Сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесі. Сынып мәдениеті және білім алу ортасын қалыптастыру мақсатын түсіндіріңіз.
Мәдениет – адамның ішкі жан дүниесінің өзгеріп , дамып,жетіліп отыруын аңықтайтын сапалары және қасиеттері. Ендеше, білімді, рухани сапасы жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыратын – мектеп, ал мектептің жүрегі – мұғалім. Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның тапсырысы.
Педагогтің коммуникативті мәдениеті «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қой, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». (К.Д.Ушинский)
Коммуникативтік мәдениет дегеніміз – мәдениет, білім беру алаңында тиімді орнығу үшін, әлеуметтік ортаға тез сіңу үшін, кәсіби іс-әрекетінде өз білімін жетілдіру және өзін дұрыс көрсете алуындағы адамның жүйелік мінездемесі. Коммуникативті мәдениетке жатады: - қоғамдағы мәдениет; - жеке адамның мәдениеті; - кәсіби іс-әрекетінің мәдениеті. Қоғамда информациялық коммуникация - әрекеттестікке, ынтымақтастыққа, түсінісушілікке көп мән береді.Сондықтан да коммуникативті мәдениеттің рөлі қарқынды даму мен адамның қоршаған ортамен ізгілікті қарым –қатынасына баламаланады.Сонымен бірге білім беру саласында педагог тұлғаларға да кәсіби мәдениетінің жоғары болуына талап қояды.Ол дегеніміз:адамилық құндылық, этикалық және адамгершілік жауапкершілігіне қатысты. Коммуникативті мәдениетке сөйлеу мәдениеті мен қарым – қатынас мәдениеті жататындықтан коммуникативті қарым-қатынас әрбір педагогке қажет деп есептеймін.
Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б. Педагогтің мәдени қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы. Кәсіби компоненті:таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базынаның болуы.
Сынып жетекшісінің атқаратын коммуникативтік қызметі: • оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу; • "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату; • оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы; • ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Педагог коммуникативті мәдениетін дамыта отырып өзіне не алады?
Білімділікті, ұсталықты, берекелілікті, жауапкершілікті, және іскер сапаларын яғни, кәсіби білімін жетілдіре алады.
Қазіргі заман талабына сай педагог оқыту –тәрбиелеу барысында коммуникативті мәдениетті іс-әрекет арқылы ғана адами құндылықтарды дамыта отырып жеке тұлғаның бойына сіңіруі қажет. Сонда ғана жеке тұлға мына өзгермелі, өркениетті заман талабына төтеп бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |