279
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
қолданып дерек жинасаңыз да, процедураларын жобалау оңаи� емес. Сауалнама
құралдарын дұрыс таңдаудың қиын екенін біраз адам біледі. Көп адамнан сұх-
бат алу, оны мұқият талдау қажытып жіберуі мүмкін. Ал бақылаудың күрделі
болғаны сондаи�, соңында қаптаған деректің астында көміліп қалуыңыз ғажап
емес.
Сонымен қатар бастапқы дерек жинау көп уақытты қажет етеді, оған көбі-
несе қомақты қаржы керек болады, жоспарға да бағына бермеи�ді. Белгіленген
уақыт шегі аясында сауалнамаға респондент табу, сұхбат алу үшін қаланың
немесе мемлекеттің әртүрлі жерлеріне бару, ұзақ уақыт жұмсап бақылау жүр-
гізу – мұның барлығы зерттеуді жоспарлаудағы шешім қабылдау процесінде
ескерілуі керек.
Осы қиындықтарды еңсерсеңіз, үлкен олжаға кенелесіз. Қолыңызда дәл
сіздің зерттеу мақсаттарыңыз үшін жиналған дерек болады, ал бұрыннан бар
ескі деректі паи�даланғанда мұндаи� толық мәліметке қол жеткізбесіңіз анық.
Сонымен, осы әдістерді барынша тиімді паи�далану үшін нені білу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: