Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет21/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Сәуле Досжан
23
Жақыптың  мақтанашақ  келіншегі  Қантай  аузының  суы 
құ рып жиылғандарға Хадишаның үйінің сəн-салтанатын, қа-
ла лы жерден көргенін айтып отырды. Зерліқан бəйбіше ке лі-
ні не айта түссін дегендей қой демеді. Өзі базаршылап ал ған-
да рын  дастарқанға  төгіп,  базарлығын  тарата  бастады.  Ке лі-
ні  екеуі  келісіп  алғанындай  Хадишаның  бойындағы  өз ге ріс 
жайында  көрші-көлемге  ауыз  ашпады.  Өздерінше  көз  тиеді 
дегендері. Тек əрқайсысы түнде ғана күйеулеріне айтып, ти-
ген  сүйіншілерін  жеткізді.  Хадишаның  əкесі  мен  кө ке сі  де 
пендешілікпен сол бірдеңемен татардың байын матап ал ған-
дай өздерінше мəз болысты. Бір-біріне айтпаса да, есеп те рі-
нің ойдағыдай шыққанына əрқайсысы іштей се нім ді болды.
Ал, Хадишаның өз есебі өзінде болатын... 
Оның  аңдығаны – Нұрия.  Кеудесін  көтере,  ішін  алдына 
шы ға ра, «Көрдің бе?», – дегендей қайқаң-қайқаң етеді.
Арслан  тоқалының  екіқабат  екенін  естігелі  есі  жоқ.  Не-
гі зі нен өзі балажан адам болса да Нұриядан перзент бол ма-
ған  соң  сыртқа  сыр  бермей  салқынқандылау  жүретін.  Енді 
Хадишаны  отырғызарға  жер  таппайды.  Қабағын  бағып,  ол 
кө ңіл ді жүрсін деп анда-санда əзіл айтып қоятын болды. Ел 
аралап  кеткенде  артына  алаңдап  жүреді.  Бұрынғыдай  Нұ-
рия ның бөлмесіне бара да бермейді. Тапсырмасы болса ма-
ла йы  Мақтымға  айтып,  тамақ  ішкенде  Хадишаны  жанына 
алып отыратын болды.
Нұрия  болса  дастарқан  басында  ері  мен  тоқалдың  жа-
нында  отырғанымен  өзін  артықтау  сезінетіндей.  Өзіне  еш-
кім  айтпаса  да  мырзасының  қарым-қатынасынан  тоқалдың 
аяғы  ауырлағанын  білді.  Өзінен  жиырма  жас  кіші  тоқалды 
зе кі мей ді, түртпектемейді, сонда да сол баласындай «бəле» 
сұп-суық болып жүргені. «Жап-жас болып күндескенді қай-
дан біледі екен?», – деп ойлайтын. «Қазақтардың то қал да ры 
бі рін ші баласын үлкен əйелге береді деп естіп едім. Хадиша 
ханым босанса баласын мен бағармын. Ортамызда өсер», – 
деп іштей үміттеніп те жүретін.


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет