г).Жасын және туылған күнін табу.
Оқушының жасын және туылған күнін табу үшін төмендегі амалдарды орындау керек: Туылған айдың реттік нөмірін 100 ге көбейтуді,алынған көбейтіндіге туылған айдың числосын қосуды,алынған қосындыны 2 ге көбейтіп,ол санға 8 ді қосып, сосын 5 ге көбейтуді, алынған көбейтіндіге 4 ді қосып, оны 10 ға көбейтуді сұраңыз.Сосын қазіргі жасыңды 4 ге көбейтіп,алынған санды қағазға жазып беруін сұраңыз. Сіз қағаз да жазылған саннан 444 ді шегеріп, алынған санды оңнан солға екі екіден бөлесіз. Оңнан бірінші екі сан жасыңды,келесі екі сан туылған күнін, соңғы екі сан туылған айды көрсетеді.Бұл қалай?
Жауабы: m - туылған айдың реттік нөмірі, t-туылған күнін, n-жасыңды белгілесек,онда
(((100 m + t)х 2 + 8 )х 5)+ 4 ) х10 + n + 4 = 10000 m +100 t + n + 444
Математикалық ребустар
1. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді.Анықтаңызшы осы жазбаны
а) АВ х А = CCC
Жауабы: 37х3=111
б) МННН- ККК = М
Жауабы : 1000-999 =1
Жылдам есептеу сырлары
1.Екі тетелес сандарды көбейту
Екі тетелес сандарды көбейту үшін :біріншіден ондықтарды көбейту керек,содан кейін ондық разрядта тұрған цифрдай ондықты бірліктердің қосындысына көбейту керек,үшіншіден бірліктерді көбейтіп,алынған көбейтінділердің қосындысын аламыз
13* 14═(1*1)жүздік+(1*(3+4))ондық+(3*4)=182
1*1═1жүздік
1*(3+4)=7ондық
3*4=12
182
23 * 24═(2*2)жүздік+(2*(3+4))ондық+(3*4)=552
2*2═4жүздік
2*(3+4)=14ондық
3*4=12
552
2.200-ден үлкен сандарды көбейту
Мысалдар:
а) 203 * 204═
2*2═4 он мыңдық
2*(03+04)=14жүздік
3*4=12
41412
б)407 * 408═
4*4═16 он мыңдық
4*(07+08)=60 жүздік
7*8=56
166056
Достарыңызбен бөлісу: |