Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет23/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Үлкен үйдегі үрей
нын білсе де қарғап-сілемеді. Қызметші қатынға «Мырзам 
келмей, мен ешқайда көшпеймін», – деді де сырттағы ша-
руаларын тындырып, сол бəленің өзінен де, баласынан да 
ау   лақ деп бір Құдайға тапсырды. Өзінің адалдығы мен еш -
кім  ге  жамандық  тілемейтін  мінезімен  сабырлы  жүріп  ба-
йын күт  ті. 
Баласы қырқынан шығарда Арслан келді артынып-тарты-
нып. Ресей асып келсе керек, керуені жүкті екен. Қайда бара-
тыны жайында бұрынғыдай ақтарылып Нұрияға тіс жар ған 
жоқ болатын. Келген күні қабағы қырындау бай бəй бі ше сі не 
сөйлесуге  ыңғай  бермеді.  Ертесі  де  солай...  арғы  күні  де... 
Төртінші күні баяғы қызметші тағы келді «Мырза сізді ана 
тамға көшсін», – деді», – деп.
Нұрия шыдамай кетті, қонақ бөлмеде демалып жатқан он 
бес жыл отасқан жарының бетіне қарап сөйлеп тастады:
–  Мырзам,  менің  не  жазығым  бар  еді,  сыртқа  шығарып 
жі бе ре тін дей.  Құдай  берсе  мен  де  туар  едім-ау.  Бірақ  мен 
Сізге  адал  емеспін  бе?!  Балаңызды  бағысып,  жаныңызда 
жүре беретін едім ғой. – деп.
Басын жастықтан көтерген Арслан ештеңе деген де жоқ, 
тек  алтын  жалатқан  пенсінесін  көзінен  алып,  əйнегін  қол-
ора ма лы мен сүрте берді. Аздан соң орнынан тұрып сыртқа 
бет те ді. 
Оның үндемегені – Нұрияға тағар кінəсінің жоқ ты ғы нан, 
тоқалға жасар амалының жоқтығынан екені белгілі еді.
Нұрия жер бетіндегі жалғыз жанашырының өзін жа зық-
сыз дан-жазықсыз  үйінен  шынымен  қуып  шыққанын  ұқты. 
Сүйретіліп  жүріп  киімдерін  жиып,  сүйретіліп  жүріп  затта-
рын түйіп бір кезде осы босағаға сонау татар елінен келген 
Нұ рия сұлу шөкімдей боп шығып бара жатты. Қолын бір сер-
меп кетіп қалатын төркіні де алыста. Онда да кім бар дей сің 
мұны қорғайтындай. Баласыз əйел – панасыз əйел. Кү йеу ге 
де қадірсіз, ел алдында да беделсіз. Есік алдындағы қыз мет-
ші лер дің  жер  тамынан  бір  бөлме  тиіпті.  Сол  түні  түнімен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет