  Бастың  тамырлары  да  тез  арада  қанға 
толады.  Қан  күрең  –  қызыл  түске  айналып  көкшілтім  өң  береді,  яғни 
асфиксиялық,  бұл  жағдай    жануарларда  кілегей  қабаттарында  жақсы 
байқалады,  асфиксияның  ең  айқын  белгілерінің  бірі  –  көгеру  (  цианоз) 
пайда болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алғашқыда жүрек соғысы бәсеңдейді, сол себепті артериядағы қан 
қысымы  төмендейді,  дегенмен  экспираторлы  демікпе  кезінде  ол  қайта 
жоғарылап,  барлық  капиллярлар  мен  тамырлар  қанға  толады;  жүректің 
оң  жақ  бөлігі  өкпе  арқылы  өткізуге  күші  жетпейтіндей  қанға  көбірек 
толады.  Жүрек  жиі  жиырыла  бастайды,  қан  қысымы  төмендейді. 
Асфиксикалық қанға толған жүрек одан әрі әлсірейді, бұл тыныс алудың 
іркілу  фазасына  сәйкес  келеді.  Ретсіз  тыныс  алу  (терминальді),  яғни 
қанның өкпеге бөлшектеп өту кезінде жүрек жұмысының жаңа бәсеңдеуі 
мен  жиілеуі  байқалады.  Тыныс  алу  толық  тоқтағанда  жүрек  қызметі 
біртіндеп  әлсізденіп  тоқтайды.  Кей  жағдайларда  жүрек  қызметі,  тыныс 

 
108 
алу  тоқтағанннан  кейін,  30  минутқа  дейін  жалғасқан  процестері  де 
байқалған.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық  –  ветеринариялық  медицина  үшін  жұмыс  істейтін 
жануарлардың, әсіресе жылқыда,  бұқада, қызметтік иттерде толық емес 
асфиксия маңызды. Физикалық жұмыс пен бұлшық еттің қызметі оттекті 
керекті  мөлшермен  қамтамасыз  етуге  қажеттілік  тудырады.  Физикалық 
жұмыстың  артуына  байланысты  оттегінің  қажеттілігі  де  арта  түседі. 
Жануарлар  ауыр  жұмыс  атқарғанда,  жиі  кейбір  жылқыларда  өкпенің 
альвеолярлы  эмфиземасы  туындап,  оттегінің  жетіспеуі  нәтижесінде 
қатардан  шығарылады.  Сол  сияқты  дұрыс  орнықтырылмаған  ат  әбзелі  
өзге  де  қолайсыз  әсерлермен  қатар,  жұмыс  атқарғанда  оттегі 
тапшылығынан    жергілікті  асфиксия  туындап,  бұлшықеттің  жұмысы 
бәсеңдейді.  Сондай  –  ақ  жануарларды  жеткілікті  жаттығусыз 
пайдаланғанда естен тану жағдайына дейін жетіп, біраз уақыт енжарлық 
жағдайда болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Асфиксияның  негізгі  патоморфологиялық  белгілері.  Өлекседе 
асфиксия  көрсеткіштерінің  пайда  болуы  негізінен  асфиксия  үдерісінің 
өтуіне  байланысты.  Егер  асфиксия  әдеттегідей  өтсе,    онда  өлекседегі 
өзгерістер де анық байқалады. Ең алдымен өлексенің табиғи тесіктерінің 
ауыз  қуысы,  мұрын  қуысы,  тіл,  ерін,  конъктива  кілегей  қабаттарының 
көгеруіне  назар  аударады.  Көз  қарашықтары  кеңейген.  Өлекседегі 
өлексе дақтары үлкен, анық білінген және көкшіл тартқан қанық қызыл 
түсті болады, әсіресе өлексе денесінің алдыңғы бөлігінде. Негізінен күре 
тамыр  өте  күшті  қанға  толы  болады.  Асфиксия  кезінде  конъютиваға, 
өкпе плеврасының астына қанқұйылулар байқалады.  
 
 
 
Қан ұйымаған,  көкшіл  тартқан  қанық қызыл  түсті  және  ауада  тез 
алқызыл  түске  боялады.  Жүректің  оң  жақ  бөлігі  кеңейген,  қанға  толы. 
Өкпе  толыққанды,  кейде  эмфизематозды  кеңеюі  немесе  ісінуі 
байқалады. Сонымен қатар асфиксия кезінде, эпикард асты мен өкпенің 
беткі қабатында ұсақ қанқұйылулар болуы мүмкін.   
 
 
 
Бірақ бұл белгілер жүректің оң жақ салдануы және инфекциялық, 
токсикалық  асфиксия  кезінде  де  байқалады.  Өлім  себебі  асфиксия  деп 
нақты  айғақты  жергілікті  деректер,  механикалық  буындыру  белгілері 
болса ғана айтуға болады. 
 
 
 
 
 
 
Ветеринариялық  медицина  тәжірибесінде  жануарды  дұрыс 
бекітпегенде,  қысқа  жіп  байлағанда  немесе  жіптің,  шынжырдың  түйіні 
сырғанап жануарды буындыру оқиғалары кездеседі.  Аталған жағдайда 
странгуляциялық  асфиксия  кезінде  странгуляциялық  атызды  (борозда) 
байқауға болады, бірақ егер жануар жүні қалың болса онда бұл атызды 
тері асты шелінен ғана көруге болады және әрдайым көкшіл-қызыл атыз 
түрінде  нақты  көріне  бермейді.  Кейде  осы  атыз  бойында  қою  ұсақ 
шашыраңқы көптеген қанталаулар немесе жіптің батқан жерінен жоғары 
дәнекер  ұлпаның  ісінуі  байқалады.  Тіпті  бұл  жағдайларда  да  мұқият 
болу  қажет,  өйткені  өлім  себебі  асфиксия  болмауы  мүмкін.  Өлім  тек 

 
109 
асфиксиядан  болса  да,  бірақ  жануар  жиі  байлауда  тұрғаннан  соң 
механикалық  тұншығуға  күмән  туады,  жануарды  бағып  –  күткен  адам 
кіналі  болмауы  да  мүмкін.  Сондықтан  асфиксия  жөнінде  мал  өлімінің 
анықтаушы  себебі  ретінде  шешім  қабылданар  алдында  өте  абайлап 
әрекет  жасау  қажет.  Асфиксия  ауыр  физикалық  жұмыс  әсерінен  және 
ешбір  буындыру  іздерінсіз  болу  мүмкіндігін  естен  шығармау  қажет 
немесе,  керісінше  басқа  да  аурулар  кезінде:  мысалы,  қысқа  жіпте 
байлауда  тұрған  жануар  шаншудың  басталуынан  құлайды  және 
құлағанда  мойынның  қантамырлары  қысылып,  салдарынан  асфиксия 
тудырады.  Аталған  жағдайда  странгуляциялық  атызға  ұқсас  өзгерістер 
анықтауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кейбір жағдайда асфиксия жануарда көкірек қуысының және іштің 
қысылуынан  туындайды.  Мұндай  компрессиялық  асфиксияның  пайда 
болуы,  шаруашылықта  мал  қоралардың  тар  болып  жануарлар  басының 
шамадан  тыс  көп  болуы,  жануарлардың  жас  ерекшеліктерін  ескермей 
бір  қорада  ұстау,  сау  жануарлар  арасында  әлсіз  жетілмеген 
(гипотрофиктер)  жануарлардың  болуы  және  жануарларды  арнайы  емес 
автокөліктермен  тасымалдағанда  байқалады.  Асфиксияның  бұл  түрі 
салыстырмалы  баяу  дамуымен  ерекшеленеді.  Осы  жағдайлардан  өлген 
жануарларды жарып - сою барысында өлексе кеудесінде және құрсақта 
жолақтар  сияқты  қысылу  сызықтарын,  қабырға  сүйегінін  сынуын, 
паренхиматозды мүшелердің үзілуін көруге болады, мысалы бауырдың, 
бірақ  бұл  сирек  байқалады.  Көбінесе  жергілікті  асфиксияға  тән 
өзгерістер  байқалмайды.  Алайда  айқын  көрінетін  өкпенің  домбығуы, 
тері  асты  шеліндегі,  бастағы  табиғи  тесіктердің  кілегей  қабығындағы, 
медиастеналды дәнекер ұлпада, плевра және  эпикард астындағы, сирек 
құрсақ  қуысы  ағзаларында  көптеген  қанқұйылымдары  өзгерістері 
өздеріне назар аудартады. 
 
 
 
 
 
 
Механикалық  асфиксиядан  басқа  жануарлардыңм  обтурациялық 
асфиксиясы да кездеседі, оның себебі дем алу мүшелерінің үлкен қатты 
немесе  жұмсақ  бөгде  заттармен,  құсқанда  азық  қалдықтарымен, 
аспирациялық  сұйықтықпен  немесе  ринитте,  фарингитте,  ларингитте, 
трахеитте,  брохитте,  бронхопневмонияда  қабынудан  пайда  болған 
эксудаттармен  бітелуінен  де  асфиксия  туындауы  мүмкін.  Осы  тектес 
барлық  жағдайларда  асфиксия  оттегінің  жеткіліксіздігінен  немесе 
мүлдем  келмеуінен  туындайды,  нәтижесінде  өкпенің  домбығуы  немесе 
жіті  іркілмелі  гиперемия  дамиды.  Обтурациялық    асфиксия  кезінде 
өлекседегі  негізгі  өзгерістер  механикалық  асфиксия  кезіндегідей,  тез 
арада  өлім  тудырған  жалпы  белгілермен  және  тыныс  алу  жолдарында 
бөгде заттар болуымен сипатталады. 
 
 
 
 
 
 
Механикалық  немесе  аспирациялық  бронхопнемонияға  жеке 
тоқталып  өту  қажет,  өйткені  жануар  өкпесінің  басқа  да  қабынулары 
тәрізді  асфиксия  көріністерімен  өлім  тудыруы  мүмкін,  дегенмен  бұл 
ауруды 
механикалық 
әсерден 
туындаған 
асфиксия 
деп 
аз 

 
110 
қарастырылады.  Механикалық  немесе  аспирациялық  бронхопневмония  
бөгде  денелердің  бронхтар  мен  бронхиолаларға  аспирациясы 
нәтижесінен туындайды. Бөгде денелердің аспирациясы әртүрлі шарттар 
әсерінен болуы ықтимал. Бұндай жағдайларда бөгде денелер болып азық 
массалары,  әртүрлі  дәрілік  заттар  табылуы  мүмкін.  Азық  қалдықтары 
көбінесе  ірі  қара  мал  әлсізденіп  жатып  қалғанда  аспирацияланған  азық 
массалары,  әртүрлі  дәрілік  заттар  дұрыс  берілмегенде  түседі.дұрыс 
енгізілмеген дәрілік заттар жұтқыншаққа түспей кеңірдекке пен көмейге 
түсіп брохының майда тармақтарына жетеді. Осы және өзге жағдайларда 
аспирациялық  септистік  бронхопневмония  дамиды.  Осыдан,  дамыған 
бронхопневмония  және  септикалық  жағдай  нәтижесі  ретінде  екіншілік 
асфиксия қайтара туындайды.  
 
 
 
 
 
 
Соттық-ветеринариялық 
тәжірибеде 
аспирациялық 
бронхопневмонияны  өлгеннен  кейін  кеңірдек  пен  бронхыларға  бөгде 
заттардың  немесе  тірі  ағзалардың  (паразиттер  және  т.б.)    енуінен 
ажырату  керек.  Жануар  өлгеннен  кейін  өлексе  газдармен  қатты  ісінген 
кезде,  азық  массалары  асқазаннан  кеңірдек  пен  бронхыларға  түсуі  жиі 
кездеседі.  Бұндай  жағдайлардың  барлығында  тек  өкпеде  бөгде 
заттардың  болуы  аспирациялық  бронхопневмонияның  болғанын 
дәлелдей алмайды. Сарапшыға  азық массаларын немесе түскен басқа да 
бөгде заттарды абайлап алып, бронхтардың  кілегей қабығына және өкпе 
ұлпасына  мұқият  қарау  керек.  Егер  бронхтардың    кілегей  қабығында 
және  өкпеде  қабыну  үрдістері  байқалған  жағдайда  аспирациялық 
бронхопневмонияға диагноз қоюға болады.  Егер азық массалары немесе 
бөгде  заттардың  аспирациясы  жанталасу  алдындағы  немесе  жанталасу 
кезеңінде  байқалса,  онда  бұндай  жағдайларда  өкпеде  қабыну  үрдісі 
болмайды, 
тек 
бронхтардың 
 
кілегей 
қабаттары 
қатты 
гиперемияланғандығы  белгіленеді.  Бұл  кезде  белгіленген  құбылыс 
жанталасу  алдындағы  немесе  жанталасу  кезеңдегі  азық  массаларының 
немесе басқа да заттардың аспирациясы деп бағаланады және көпшілік 
жағдайда  жануар  өлімінің  негізгі  немесе  анықтаушы  себебі  бола 
алмайды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Басқа да өкпенің қабыну жағдайларында асфиксия өлімнің тікелей  
себебі  ретінде  этиологиялық  факторлар  табиғатына,  қабыну  сипатына 
және  қабыну  ошақтарының  көлеміне,  жүрек-қантамыр  жүйесінің 
жағдайына  және  организмнің  қорғаныш  күшіне  байланысты  болады. 
Өкпе  жіті  зақымдалған  жағдайда  газ  алмасудың  бұзылуынан  және 
интоксикация  әсерінен  жануар  асфиксиядан  өледі.  Аталмыш  жағдайда 
өкпенің  қабынуы  жануар  өлімінің  негізгі  немесе  анықтағыш  себебі 
болып  табылады.  Патологоанатомиялық  жарып-сою  кезінде  өкпе 
қабынуының және асфиксия белгілерін атап өтеді.    
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет