15
Зерттеу әлеміне тереңдеу
Әрине, зерттеуді бастағанда әрбір адам жүрексінеді. Саналы түрде аңғар-
масаңыз да, зерттеу жобасын әзірлеу кезінде білім алу сапарында жаңа сатыға
көтерілесіз. Бұған деи�ін білім тұтынушысы болып келген едіңіз. Енді жеткі-
лікті ақпаратты есте сақтап, өңдеп, синтез жасауды үи�рендіңіз. Бұл дағдының
арқасында әрбір ақпаратты талдап, тіпті оны сын тезінен өткізе де аласыз.
Зерттеу жүргізу – мүлде жаңа әлем. Себебі ендігәрі сіз білім тұтынушыдан білім
өндірушіге аи�наласыз. Ақиқатты тауып, өзгеге жеткізе алатын тұлға боласыз.
Жаңа дағдының арқасында білігіңіз бен жауапкершілігіңіз арта түседі. «Зерттеу
туралы біліп қана қою жеткіліксіз екен, енді өзім де зерттеи� бастауым керек»
деген жаңа мақсатқа ұмтыласыз.
Достарыңызбен бөлісу: