Сатир - ауылдық жерлерді мекендейтін ұсқынсыз құбыжық. Жартылай адам,
жартылай ешкі. Денесін қалың түк басқан. Халықтың дәстүрлі түсінігі бойынша,
Сатир интим мәселелеріне қатты қызыққан.
Гоплит - гректің ауыр қару-жарақ асынған жаяу әскері. Негізінен, дәулетті тап
өкілдері, себебі гоплиттер өздерін-өзі жабдықтауы тиіс болған.
Демон - бурые іс жасағанда іштен үн қататын дауысқа Сократтың берген атауы.
Дельфилік сәуегей - Дельфиде гректер үшін маңызы зор Аполлон құдайының
ғибадатханасы орналасқан. Осындағы абыз-әйел өзіне Құдай жіберген хабарлар-
ды адамдарға жеткізіп отырған.
Мәдени бастаулар
Сократтың жастық шағында Афина өзінің байлығымен, жоғары даму деңге-
йімен және қуаттылығымен даңқы шықты. Афинаның саяси құрылымы де-
мократиялық болды, қаланы әлеуметтік белсенді ақсүйектер басқарды. Ха-
лық барлық дау-дамайды түрлі соттарда шешті. Судьялар жеребе бойынша
сайланды, сондықтан шешен сөйлеудің маңызы өте зор еді. Б.д.д. V ғасырда
Сократ пен Платон: от пен күн
17
адамдарды иландыру өнерін насихаттаған жиһанкез устаздардан құралған
ерекше әлеуметтік топ аса танымал болды. Олар софист - жастарды саяси
өмірге дайындайтын кәсіби оқытушы ретінде белгілі еді. Софистер өз шебер-
лігін кейде белден баса отырып та қолдана алатын. Жалпы алғанда, олар
дінге, моральдық қағидаларға немесе өмірлік философиялық көзқарастарға
немқұрайды қарады. Софист Протагор: «Адам - барлық заттардың, тіршілікте
бардың - бар екенінің және тіршілікте жоқтың - жоқ екенінің өлшемі», - деп
үйретті. Адамдар оны «ешқандай тәуелсіз ақиқат болмауға тиіс: бір адам-
ның пікірі қаншалықты дұрыс болса, екінші адамның пікірі де соншалықты
дұрыс» деген мағынада тусінді. Сократ софистермен келіспеді және олармен
сөз майданына түсті. Ол үшін адамгершілік ұстанымдар қашанда маңызды
болды. Ол лайықты азаматтар тәрбиелеуге тырысты.
Платон сұхбаттарындағы Сократ тұлғасы
Сократ бізге өзінің ешбір жазба жұмысын қалдырған жоқ. Қолымызда ұлы
философ туралы мәлімет беретін екі дереккөз бар. Біріншісі - «Сократ өз
идеяларымен афиналық жастарды азғындатты» деген айыпты алып тастауға
тырысқан, өте қарапайым өмірлік көзқарастарға ие Ксенофонттың естелік-
тері. Келесі дереккөз: дарынды жазушы және философиялық жүйені алғаш
құрушылардың бірі - Платон. Платонның еңбектері бізге сұхбаттар жиын-
тығы ретінде жетті. Ол сұхбаттарда екі адам философия жайлы пікірлесе-
ді. Сұхбатқа қатысушылардың бірі Сократ болып шығады. Дегенмен Платон
жазған мәтіннің қай бөлігінде Сократ ілімі баяндалып, қай жерінде Платон-
ның өз пікірі берілгенін дәл анықтау қиын. Ертеректегі сұхбаттарда Сократ
ілімі тікелей берілген. Ал кейінгі сұхбаттарда Платон ұстазының ілімін кейінге
ысырып, өз ойларын баяндауға кіріскен делінеді.
Ойлары
Сократ «ізгілік - бәсты құндылық» деген пікірді ұстанды. Ешқандай сыртқы
себеп адамды ізгіліктен айыра алмайды. Сократ бұ дүниелік байлықты елең
қылмады. Ол рухани дүниеге қатты қызықты. Сократ әрдайым өзін надан
адаммын деп санады; ол ештеңе білмейтінін білгендіктен ғана басқалардан
ақылдырақ болды. Бірақ Сократ білім іздеу басқа нәрсенің бәрінен әлдеқайда
2-263
18
маңыздырақ және білім жинау жолы арқылы ғана адам ізгі және қайырымды
бола алады деп есептеді. Ол сұрақ және жауап әдісін (бұл «диалектика» деген
атаумен белгілі) қолдана отырып, жаңа білім іздеді. Сократ еске түсіру арқы-
лы таным қалыптастыруға үйретті. Бұл ілім бойынша, біз өлмейтін жанымыз-
дың бұрынғы өмірінде игергендерін есімізге тусіру арқылы білім жинаймыз.
Сократ «құндылық», «әділет», «ақиқат» және «әдемілік» сияқты ұғым-
дардың ақиқат мәнін сұрақ-жауап әдісінің көмегімен табуға тырысты. Фило
соф мүлде бұрыс пайымдарды әшкерелеуден тіпті де қорықпады. Басқалар-
дың қате пікірлеріне ымырасыздықпен қарауы оның беделін арттыра қойған
жоқ. Алайда ойшыл бұған мән бермеді. Логика осы кезеңде өз дамуының
алғашқы сатысында ғана еді. Бірақ Сократ өз пікірлеріне қарсы дәлел айтқан
адамды білім-білігімен оп-оңай жеңіп кете алатын.
Сократтың басты пайымы: ізгілік - білімнен, дұрыс іс-әрекет рационал-
ды түсінуден туындайды. Барлық адам ізгілікті қалайды. Ал олар жасайтын
кез келген зұлымдық олардың ізгіліктің не екенін білмеуінен пайда болады.
Сократ өзінің ештеңе білмейтінінен басқа ештеңені білмеймін деп есептеді.
Өзінің негізгі міндеті - білім беру емес, барша адамды өз пікір-пайымдарын
сыни бағалауға, сол қорытынды бағалар ақыл-ойдан туындамаған жағдайда
олардан бас тартуға жетелеу деп санады.
Сократгың өлімі
Спартамен соғыстағы жеңілістен соң орныққан олигархия кезеңінен кейін,
б.д.д. 399 жылы Афина демократиясы қалпына келді. Қайта жаңғырған де-
мократияның саяси көшбасшылары Сократты сотқа берді. Тағылған айып,
ең алдымен, саяси себептерден туындағаны күмәнсіз. Сократ саяси сәтсіз-
діктердің бірқатарына жауапты болған Апкивиадтың да, олигархтар ішіндегі
ең қаталы Критийдің де устазы еді. Айыптаушылар Сократ сотқа қарамай,
Афинадан өз еркімен кетіп қалады деп кутті. Бірақ философ Афинада қалды
және сотта өзін-өзі қорғады. Алқабилердің көпшілік даусымен Сократ өлім
жазасына кесілді. Дәстүрге сәйкес, ол балама үкім ұсынуға құқықты болды.
Бұл жағдайда қомақты айыппұл төлегені немесе өзін Афинадан қуу туралы
үкім шығарушылармен келіскені әлдеқайда жөн болар еді. Оның орнына Сок
рат өліи жазасын адамның күлкісін келтіретіндей аз мөлшердегі айыппұлмен
алмастыруды сұрады. Мемлекеттің діни салтына сәйкес, жазаны орындау бір
ай мерзімге ысырылды. Сократ қашуға көмектескісі келгендерді де тыңдаған
жоқ. Оның бұ дүниедегі өмірінің соңғы күні Платонның «Федон» сұхбатында
Сократ пен Платон: от пен күн
19
баяндалған. Сократ ол күнді достарымен жанның иәңгілік екені, өлмейтіні
туралы пікірталас жүргізумен өткізді. Түрме қарауылы әкелген уды философ
асықпай ішіп, қайтыс болды. Оның соңғы сөзі мынадай: «Критон, біз Аскле-
пийге бір тауық қарызбыз. Берсеңдерші енді, ұмытпаңдаршы».
Олигархия - шағын адамдар тобы немесе бірнеше ықпалды отбасының қолын-
да шоғырланатын биліктің саяси құрылымы. Олигарх - осындай үкіметтің мүшесі.
Отыз - Афинаны Пелопоннес соғысындағы жеңілісген кейін басқарған отыз ти-
ранның (олигархтың) кеңесі, Спартаны жақтайтын үкімет. Отыз тиран деспотизм-
мен және адамдарды қисапсыз қырып-жоюмен әйгілі болды. Олардың билігі б.д.д.
404-403 жылдар арасында құлатылып, демократия қалпына келтірілді.
Алкивиад - демократиялық көзқарасты үстанған афиналық әскербасы. Оның
Сицилияға әскери жорығының салдарынан Афина қаласы қирады. Алкивиадқа
«Гермес қүдайдың мүсіндерін аяқасты етті» деген айып тағылды (Герместің мүсі-
ні қаланың көптеген жерлерінде қойылған болатын және ол - күш-қуат пен мол
өнімнің кепілі саналатын). Алкивиад өзінің ескі жауларына - Спартаға қашты,
кейінірек Афинаға қайтып оралды. Ол қуғында жүріп, кісі қолынан мерт болды.
Критий - афиналық саясаткер және Платонның ағасы. Ол Отыз тиран кеңесінің
мүшесі болды.
Сократтың ақиқатқа ұмтылуы
Сократ өз даналығын жоққа шығарды. Оны адамгершіліктің негізі не екені
қызықтырған жоқ, бірақ өз сұхбаттастарымен бірге адасқан ойлардың аста-
рындағы жасырын ақиқатты табуға тырысты. Философ объективті ақиқаттың
бар екені жайлы ой-пікірден шабыт алды. Сократ адамның дұрыс әрекетінің
негізін қалайтын білім ғана екеніне және адамның жақсы өмірі ненің дұрыс-
тығын білуге байланысты екеніне сенді. Сократ интеллектуалдық мұқиятты-
лықтың, ақиқатқа адалдықтың үлгісі болды.
Түйін
Сократ ғылыми жаңалықтарға қарағанда, этикалық мәселелерге көбірек қы-
зықты.
Сократ ұсынған үлгі (немесе диалектикалық әдіс) логикалық сенімділік
пен анықтамалардың дәлдігін сақтауға көмектесе алады. Алайда бұл әдіс ма-
ңызды емес мәселелерде ұсақ-түйек нәрселерге орынсыз шұқшиюға үрын-
дырады. Адамдар өз ұстанымдарын қорғауға тырысатындықтан, белгілі бір
20
жағдайларда осының бәрі пікірталастарға және қарсы сөз айтуға итермелей-
ді. Сонда, сіздің ойыңызша, жаңа фактілерді қалай зерттеу керек? Ол үшін ең
қолайлы әдіс-тәсіл қайсысы?
Сократ анықтаманың (мәннің анықтығының) ерекше маңызын атап көр-
сетті. Барынша тиянақты анықтамалар жасаған кезі сирек болса да, ол, не-
гізінен, этикалық ұғымдарға анықтамалар іздеумен айналысты. Неге? Сіз
біреумен адамгершілік мәселелерін талқылап, дауласқан кезде білім алуға
емес, басқалардың ойының қате екенін (және сіздің жеке пікіріңіздің дұрыс-
тығын) дәлелдеуге көбірек мүдделісіз.
Сократтың көзқарасы бойынша, ізгілік дегеніміз - білім. Бул ақиқат тұ-
жырым ба? Кез келген жағдайда қалай әрекет ету керек екенін, ол әрекеттің
нақты қандай болатынын алдын ала білуге бола ма? Тіпті бұл әрекет өз мүд-
десіне қайшы келіп жатса да, ізгі адам дұрыс әрекет етуге тырысқаны жөн
бе?
Платонның үш сұхбаты
Ұлы адамның адамдарға нені және қалай үйреткені туралы қандай да бір
түсінік беру үшін біз Платонның Сократ туралы үш сұхбатына қысқаша шолу
жасаймыз. Олардың бәрі - Платонның алғашқы сұхбаттары. Олар Сократтың
ойларына негізделген секілді. Кейінгі сұхбаттар Платонның өз пайымдарына
көбірек ұқсайды. (Ескерту: бұл қысқаша шолу Платонның түпнұсқа шығарма-
ларын оқудың баламасы емес.)
Менон
Менон Сократтан ізгілікке қалай жетуге болатынын сұрайды. Менонға сұрақ қоя
отырып, Сократ оның не айтқысы келетіні түсініксіз екенін байқайды. Менон «із-
гілік» сөзінің өзін осы ұғымның мағынасын көрсету ушін қолданады, жекелеген
мысалдар келтіріп қана қояды немесе анықтамаларды қайталай береді.
Сократ: «Адам не туралы білгісі келетінін білмесе, нені сұрау керек екенін қайдан
біледі?» - дейді. Ол: «Адам жаны өлмейді, жанның көшуі барысында біз ғалам
туралы білім аламыз», - деп болжам жасайды. Осылайша бұ дүниедегі білімі-
міз - жанымыз болған кезімізде білгендеріміз туралы естеліктерімізді ояту болып
шығады. Сократ ізгілік - білім болған жағдайда ғана танылады деген қорытынды
жасайды. Алайда ізгілік пен адамгершілікке үйретуге қабілетті ұсгаздар жоқ. Із-
гілік - Қүдайлар жіберетін сый.
Сократ пен Платон: от пен күн
21
Горгий
Сократ пен Горгий нанымды сөйлеу өнері жайлы пікірталас жүргізеді. Сократтың
пікірінше, шешен өзінің не туралы айтып тұрғаны жайлы білмесе, мұны надан-
ның наданды үйретуінің мысалы деп айтуға әбден болады. Егер адам әділеттілік
туралы айтса, оның әділет туралы түсінігі болуы тиіс. (Риториканың сотта ұста-
нымды дәлелдеу үшін қолданылғанын ұмытпаңыз; әділеттілікке қызығушылық
осыдан туындайды.) Сіз әділеттілік туралы білетін болсаңыз, сіз - әділсіз; демек,
әділетсіздікке төзе алмайсыз. Егер кімде-кім әділетсіздікке жол берсе, ол не ту
ралы айтып тұрғанын білмей сөйлейді. Адамдардың бәрі қандай да бір игі ниет
үшін әрекет етуге тырысады. Егер олар ізгіліктің не екенін толық білмей әрекет-
тенетін болса, өздері қалаған ізгілікті жасай алмайды. Біз бұрыс іс жасасақ, оны
зұлымдық істегенімізді білмегеніміздің нәтижесінде жасадық. Осыдан шығатыны:
жаман әрекет үшін берілетін жазаның мақсаты - түзеу болуы тиіс. Жазадан құты-
лып кеткеннен гөрі, өз әрекеттерің үшін жазаланғаның дұрыс. Сократ шешендік
өнер адамдарды әділетсіздіктің не екенін түсінуге ұмтылдырып, одан айығу үшін
қолдану қажет дейді.
Калликл болса, әділеттілік - күштінің үстанатын ережесі деп ойлады; ал Сократ
даналық - нағыз күш дейді. Калликл кез келген данагөй бұ дүниедегі игіліктер-
ден рақаттануға ұмтылады деп түжырымдайды. Сократ рақат пен аурудың ізгілік-
пен және зұлымдықпен бірдей еместігін көрсетеді.
Апология
Дельфилік сәуегей Сократты өз заманының асқан данагөйі деп жариялады. Сок-
раттың айтуынша, егер ол басқалардан ақылдырақ болса, бұл - өзінің білімсіз-
дігінің деңгейін білгендіктен ғана. Платон жазған бұл сүхбат ақыры өлім жаза-
сымен біткен айыптауларда Сократтың өзін қалай қорғағанын көрсетеді. Сократ
өзі турал жалған қауесет таратқан, бүған сенбейтін, өздерін данамыз деп есеп-
тейтіндер - оларға даналықтың кәдімгідей жетіспей тұрғанын өзі көрсете алған
адамдар деп тұжырымдайды. Ол өзі араласып жүрген адамдарды (жастарды) аз-
ғындату өте ақымақтық болар еді дейді, өйткені қатыгез және жемқорлыққа бат-
қан адамдар өзімен достасқандарға да аз зиян тигізбейді. Сократ: «Мемлекетті
әлсіз де қорғансыз күйге түсірген мен болсам, ол қалай әлі өмір сүріп жатыр?» -
деп сұрайды. Сократ мемлекеттегі ең мазасыз адам ретінде марапатталуы керек
еді. Өлім жазасына кесілген бойда-ақ Сократ: «Адам өлімнен қорықпауға тиіс, -
деді, - себебі өлім дегеніміз - тәннің жойылуы, ал одан қорқудың қажеті жоқ.
Басқаша айтқанда, өлім деген тыныштық әлеміндегі өзгеріс болса, онда біз игі
жандардың ортасында өзіміздің бар болуымызды жалғастырамыз.»
22
Платон
Сократ өз философиялық еңбектерінде өз пікірін айтудан гөрі өзгелердің пі-
кірін сынауға бейім еді. Платон осы кеңістікте қалып қойған жоқ. Ол өз фило-
софиялық жүйесін қалыптастырған алғашқы ойшыл болды.
Өмірі
Платон шамамен б.д.д 427 жылы Афинаның маңында, ақсүйектер отбасында
дүниеге келді. Ол демократиялық үкіметті сынға алды, «кеме-мемлекетті»
басқару үшін мықты билік керек деген саяси көзқарас ұстанды. Шамасы, осы-
ның бәрін Платон ақсүйек тегінен шыққандықтан емес, аянышты халге түскен
және қираған демократиялық үкіметтің тұсында өмір сүруге тура келгенінен
пайымдаған болар. Бізге жеткен деректер бойынша, Платон мығым азамат
болған. Ол Пелопоннес соғысының соңғы бірнеше майданында шайқасқа түс-
кен сияқты. Ол әуелі поэзияға, сурет өнеріне, әдебиетке құмар болды, бірақ
уақыт өте оның шығармашылыққа ұмтылысы басылып қалды.
Платон - Сократтың шәкірті. Ол саясатпен айналысуға тиіс еді, бірақ
оның жас кезінде Афина олигархиясы саясатта қуғын-сүргін және зорлық-
зомбылық жолын ұстанды. Осы жай болашақ ойшылдың ойын өзгерткен бо-
луы да мүмкін. Сократты қайта өркендеген демократия билігінің өкілдері өлім
жазасына кескен соң, Платонның саясаткерлерге сенімсіздігі бұрынғыдан да
күшейе түсті. Ол Сократтың сотына қатысты және оны өлім жазасын қомақты
айыппұлмен алмастыруға көндіруге тырысты. Платон тіпті Сократ үшін айып-
пұл төлеуге де дайын болды. Ауырып қалғандықтан, ол ұстазымен бақұлдаса
алмады.
Сократ өлімінен кейін Платон көп саяхаттады, басқа философтарды оқы-
ды, ақыр соңында Афинаға қайта оралды. Есейген шағында ол Италия мен
Сицилияға аттанды. Сиракузада Платон жергілікті тиранның отбасымен ке-
ліспей қалды. Олар Платонды жазалап, құлдыққа сатты. Кейінірек ақша тө-
леп азаттық алып, Платон қайтадан Афинаға оралды. Осы жерде ол Еуропа-
дағы алғашқы университет - Академияның негізін қалады.
Платонның негізгі мақсаты - мемлекет қайраткерлері мен билеушілеріне
білім беру еді. Оның оқу бағдарламасы бірден пайда беретіндей ғана емес,
келешегі кең, көлемді болды. Академияда философия, математика, астроно
мия, физика ғылымдары және шешендік өнер оқытылды. Платон адамның өзі
Сократ пен Платон: от пен күн
23
үшін білімге қүныға ұмтылуын қолдап отырды. Платонның ойынша, осындай
білім алған билеуші усақ адам болмайды, Керісінше, ондай билеуші мәңгі
және бұлжымас ақиқаттарға сүйену арқылы қорқынышсыз әрекет ететін, өзі-
не сенімді саясаткер болар еді. Платон Академияда дәріс оқыды, ал шәкірт-
тері оның ойларын жазып алып отырды. Бұл дәрістер еш жерде жарияланған
жоқ, жоғалып кетті. Оның біздің заманымызға жеткен сұхбаттары жарық көр-
ді және көпшілік оқырман игілігіне айналды. Платонның ең белгілі шәкірті -
Аристотель, ол Академияға б.д.д. 367 жылы оқуға түсті.
Платон Сиракузаға одан кейін де екі рет барды. Ол Сиракузаның жаңа
билеушісіне ықпал ете аламын деп үміттенді. Бірақ оның «патша-философ»
тәрбиелегі шығару туралы арманы жүзеге асқан жоқ. Платон б.д.д. 347 жылы
Афинада дүниеден өтті. Ол үйленбеген деседі.
Өмір шежіресі
(Барлық даталар - б.д.д.)
427 жыл - Платон дүниеге келді
422 жыл - Аристофан «Соналар» туындысын жазды
407 жыл - Платон Сократтың шәкірті атанды
406 жыл - Платон әскери қызметте
404 жыл - Пелопоннес соғысы аяқталды
400 жыл - Гиппократ өзінің медициналық трактаттарын жазды
399 жыл - Сократ дүниеден өтті
399 жыл - Платон Грекиядан тыс елдерге саяхаттады
395 жыл - тағы бір әскери қызмет
388 жыл - Платон Италияда және Сицилияда болды
387 жыл - Платон Академияның негізін қалады
367 жыл - Аристотель Академияға түсті
367 жыл - Сиракузаға сапарлары
347 жыл - Платон дүниеден өтті
Еңбектері
Сократтың өліміне қатысты ұстанымы
Платон философияның метафизика, эпистемология және саясат философия-
сы бөлімдеріне елеулі үлес қосты. Осы салалардың бәрінде Платонға Сократ-
тың ілімі қатты ықпал етті. Платон демократия ұғымына мүлде сенген жоқ.
24
Демократия өкілдерінің Сократты аяусыз жазалауы оған үлкен соққы болып
тигені анық. (Платон терістеген саяси жүйені сипаттау үшін біз «демагогия»
сөзін көбірек қолданамыз.)
Метафизика - болмысты бар болу тұрғысынан зерттеу; бар нәрсенің мәні тура-
лы пайымдаулар; алғашқы себептер мен принциптерді зерделеу; бізді қоршаған
нақты дүниені рационалды тану; адамды қоршаған заттар, олардың тереңдігі
мен мәні туралы рационалды білім.
Эпистемология - философияның таным тарихын, әдістері мен принциптерін
зерттейтін бөлімі.
Демагогия - танымалдық пен билікке ие болуға қол созып, көпшіліктің көзсіз
сенімін пайдаланатын саясаткерлердің ісі. Бұл әрекет көпшілікті өз маңына тез
топтастыруға мүмкіндік береді немесе тобыр билігі сияқты қубылыстың пайда
болуына да әкеліп соғады.
Демократия - халық билігі. Осы заманғы демократиялық мемлекеттерде көпші-
ліктің билігі тұлғаға құрмет, азшылықтың құқығы, құқықтарға және міндеттерге
тікелей байланысты еркіндік, теңдік, соттың бейтараптығы, барлық деңгейдегі
парасатты келіссөздер, заңның билігі, мемлекеттік биліктің білікті мамандардан
құралған өкілетті органдары, конституционализм - мемлекеттік билікті шектеу
секілді маңызды принциптердің көмегімен жүзеге асады.
Өзгермелілік және тұрақтылық
Платон заттардың өздігінен белгілі болып тұруына мүмкіндік беретін тұрақ-
ты, мәңгі тиянақты болатын әлденені құштарлана іздеді. Оның айналасында-
ғының бәрі үнемі қозғалыста болып, өзгеріп отырды.
Жазушы Гераклит (б.д.д. 550-480 жылдар шамасы) дүниенің өзгерме-
лілігін: «Болған нәрсе сол қалпында қайталанбайды. Мәңгі тірі нәрсе ғана
тұрақты болған», - деп көрсетті.
Парменид (б.д.д. 540-480 жылдар шамасы) сезімдер алдамшы деп тұ-
жырымдады. Ақиқат болмыс қана - біртұтас. Ол барлық жерде бар. Ойлауға
болатынның бәрі өмір сүруі тиіс, себебі нақты объектісіз ой жоқ. Егер қандай
да бір зат немесе құбылыс туралы ойлауға болатын болса, онда бұл зат неме
се құбылыс мәңгі өмір сүруі тиіс. Дүниеде қайтадан қалыптасатын, өзгеретін
және мәңгілікке жоғалатын ештеңе болған жоқ.
Менің тіземдегі тыртық кішкентай кезімде құлап қалған соң пайда болды.
Содан бері денем өсті, бірақ тыртық қалды. Неге? Платон заттардың өзгерме-
лілігін қабылдауды олардың тұрақтылығын дәлелдеумен үйлестіруге тырысты.
Сократ пен Платон: от пен күн
25
Үңгір аллегориясы
Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы терең ойлағанда, со-
ларды өзіміздің ақыл-ойымызбен игергенде ғана түсінетінімізге сенімді бол-
ды. Бұл біршама қиын шаруа және аз ғана уақыт ішінде жузеге асыру мүмкін
емес. Платон нақты дүние біздің қабылдауымыз бен түсінуімізден сыртқары
жатқанын көрсеткісі келді. Платонның ойынша, адамдардың басым көпшілі-
гіне қоршаған ортаны алғашқы сәтте қалай байқаса, сол күйінде қабылдау
дағдысы тән. Платон мұны қанағат тұтпады. Ол қарапайым адамның әдеті
саналатын қандай да бір объектінің сыртқы қасиеттерін бейқам да үсгірт қа-
былдау дағдысы мен философтың әдісі саналатын нақты дүниенің мәні ту
ралы терең пайымдау дағдысы арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге
ұмтылды. Платон хикаяны баяндады. Кейде ол «игі өтірік» деп көрсетіледі.
Бұл - осы хикая қоспасыз шындық емес, бірақ жағдайдың қалай болғанын
көрсетеді деген сөз. «Үңгір аллегориясы» деген осы.
Платон адамдардың көбі үңгірдегі адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар
үңгірдің артқы қабырғасына қарайды. Адамдардың артында аласа қабырға
бар. Заттардың бәрі соны жағалай орналасқан. Осы аласа қабырғаның арғы
жағында от жанып тұр. Үңгір қабырғасына қарсы отырған адамдар не көре-
ді? Олар үңгірдің артқы қабырғасына осы заттардан түскен көлеңкені көреді.
Бірақ бұлай емес қой. Заттардың қандай екенін көру үшін адам күн сәулесі
түсіп тұрған жерге шығуға тиіс. Бірақ біздің жарыққа шыққымыз келе ме?
Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар сыртқа шығуға
қорқады. Өздеріне салсаңыз, олар аса жайлы жерде отыр. Оларға нақты дү-
ниенің сыртқы белгілері жеткілікті. Олар заттарды шынайы күйінде көргісі
келмейді. Олар көздеріне күн сәулесінің шағылысқанын қаламайды. Нақты
дүниенің сыртқы белгілерін қабылдау мен олардың шынайы мәнін саналы
түрде үғыну үшін өмірін сарп етуге дайын философтар ғана - тіпті өздері
алғашқыда елестеткендей болмаса да, жарқыраған Күн астында әлемді өз
бейнесінде көретін адамдар.
Адом қайдан біледі?
Платонның қалыптасуына түрлі нәрселер ықпал етті. Оны ежелгі грек
әлемінің тылсым діни жүйелері шабытқа бөледі. Ол математиканы қатты
құрмет тұтты. (Сол кезде мистика мен математика тығыз байланысты деп
есептелді). Платон нақты дүние - мәңгілік, уақытпен шектелмеген, ал оның
өзгермелілігін қабылдау иллюзия ғана деп сенді. Сократтың ықпалымен ол
26
этикаға қызығып, дүниені оның себептері тұрғысынан еиес, мақсаттарымен
байланыстыра отырып түсіндіруге тырысты. Адам интеллектуалды және
адамгершілікке үндейтін ғылымдарды үйлестіру арқылы ғана ізгілікті танып-
біле алады.
Философтың маңыздылығы
Бұл пікірлер Платонды «ең жақсы мемлекет тұрақты және жан-жақты бо-
луы тиіс: ізгілік пен нақты дүние уақыттан тыс, мәңгілік» деген қорытындыға
әкелді. Ең озық билеуші - мәңгілік ізгілікті ұғынған адам. Осыны игерген адам
ғана мемлекетті басқаруға атсалыса алады. Мемлекет билеушілеріне білім
беру ұзақ уақыт, жан-жақты және мұқият жүргізілуі тиіс. Оған математиканы
енгізу қажет, себебі онсыз даналық жоқ. Даналық адамның бойына біртіндеп
сіңіріліп, мемлекетті дұрыс басқаруға қабілетті етеді. Даналыққа жетуде бос
уақыт маңызды рөл атқарады. Адам күн көру үшін ақша табумен айналыса-
тын болса, ойланып, пайымдауға уақыты қалмайды.
Жанның үш бөлігі
Платон адамның жаны үш бөліктен тұрады деп есептеді. Біріншісі - рацио-
налды бөлік, ақыл-ой негізі. Даналық - оның ең басты құндылығы. Екінші -
жандағы рухани, қуатты бөлік, оның ерекше құндылығы - батырлық пен
батылдық. Үшіншісі - адам жанының қалауын қанағаттандыруға ұмтылатын
бөлік. Оның басты құндылықтары - ұстамдылық және бағыныштылық.
Плотонның «Идеялор теориясы»
Платонның ұлы еңбегі «Мемлекеттің» негізгі бөлігі философиялық пайым-
дарға толы. Платонның басты тұжырымы - философтар билік басына келме-
йінше, мемлекет мамыражай өмір суре алмайды. «Мемлекет» - Платонның
кейінгі еңбегі. Мұндағы ойлардың біразын әу баста Сократ айтқанымен, бұл
еңбек Платонға тиесілі идеялардың жиынтығы деп саналады.
Философқа «ақиқатты көру үшін өмір сүретін адам» деген анықтама бе-
рілген. Ол әдемі заттарға, ізгі істерге немесе әділ әрекеттерге сүйсінбейді,
бірақ абсолютті әдемілікті, абсолютті ізгілікті және абсолютті әділеттілікті сү-
йеді. Әдемі заттарды, ізгі істерді немесе әділ әрекеттерді сүйетін адамның пі-
кірі ғана бар, бірақ білімі жоқ. Ненің бар, ненің жоқ екені туралы пікірдің қате
|