Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


+Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері) айтыңыз



бет110/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

+Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері) айтыңыз.

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға принциптерге) негізделеді:

• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы

мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелейбайланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының

қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті

нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.

• Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады.

Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін

Нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар.

Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені

өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:

- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;

- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;

- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.

• Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ,

барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық

және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс.

Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет сенімге

қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге

ықпал етеді.

• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және

жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау

үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және

бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау,балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.

• Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың,мұғалімдердің, мектептің, білім

беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау

жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы

қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет